Жалпы білім беру пәндері 1 Kul 0101 Мәдениеттану Кредиттер көлемі – 2 (1+1+0), ects кредитында– Пререквизиттер



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі330 Kb.
#139940
1   2   3   4   5

Пререквизиттер - жоқ.


Постреквизиттер - Аналитикалық геометрия, дифференциалдық геометрия және топология.

Оқудың мақсаты: Студенттерге геометрияны оқытудың проблемалық жолдары жайлы қажетті мағлұмат беру. Студенттердің ғылыми көз қарасын және логикалық ойлауын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Планиметрия: негізгі аксиомалар мен теоремалар, көпбұрыштар (призма, пирамида, қиық пирамида, параллелепипед), конус, қиық конус, цилиндр және шар. Есептрдің негізгі типтері.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Терминологияны біледі

Істей алуы: Логикалық ойлаудың жоғары деңгейге жеткізе алады.

Біліктілігі: Алған білімдерін педагогикалық үрдісте қолдану және ғылыми әдебиеттерді оқу дағдылары қалыптасады

Компетенциясы: Өзіндік зерттеу облысында білімін көрсетеді.

Бағдарламаның жетекшісі:ф.-м.ғ.к., доцент Ф. Вильданова

3

TCh 0203

Сандар теориясы

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.


Пререквизиттер – «Математикалық талдау», «Алгебра-1,2», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика».


Постреквизиттер жоқ.

Оқудың мақсаты: Студенттердің маман ретінде болашақ қызметінде орын алатын әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды үйренуге және болжам жасауға мүмкіндік беретін математикалық әдістемелерді меңгеруге жәрдемін тигізу; өз жұмысын жетілдіру жолында ғылыми-ізденіске талпынысын дамыту.

Қысқаша мазмұны: Жай сандар. Арифметиканың негізгі теоремасы. Арифметикалық прогрессияда жай сандар жиынының шектеусіздігі жайлы Дирихле теоремасы. Арифметикалық функциялар. Сандық салытырулар. Бірінші дәрежелі салыстыру. n-ші дәрежелі салыстыру. Жай модуль бойынша n-ші дәрежелі салыстыру. Екінші дәрежелі салыстыру. Алғашқы түбірлер және индекстер. р және 2р модулі бойынша алғашқы түбірлер. Алгебралық және трансценденттік сандар.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Студенттер сандар теориясы курсы бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, сандар теориясының негізгі операцияларын қолдану аймағын білуі керек;

Істей алуы: Сандар теориясының негізгі қарапайым есептерін шешудің әдістерін дұрыс таңдап, теоремаларды түсіндіріп, олардың мағынасын ашып және алдыңғы өткен фактілермен байланысын орната алуы керек.

Біліктілігі: Сандар теориясының негізгі операцияларын біліп, оларды математиканың басқа курстарымен байланыстыра отырып есептер шығаруда ұтымды пайдалана білетін деңгейде меңгерту.

Компетенциясы: Сандар теориясының арнайы есептерін талдау облысында базалық білімдерін көрсетеді.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент Ф. Вильданова


4

MRNZ 0204

Стандартты емес есептерді шешу әдістемесі ағылшын тілінде.

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.


Пререквизиттер – Элементар математика ағылшын тілінде.

Постреквизиттер – жоқ.


Оқудың мақсаты: Алгебралық және арифметикалық амалдарды ағылшын тілінде түсіндіре алу деңгейін жетілдіру.

Қысқаша мазмұны: Математикалық терминология ағылшын тілінде. Мектеп бағдарламасы бойынша стандартты емес есептерді шешу. Математикалық есептреді шешуді үйретуді сипаттайтын дидактикалық және әдістемелік моменттердің негізделуі. Математиканы оқытудағы есептредің функциялары. Есептреді шешу үрдісінің кезеңдерін бөліп көрсету. Есептерді шешудің әр түрлі жолдары.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Терминологияны ағылшын тілінде біледі.

Істей алуы: Есептердің шешімін ағылшын тілінде шығарылуын түсіндіре алады.

Біліктілігі: Мектеп бағдарламасының есептерін ағылшын тілінде шығару дағдылары қалыптасады.

Компетенциясы: Математикалық есептердің қолданыстарында ағылшын тілінің меңгергендігін көрсете алады.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент С. Садыкова

5

MPM 0205

Математиканы оқыту әдістемесі

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.


Пререквизиттер – жоқ.


Постреквизиттер – даралап оқытудың дидактикалық негіздері.

Оқудың мақсаты: Аталмыш курстың негізгі мақсаты болашақ мұғалім үшін мектеп математикасында оқылатын негізгі білімді беру, студенттің педагогикалық көз қарасын кеңейту, оқушылардың математикалық шығармашылығын оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістері жайлы жалпы ережелерді дұрыс меңгеруге көмектесу, математиканы оқыту әдістемесін философия, математика, психология, педагогика пәндерімен байланысын оқу. .

Қысқаша мазмұны: Математиканы оқыту әдістемесі пәні. Математиканы оқытудың мақсаты. Оқытудың принциптері. Математиканы оқытудың мазмұны. Математиканы оқыту әдістемесі. Математиканы оқыту құралдары мен формалары. Математикалық түсініктер, тұжырымдар және оларды оқыту әдістемесі. Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі. Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Математиканы оқытуда өздік жұмысты ұйымдастыру. Математика бойынша факультативтік сабақтар. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар. Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқытудың спецификасы. Метепте педагогикалық іс тәжірибеден өту және ұйымдастыру әдістемесі.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Негізгі математикалық түсініктердің дәл формулировкасын және олардың қолдану аясын біледі.

Істей алуы: Сабақтара сабақ жоспарларын құра білуі керек, оқытуда техникалық құралдарды қолдана білуі қажет;

Біліктілігі: Сабақты жүргізу технологиясында практикалық дағдыларын қалыптастыру, үй тапсырмасын, өздік жұмысты тексеру әдістемесін, жаңа материалды түсіндіру әдістемесін меңгерту.

Компетенциясы: Орта және жоғары оқу орындарында математиканы оқытудың ұйымдастырушылық формалары жайлы түсініктерін көрсетеді.

Бағдарламаның жетекшісі:ф.-м.ғ.к., доцент Ф. Вильданова


6

DODOM 0206

Математиканы даралап оқытудың дидактикалық негіздері

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет