38
4. Консультация ревматолога, стационарное лечение, после – амбулаторное
(пожизненное).
Клиникалық жағдай №14
19 жаста науқас қызды туыстары стационарға: жүрек соғуының
жиiлеуi, қалтырау, терлеу,
терісінің қуқылдануы, басының айналуы, жүрек
айнуы, құсу, басының
қатты ауруымен
сипатталатын
ұстамаға
шағымдарымен алып келді.
Өзiн 1,5 жылдан берi дертті санайды. Алғашқыда ұстама 10-20
минуттарға созылған, кейiнгi кездерi 2-3 сағат
және одан ұзақ уақытқа
созылатын болды. Ұстама кезiнде артериялық қысымы өте жоғарылайды
және ұстама аралық уақытында қалыпты болады.
Науқас
емханада
тексерiлген,
нейроциркуляциялық
дистония
қойылған. Жарты жылдан кейiн “Артериялық гипертензия ІІ дәр. ДЭП”
диагнозы қойылған. Клофелин, капотенмен ем – нәтижесiз болған.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қалыпты
түсті. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚ 120/80 мм сын. бағ.
Бауыры
қабырға доғасына сәйкес келедi. Бүйректі пальпациялау кезiнде науқастың
жағдайы кенеттен нашарлап, қорқыныш сезiмi туды, терiсі бозғылттанды,
аяқ-қолдарының
салқындауы және треморы, жүрек айнуы, тершеңдік
дамыды. Артериялық қысымы 250/140 мм сын. бағ. дейін көтерілді. Пульс
кернеуі жоғарылады, минутына 120 болды. Жүрек тондары күшейді, жүрек
ұшында әлсiз систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi пайда болды.
Ұстама кезiнде түсірілген
ЭКГ тахикардия, бірлі-екілі қарыншалық
экстрасистолиялар тіркелді. Қан анализінде лейкоцитоз – 11,2х10
9
/л.
1. Клиникалық синдромдарды бөліп, күдікті аурулар тізімін жасаңыз. Тексеру
жоспарындағы шешуші зерттеуді таңдаңыз. Дифференциялық диагнозды
жүргiзiңiз
2. Болуы мүмкiн асқынуларды атаңыз.
3. Мамандармен кеңесіңіз. Емiн жүргiзiңiз.
Достарыңызбен бөлісу: