«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет43/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
Клиникалық жағдай №2 
 
49 жастағы ер кісі төс артындағы күйдіріп ауырсынуға, оның астыңғы 
жағының (н/челюсти) сол жартысына берілетініне шағымданды. Ауырсыну 
ұстамасы шамалы физикалық, эмоциялық күштенулер мен жәй жағдайда да 
пайда бола бастаған, нитроглицериннің 2-3 таблеткасымен ғана басылады
бұрынғыларынан ұзақ (шамамен 20-25 мин). Бұлардан басқа инспирациялық 
ентігу мен жүрек қағуы соңғы 1-2 тәулікте қосылған. 
2 айдан бері науқас, алғашқы жылдары ауырсынулар сирек, күштілеу 
физикалық күштемелерге дамыған, 3-5 минут мазалап, алғашқыда қимыл-
қозғалысты қойғаннан тоқтаған, кейіннен нитроглицериннің 1 таблеткасымен 
басылып тұрған, дәрігерге бірінші рет келіп отыр. 
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы қалыпты.
Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек аймағын қарағанда патологиялық 
өзгерістер жоқ, перкуссияда – шала тұйық дыбыстың шектері қалыпты. 
Аускультацияда жүрек тондары тұйықтау, бірлі-екілі экстрасистолиялар 
естілді, аорта үстінде ІІ тонның акценті бар. АҚ 135/80 мм сын. бағ., пульсі 
ырғақсыз, 85 рет минутына. Бауыры ұлғаймаған. 
Науқас дәрігерге көрінген уақытта, шағымдары анықталысымен, ЭКГ 
түсірілді (КХ сәйкес алғашқы 10 минутта!), шара кезінде науқаста ангиналық 
ауырсыну дамып, нитроглицнриннің 2 тб басылды: ырғақ көзі синусты, жсс 
86 мин. Тісшелердің вольтажы сақталған. R
ІІ
>R
І
>R
ІІІ
. ST сегментінің І, aVL, 
V
4,5
тіркемелеріндегі элевациясы (2,5мм) нақталды. Қарыншалық ЭС (“R” 
“Т” тісшесіне түскен – “R” на “Т”) 
 
Сұрақтар: 
1. Симптомдар/синдромдарды анықтаңыз, ішінен жетекші симптом/синдромды 
бөліңіз. 
2. Жетекші симптом/синдромына (синдромдарына) сүйеніп және олардың 
ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз (синдромдық 
диагноз алгоритмі).
3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жазыңыз: күдікті аурулар тізіміндегі 
нозобірліктерді дәлелдеу немесе жоққа шығару критерийлерін саралаңыз – 
науқас клиникасымен саралай салыстыру негізінде (ҚР ДСМ клиникалық 
хаттамаларын қолдану негізінде) клиникалық диагноз тұжырымын жасаңыз. 
4. Ауруханаға жолдау – шұғыл не портал арқылы (немесе стационар 
алмастырушы 
технология), 
амбулаториялық 
жағдайда 
(жұмысқа 
жарамсыздығын анықтай келе) емдеу мәселелерін шешіп, бағалаңыз. 
5. Болжамын, диспансерлік бақылауға алу мәселелерін бағалаңыз: науқастың 
өмір салтындағы өзгертілетін мәселелерді жеткізу сұқбатын жазыңыз, негізгі 
дертке байланысты қандай асқынулардың алдын алу керектігін ашып 


53 
жазыңыз, ятрогенді қандай асқынулардың алдын алу керектігін ашып 
жазыңыз, жүйелі қабылдайтын дәрмектердің тегін берілетіндерін КП сүйеніп 
және басқа қажеттілерін ұсыныңыз, рецептерін жазыңыз; дәрігерге келіп 
тұратын диспансерлік қаралу мерзімдерін белгілеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет