«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет51/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
Клиникалық жағдай №4 
17 жастағы жасөспірім, ревматология бөліміне әскери комиссиямен 
жүрек ұшында естілген систолалық шуға байланысты жіберілген. 
Жүрек тұсындағы ауырсыну мен жүрегінің қағып кету сезімі кейбір 
уақыттарда, сирек мазалайды.
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник, 
перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда өзгеріс жоқ, 
перкуссияда 
жүректің 
шала 
тұйық 
дыбыс 
шектері 
өзгермеген, 
аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң 
қосымша үнді систолалық тон, артынша систолалық шу естіледі. Пульсі 70 
минутына, толуы мен кернеуі қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ. 
Бауыры үлкеймеген. ЭКГ өзгеріссіз. 
Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады. 
1. Алғашқы (болжам) диагнозы. 
2. Тексеру жоспарын құрыңыз, негiзгi клиникалық синдромға сүйене 
отырып, шешуші маңызы бар тексеруді тағайындаңыз. 
3. Дифференциялық диагнозды жүргiзiңiз. 
4. Тактикаңыз. 
№4. Жауаптары:
1. Болжам д-з:
Негізгі ауруы: Дәнекер тіндік дисплазия. Митраль қақпақтарының пролапсі 
(Барлау синдромы).
Асқ.: ЖШФК
1

2. Жетекші симтомы – жүрек аймағында шу естілу, қақпақтық ақаудан 
күдіктендіреді: шудың үнді қосымша систолалық шудан кейін естілуі 
митральқақпақтарының пролапсіне нұсқайды. Шешуші тәсіл – допплер-
ЭхоКГ.
3. ДД ревматизмдік ақаумен жүргізіледі: стрептококтік анамнез жоқ; 
ревматизмдік қызбалар болмаған және қабынулық синдром жоқ; ең бастысы 
ревматизмдік ақаулардың жиісі – митраль қақпақтарының шамасыздығында 
жүрек ұшында І тон әлсірейді, систолалық шу соның негізінде естіледі.
4. ЭхоКГ аномальді орналасқан хордалар анықталып, ол пароксизмдік 
бұзылыстарға ұласпайтын болса, араласу қажет емес, керісінше болғанда 
кардиохирург кеңесі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет