«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет53/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 


63 
Клиникалық жағдай №5 
52 жастағы науқас әйелдiң шағымдары: жүрек тұсының тұрақты 
сыздап ауырсынуы, физикалық күшпен байланыссыз, психоэмоциялық 
фактор кейде күшейтедi, нитраттар көмектеспейдi, седативтi дәрмектермен 
баяу басылады. Соңғы жылы 2-3 қабатқа көтерiлгенде, тез жүргенде ентiгу, 
тез шаршағыштық, жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң төмендеуi қосылды. Науқас өзiн 
5-6 жылдан берi ауру санайды. Осы уақыт iшiнде етеккiрi ретсіз келiп, 
тершеңдiк, кенеттен ыстықтағыштық мазалаған. Соңғы 8 айда етеккiрi 
тыйылған. Емханаға қаралып, бiрнеше рет седативтi дәрмектер алған, ЭКГ 
жасатқан. Жағдайы уақытша ғана жақсарып тұрған. 
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанралық, iсiнулері жоқ, 
гиперстеник. Көңiл күйi толқымалы, терісінде қызыл дермографизм. 
Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек шектерi: сол шегi бұғана орта 
сызығынан 1,0 см тысқары, қалған шектерi өзгермеген. Жүрек тондары 
әлсiреген, ырғақты. Пульсі 80 минутына, кернеуi мен толуы қалыпты. АҚ 
135/80 мм сын. бағ. ЭКГ: синусты ырғақ, ЖЭӨ солға ығысқан, V
1–4
Т тiсшесi 
терiс, V
5,6
жайылған. Динамикада бақылағанда осы өзгерiстері, соңғы 4 апта 
бойы сақталды. 
1. Алғашқы, яғни болжам диагнозы 
2. Негiзгi клиникалық синдромдарды бөліп, тексеру жоспарын құрыңыз, 
дифференциялық диагноз жүргiзiңiз. Клиникалық диагнозы 
3. Емi, қажетті маман кеңесіне жіберіңіз 
№5. Жауаптары:
1. Нег. ауруы: Климакстік дисгормондық кардиомиопатия. 
Асқ.: ЖШФК
I

2. Жетекші синдромдары: артық салмақ; инволюциялық дисгормонизм; 
кардиомегалия парциальді (СҚГ) және кардиомиопатия. Аталған синдромдар 
Дисгормондық КМП күдіктендіреді; дегенмен жасы мен артық салмағын 
ескеріп, ЖИА жоққа шығару (дәлелдеу) мақсатында холтер ЭКГ; ал КМП 
климакстік этиологиясын дәлелдеу мақсатында арнайы сынама (обзиданмен 
сынама) жүргіземіз. 
3. Гинеколог емі; бета-блокаторлармен курстық ем; седативті дәрмектер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет