79
Клиникалық жағдай №12
52 жастағы науқас әйел дәрігерге келесі:
нитроглицериннің бір
таблеткасымен басылатын төс артының сығып, басып ауырсынуының, сол
қолы, жауырыны, мойнының
сол жартысына берілетініне, жүріп келе
жатқанда 300-400 метрдей қашықтықта, баспалдақпен көтерілгенде 3 қабатта
дамып, өлім қорқынышы сезімін туғызатынына, ентігудің қосылғанына
шағымданып келді.
1,5 жылдан бері науқас, алғашқы сығып ауырсыну өте күшті
физикалық күштенуден дамып, 5 минутта өздігінен басылған.
Сонан бері
ауырлау физикалық күштенулерде ауырсыну дамып, сол қолына тарайтын
болған. Ауырсынудың соңғы ұстамасын ауыр жүк тасумен байланыстырады.
Соңғы бес жыл бойына АҚ көтеріліп жүр. Әкесі миокард инфарктінен
қайтқан. Қолында ЭКГ:
ырғақ көзі синусты, ЖЖС 86 мин, СҚГ және СЖГ
белгілері.
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, артық салмағы бар (бойы 169
см, салмағы 88 кг), перифериялық ісінулер жоқ. Жүректің салыстырмалы
тұйық дыбысының сол шегі сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс
анықталды. Жүрек
тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында І тон әлсіздеу,
аорта үстінде ІІ тонның акценті естілді. АҚ 180/95 мм сын. бағ. Пульсі
ырғақты, 90 рет минутына, кернеуі жоғары. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
1. Болжам диагнозы.
2.
Жетекші синдромдары, қайтымды, қайтымсыз факторлар.
3. Тексеру жоспарын құрыңыз. Холтерлік мониторингтің клиникалық
маңызына тоқтаңыз.
4. Емі. Аурудың болжамы.
№12. Жауаптары:
1. Болжам диагнозы:
Негізгі ауруы: ЖИА, тұрақты күштеме стенокариясы, ФК
ІІ
. ЖШФК
І
.
Конкурентті ауруы: Артериялық гипертензия, III дәр.,
өте жоғары қауіп
тобы. Гипертензиялық жүрек, декомпенсацияланған (артық салмақ, тұқым
қуалаушылық, ЖИА).
2. Коронарогенді кардиалгия; ЖШ; АГ; кардиомиопатия (гипертензиялық
жүрек, декомпенсацияланған), артық салмақ. Қайтымсыз факторлардан
тұқым қуалаушылық; липидограмманы тексеру барысында тұқым қуалайтын
атерогенді дислипидемия анықталуы мүмкін. Қалған синдромдарын тұрақты
еммен коррекциялауға болады.
3. Липидограмма; ЭхоКГ; офтальмоскопия; креатинин мен ШФЖ. Холтерлік
мониторинг
миокард ишемиясының жиілігін; ишемия кезіндегі болуы мүмкін
аритмиялар мен блоктарды анықтауға көмектеседі.
4. Емі кешенді, есепке алудан басталады; кардиохирург кеңесі міндетті;
салмақ
тастау,
гиподинамиямен
күрес,
сол
арқылы
физикалық
80
толеранттылығын
қалыптастыру; уақыт өте жоғарылату; коронаролитиктік
және антигипертензиялық әсерлері бар дәрмектерден таңдау: бета-
блокаторлар (бисопролол немесе метопролол); нитраттар курстармен;
дислипидемиямен күрес (статинде және трайкор). Болжамы емді жүйелі
қабылдау арқылы кардиопротекторлық, ангиопротекторлық нәтижелерге қол
жеткізуге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: