91
комплекстiң формуласы QS түрінде,
ST сегментi изосызықтан жоғары, Т
тісшесі оң.
1. Жетекші синдромдары. Болжам диагнозы.
2. Дәрiгерлiк тактика.
3. Жедел жәрдем дәрiгерлерінiң көмегiн, қателерін саралаңыз.
№18. Жауаптары:
1. Ангинозды статус (миокардтың ишемиялық некрозы), өткізгіштіктің
бұзылысы – АВБ 1 дәрежелі (Рq арақашықтығы 0,21сек, ЖЖС 92
жағдайында) және Гис будасының сол аяғының толық блогі, жүрек
ырғағының бұзылысы (қарыншалық монотопты ЭС), СҚЖШ/ОЛЖН бірінші
сатысы (жүректік астма) ЖШФК
II
(кіші шеңдерде және үлкен шеңберде
іркіліс) негізінде және миокардтың зақымдануынан дамыды.
Болжам диагнозы:
Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың
қайталанған инфаркті, өткір кезеңі.
Жүрекше-қарыншалық блок (АВБ) I дәрежесі. Гис будасының сол аяғының
толық блогі, қарыншалық экстрасистолия. Миокардтың басынан өткерген
инфаркті (мерзімі).
Асқ.: Сол қарыншалық жіті шамасыздық (ЖШФК
II
негізінде дамыды),
жүректік астма.
2. Жедел жәрдем стансасымен тез байланысып,
кардио-реанимациялық
бригаданы шақыру, келгенге дейін қолда бар дәрмектерді қолдану (БАБ ішке,
аспиринді шайнату, АҚ төмендемесе нитроглицерин 0,5 мг тіл астына);
кардиоцентрмен байланыс жасап, ангиографияға тікелей жеткізу.
3. Жедел жәрдем алғаш келгенде шұғыл госпитализациялауға көрсетпелер
болғандығын бағаламаған.
Достарыңызбен бөлісу: