«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет82/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
 
 
 
 
 


98 
Аритмиялар 
Аритмии 
Клиникалық жағдай №1 
42 жастағы қабылдауға келген пациент, кенет есінен танып қалды.
Қарағанда санасы жоқ, тері жамылғылары өте қуқыл. Көз қарашықтары 
кеңіген, жарыққа реакциясы жоқ. Бірлі екілі тыныс қимылдары байқалады, 
жүрек тондары естілмейді, пульсі мен АҚ анықталмады. Жедел түсірілген 
ЭКГ: минутына 350-500 жиіліктегі, ретсіз, түрлі пішінді және амплитудалы 
толқындар тіркелді. 
1. Науқастағы ургентті жағдайдың тұжырымын жасаңыз. 
2. Дәрігерінің тактикасы. 
№1. Жауаптары.
 
1. Болжам диагнозы: 
ЖИА, кенет коронарлық өлім (қарыншалар фибрилляциясы). 
2. 103 жедел хабарласып, кардиобригада шақырту; өкпе-жүректік 
реанимацияны бастау. 
Клинический случай №1 
42-летний пациент, на приеме внезапно потерял сознание. 
При осмотре без сознания, кожные покровы очень бледные. Зрачки 
расширены, реакции на свет нет. Наблюдаются единичные дыхательные 
движения, сердечные тоны не прослушиваются, пульс и АД не 
определяются. Срочно снята ЭКГ: зафиксированы волны частотой 350-500 в 
минуту, хаотичные, различной формы и амплитуды. 
1. Сделайте заключение ургентного состояния пациента.
2. Тактика врача. 
№1. Ответы.
 
1. Предварительный диагноз: 
ИБС, внезапная коронарная смерть (фибрилляция желудочков ). 
2. Срочно связаться со 103, вызвать кардиобригаду; начать сердечно-
легочную реанимацию. 
 
 
 


99 
Клиникалық жағдай №2 
75 жастағы науқас әйел жанұялық дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, 
тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар, аяқ бастарының 
тұрақты iсiнуiне шағымданды. 
Анамнезiнен: 6 ай бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ 
бастарының iсiнуi дамыған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек 
гликозидтерiн (дигоксин?) қабылдағанда (дәріханада рецепт талап етпей
берген?) ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – 
соңғы екi айда. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. 
Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан 
бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн жайылған. 
Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды 
сырылдар бар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана 
орта сызығынан 1,5 см тысқары. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, 
жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ЖЖС 96, 
пульсi 84 мин, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. 
бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик 
консистенциялы. 
1. Негiзгi синдромдары. 
2. Болжам диагнозы. Дәрігердің тактикасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет