«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет40/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 


49 
№1. 
 
Жауаптары: 
 
1. Коронарогенді кардиалгия (оның ішінде ангинальді синдром); ЖШ
компенсацияланған; АГ эссенциальді; кардиомегалия (гипертензиялық 
жүрек, компенсацияланған), артық салмақ (метаболизмдік синдром?). 
Келтірілген жетекші синдромдарына сүйеніп, келесі диагнозды қоюға 
болады.
Болжам диагнозы: 
Негізгі ауруы: ЖИА, тұрақты күштеме стенокардиясы, ФК
ІІ
. ЖШФК
І

Конкурентті ауруы: Артериялық гипертензия, III дәр., өте жоғары қауіп тобы 
(артық салмақ, тұқым қуалаушылық, ЖИА). 
2. Тексеру жоспары. Липидограмма; қан ұю уақыты, белсендірілген бөліктік 
тромбиндік уақыт (АЧТВ) – тамырлық асқынулардың алдын алатын ем 
тағайындау мақсатында; ЭхоКГ; офтальмоскопия; креатинин мен ШФЖ – 
шумақтық фильтрация жылдамдығы (СКФ). Холтерлік ЭКГ мониторинг 
миокард ишемиясының жиілігін; ишемия кезіндегі болуы мүмкін аритмиялар 
мен блоктарды анықтауға көмектеседі, ангиография тағайындау мәселесін 
шешуге кардиолог кеңесі. 
3. Коронарогенді кардиалгия, оны саралайтын болсақ – ангинальді синдром 
сипатталған ерекшеліктерімен (ашып жазу) ЖИА нұсқайды; ентігудің тек 
физикалық күштемеде дамуы – ЖШ алғашқы функциялық кластарынан 
күдіктендіред; АГ – метаболизмдік синдроммен және ЖИА байланысты 
болғандықтан, эссенциаль (біріншілік) болады; кардиомегалия/КМП 
(гипертензиялық жүрек, компенсацияланған), артық салмақ – дислипидемия 
анықталса метаболизмдік синдром қоямыз, ол да ЖИА және АГ дәлелдей 
түседі. АГ мен ЖИА қайтымсыз факторларынан тұқым қуалаушылықты атау 
керек; липидограмманы тексеру барысында тұқым қуалайтын атерогенді 
дислипидемия анықталуы мүмкін. Қалған синдромдарын тұрақты еммен 
коррекциялауға болады. 
Клиникалық диагнозы:
Негізгі ауруы: ЖИА, тұрақты күштеме стенокариясы, ФК
ІІ
. ЖШФК
І

Конкурентті ауруы: Артериялық гипертензия, III дәр., өте жоғары қауіп тобы 
(артық салмақ, тұқым қуалаушылық, дислипидемия. ЖИА). Гипертензиялық 
жүрек, компенсацияланған.
4. Емі кешенді болады, есепке алудан басталады; тексерулер нәтижесінен кейін 
кардиолог кеңесі міндетті; салмақ тастау, гиподинамиямен күрес, сол арқылы 
физикалық толеранттылығын қалыптастыру; уақыт өте физикалық 
толеранттылығын жоғарылату; коронаролитиктік және антигипертензиялық 
әсерлері бар дәрмектерден таңдау: бета-блокаторлар (бисопролол немесе 
метопролол); ұзақ әсерлі нитраттар (мысалы, изосорбид мононитратының 
ретард түрі, 40 мг) курстармен, ал қысқа әсерлі – нитроглицеринді 0,5мг 
немесе изосорбид динитратының спрейін жанында үнемі алып жүру, 
ангинальді синдром кезінде қолдану; тамырлық асқынулардың (МИ, инсульт, 
соқырлық, т.б.) алдын алу мақсатында: ацетилсалицил қышқылын тәулігіне 
75-100 мг және клопидогрельді 75 мг – ДАТ есебінде (двойная 


50 
антитромбоцитарная терапия) жүйелі ішу; дислипидемиямен күрес 
(статиндер және/немесе трайкор).
5. Болжамы: емді тұрақты-жүйелі қабылдау арқылы кардиопротекторлық
ангиопротекторлық нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет