54
міндеттейтін клиникалық жағдай. Хаттамада
ЖКС ST сегментінің
изосызықтан ауытқуына сәйкес екі түрін ажыратып, олардың анықтамалары
берілген:
кеуде сарайының өткір, тұрақты ауырсынуы және ST сегментінің стабиль
элевациясы бар пациенттер
ST сегментінің жоғарылауы бар ЖКС
тұжырымы жасалатын пациенттер тобына жатқызылады; себебі бұл – тәж
артерияларының тотал окклюзиясын көрсететін жағдай. Осы топ науқастары
емінің негізі – жіті (шұғыл) реперфузия тактикасын міндеттейтін ем:
фармакологиялық немесе біріншілік ангиопластика/стенттеу.
кеуде сарайының өткір,
тұрақты ауырсынуы, бірақ ST сегментінің
элевациясы жоқ науқастарға
ST сегментінің жоғарылауы жоқ ЖКС
тұжырымы жасалады; себебі бұл – тәж артерияларының бөліктік
окклюзиясын немесе тромб не зақымдалған түймешіктермен дистальді
эмболизацияны көрсететін жағдай. ЭКГ өзгерістер
ST сегментінің өтпелі
элевациясы (20 мин кем), ST сегментінің тұрақты не өтпелі депрессиясы; Т
тісшесінің инверсиясы түрінде болуы, кейде ЭКГ қалыпты көрінуі мүмкін.
Клиникалық диагнозын негіздеудің қажеті жоқ, тактика – науқасты
кардиоорталықтың ангиография жасайтын бөліміне қабылдау бөліміне
тоқталмастан жеткізу болғандықтан.
4. Науқаста шұғыл стационарлық емге көрсетпелер бар: физикалық
толеранттылығының
төмендеуі;
нитраттарға
төзімділігінің
артуы;
инспирациялық ентігудің қосылуы,
осыларға байланысты ЖКС, ST
сегментінің жоғарылауымен, қойылуы. Стационар жағдайында ангинальді
синдромын басқаннан кейін
ангиография жасалып, нәтижесіне сай
радикальді ем сұрақтары шешіледі: жіті (шұғыл) реперфузия тактикасы
(фармакологиялық немесе біріншілік ангиопластика/стенттеу).
5. Кардиоорталықтан шыққаннан соң есепке алып, КХ
сай шаралар
атқарылады. Дерттің болжамы кардиохирургтердің жүргізетін радикальді ем
нәтижесіне байланысты. Және физикалық толеранттылығын жоғарылату мен
емді
тұрақты-жүйелі
қабылдау
арқылы
кардиопротекторлық,
ангиопротекторлық нәтижелерге қол жеткізуіне байланысты. Науқасқа
коронаролитиктердің, ЖШ дамыса ААФ ингибиторлары мен диуретиктердің,
жұп антитромбоциттік (ДАТ) емнің де (ацетилсалицил қышқылымен бірге
клопидогрельді тағайындау) тамырлық асқынулардың алдын алудағы
маңызын түсіндіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: