«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
 
Клиникалық жағдай №3 
 
38 жасар науқас, ғылыми қызметкер, жедел көмек бригадасын келесi 
жағдайларға байланысты шақырды: көкiрек сарайының сол бөлiгiнің күштi 
күйдiрiп ауыруы, сол қолына тарайды, жалпы әлсiздiк, жабысқақ суық тер, 
қысқа мезгiлге есiнен танған. Жүрегi бұрын ауырмаған. Соңғы күндерi 
демалыссыз, түндерде ұйықтамай, көп жұмыс iстеген. 
Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, адинамия, көздерi жұмулы, 
сұрақтарға бiр сарын жауап бередi. Терi жамылғылары қуқыл, цианоз, 
бетiнде суық тер тамшылары. Тыныс жиiлiгi 28 минутына. Өкпесінде 
везикулалық тыныс. Пульсі 104 минутына, толуы әлсiз, бiрлi-жарым 
экстрасистолалар. Жүректiң шала тұйық дыбысының шектері қалыпты. 
Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, бірлі-екілі экстрасистолалар. АҚ 80/60 мм 
сын. бағ. 
 
1. Симптомдар/синдромдарды анықтаңыз, ішінен жетекші симптом/синдромды 
бөліңіз. 
2. Жетекші симптом/синдромына (синдромдарына) сүйеніп және олардың 
ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз (синдромдық 
диагноз алгоритмі). Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз (ҚР ДСМ 
клиникалық хаттамаларын қолдану негізінде). 
3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жазыңыз: күдікті аурулар тізіміндегі 
нозобірліктерді дәлелдеу немесе жоққа шығару критерийлерін саралаңыз – 
науқас клиникасымен саралай салыстыру негізінде (ҚР ДСМ клиникалық 
хаттамаларын қолдану негізінде) клиникалық диагноз тұжырымын жасаңыз. 
4. Ауруханаға жолдау – шұғыл не портал арқылы (немесе стационар 
алмастырушы 
технология), 
амбулаториялық 
жағдайда 
(жұмысқа 
жарамсыздығын анықтай келе) емдеу мәселелерін шешіп, бағалаңыз. 


58 
5. Болжамын, диспансерлік бақылауға алу мәселелерін бағалаңыз: науқастың 
өмір салтындағы өзгертілетін мәселелерді жеткізу сұқбатын жазыңыз, негізгі 
дертке байланысты қандай асқынулардың алдын алу керектігін ашып 
жазыңыз, ятрогенді қандай асқынулардың алдын алу керектігін ашып 
жазыңыз, жүйелі қабылдайтын дәрмектердің тегін берілетіндерін КП сүйеніп 
және басқа қажеттілерін ұсыныңыз, рецептерін жазыңыз; дәрігерге келіп 
тұратын диспансерлік қаралу мерзімдерін белгілеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет