«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет48/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

№3. Жауаптары
 
1. Коронарогенді кардиалгия, жүрек ырғағының бұзылыс синдромы 
(қарыншалық ЭС), кардиогенді шок – асқынулық синдромы. 
2. Коронарогенді кардиалгия, оның ерекшеліктерін екшейтін болсақ: 
ангинальді ауырсынудың физикалық күштемеде дамуы, ұзақтығының бірден 
30 минуттан аса созылуы, миокардтың жедел инфарктінен, оның аса өткір 
сатысынан; асқынуы – кардиогенді шоктан, күдіктенеміз.
Сонымен қатар, жүрек ырғағының бұзылыс синдромы бар (қарыншалық ЭС), 
ол коронарогенді ауырсынудан кейін қосылған – жүрек ырғағының 
бұзылысын – синдромдық сапада деп қарастырамын.
Кардиогенді шок синдромы – АҚ, әсіресе САҚ 90 мм сын. бағ. төмен болуы, 
жсс жиілеуі, пульс сапасының төмендеуі, санасының бұлыңғырлануы.
Осы келтірілген синдромдардың және олардың ерекшеліктеріне сүйеніп, 
келесі диагнозды болжаймын:
Болжам диагнозы: 
Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі.
Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2, кардиогенді шок (ауырсыну механизмді – 
рефлекстік), синкопе? 
3. Науқастағы жетекші синдромдар миокард инфарктінің жетекші 
синдромдарына: коронарогенді кардиалгия, оның ерекшеліктерін екшейтін 
болсақ: ангинозды статус түріндегі, ауырсынудың физикалық ұзақ 
күштемеде дамуы, ұзақтығының бірден 30 минуттан аса созылуы, асқынулық 
синдром – қарыншалық ЭС, сонымен қатар, кардиогенді шоктың болуы – 
ЖИА, миокардтың жедел инфарктін дәлелдейді. 
Клиникалық 
диагнозын 
негіздеудің 
қажеті 
жоқ 
– 
науқасты 
кардиоорталықтың ангиография жасайтын бөліміне қабылдау бөліміне 
тоқталмастан жеткізу тактикасы болғандықтан. 
4. Кардиологиялық орталыққа тасымалдауды 10-15 минуттан кешіктірмей 
ұйымдастыру, ол үшін жедел жәрдем шақырғанда диагнозын сауатты 
жеткізу, ЭКГ мәліметтері мен гемодинамикалық көрсеткіштерін дәл баяндау
(негізінен 
кардиобригадамен 
немесе 
реанимациялық 
бригадамен 
тасымалданады).
Ауырсынуды басу шараларын бастау: наркотиктер – енгізу тактикасын 
ашып жазыңыз. Екі антитромбоциттік ем: ацетилсалицил қышқылы мен 
клопидогрельдің қажетті дозаларын беру. Аритмиялардың алдын алу 
шаралары. 


59 
5. Кардиоорталықтан шыққаннан соң есепке алып, ДЕХ сай шаралар 
атқарылады. Дерттің болжамы кардиохирургтердің жүргізетін радикальді ем 
нәтижесіне байланысты. Және физикалық толеранттылығын жоғарылату мен 
емді 
тұрақты-жүйелі 
қабылдау 
арқылы 
кардиопротекторлық, 
ангиопротекторлық 
нәтижелерге 
қол 
жеткізуіне 
байланысты. 
Коронаролитиктер, ЖШ дамыса ААФ ингибиторлары мен диуретиктердің
жұп антитромбоциттік (ДАТ) емнің де (ацетилсалицил қышқылымен бірге 
клопидогрельді тағайындау) тамырлық асқынулардың алдын алудағы 
маңызын түсіндіремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет