63
Клиникалық жағдай №5
52 жастағы науқас әйелдiң шағымдары: жүрек
тұсының тұрақты
сыздап ауырсынуы, физикалық күшпен байланыссыз, психоэмоциялық
фактор кейде күшейтедi,
нитраттар көмектеспейдi, седативтi дәрмектермен
баяу басылады. Соңғы жылы 2-3 қабатқа көтерiлгенде, тез жүргенде ентiгу,
тез шаршағыштық, жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң төмендеуi қосылды. Науқас өзiн
5-6 жылдан берi ауру санайды. Осы уақыт iшiнде етеккiрi ретсіз келiп,
тершеңдiк, кенеттен ыстықтағыштық мазалаған. Соңғы 8
айда етеккiрi
тыйылған. Емханаға қаралып, бiрнеше рет седативтi дәрмектер алған, ЭКГ
жасатқан. Жағдайы уақытша ғана жақсарып тұрған.
Объективтi:
жалпы жағдайы қанағаттанралық, iсiнулері жоқ,
гиперстеник. Көңiл күйi толқымалы, терісінде қызыл дермографизм.
Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек шектерi:
сол шегi бұғана орта
сызығынан 1,0 см тысқары, қалған шектерi өзгермеген. Жүрек тондары
әлсiреген, ырғақты. Пульсі 80
минутына, кернеуi мен толуы қалыпты. АҚ
135/80 мм сын. бағ. ЭКГ: синусты ырғақ, ЖЭӨ солға ығысқан, V
1–4
Т тiсшесi
терiс, V
5,6
жайылған. Динамикада бақылағанда осы өзгерiстері, соңғы 4 апта
бойы сақталды.
1. Алғашқы, яғни болжам диагнозы
2. Негiзгi
клиникалық синдромдарды бөліп, тексеру жоспарын құрыңыз,
дифференциялық диагноз жүргiзiңiз. Клиникалық диагнозы
3. Емi, қажетті маман кеңесіне жіберіңіз
№5. Жауаптары:
1. Нег. ауруы: Климакстік дисгормондық кардиомиопатия.
Асқ.: ЖШФК
I
.
2. Жетекші синдромдары:
артық салмақ; инволюциялық дисгормонизм;
кардиомегалия парциальді (СҚГ) және кардиомиопатия. Аталған синдромдар
Дисгормондық КМП күдіктендіреді; дегенмен жасы мен артық салмағын
ескеріп, ЖИА жоққа шығару (дәлелдеу)
мақсатында холтер ЭКГ; ал КМП
климакстік этиологиясын дәлелдеу мақсатында арнайы сынама (обзиданмен
сынама) жүргіземіз.
3. Гинеколог емі; бета-блокаторлармен курстық ем; седативті дәрмектер.
Достарыңызбен бөлісу: