65
басқанда күшейетін, естілді, тыныс жиілігі 30 мин. Жүрек
тондары айқын,
ырғақты, ЖЖС 120 мин. АҚ 90/70 мм сын. бағ.
ҚЖА бейспецификалық қабыну белгілері айқын.
1. Алғашқы, яғни болжам диагнозды қойыңыз.
2. Негiзгi клиникалық синдромдарды бөліңіз. Жетекші синдромдардың
патогномды клиникалық симптомдарына сүйеніңіз.
3. Тексеру жоспарын құрыңыз, дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.
4. Емiн жоспарлаңыз, стационар алмастырушы
технологияны қолдану
мүмкіндіктерін саралаңыз.
№6. Жауаптары:
1. Нег. ауруы: Жедел құрғақ плеврит. Плевропневмония?
2. Плевраның зақымдану синдромы (қар сықырындай шудың тыныс актімен
байланыстылығы); өкпе тінінің тығыздалу; бейспецификалық қабыну
синдромы. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының әдетте 14-22
сағат ішінде
клиникалық белгілері анықталады, рентгендік белгілері де бірінші тәуліктің
соңына қарай дәлелді (антибактериялық ем бастап, даму фазаларын
тежемесе,
гиперемия фазасы аяқталып, қызыл бауырлану басталғанда)
болады.
3. Хаттамаға сай: ҚЖА; НЖА; креатинин; фибриноген;
кеуде сарайы
органдарының жалпы шолу рентгенограммасы 2 проекцияда; ЭКГ.
Тығыздалу синдромының өрбуі – ауруханадан тыс плевропневмонияның
нақты дәлелі, ал болмаса плеврит диагнозы жеке қойылып,
фтизиатр кеңесі
жүргізіледі, серозиттермен сипатталатын жүйелі аурулармен ДД қажет
болады.
4. Емі стационардан басталады, оған көрсетпелер: САҚ 90 мм сын. бағ.;
ЖЖС 120; тыныс жиілігі 30 мин.
Достарыңызбен бөлісу: