70
Систолалық шу науқасты тұрғызу барысында күшейiп, тiзерлеп
отырғызғанда әлсiрейдi. Шу мойын тамырларына тарамайды. АҚ 130/80 мм
сын. бағ. Пульс жиiлiгi 72 рет минутына, pulsus bifidus (пульс
толқыны тез
көтеріліп, тез басылады). lшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр өлшемдерi
Курлов тәсілімен 11-9-7 см.
1. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз:
1. Жүректiң ревматизмдiк ақауы
2. Жүректiң тума ақауы
3. Гипертрофиялық
кардиомиопатия
4. Ревматизмдік емес миокардит
5. ЖИА, тұрақты күштеме стенокардиясы
2.Фонокардиографиялық тексеруде төстiң сол қыры мен жүрек ұшында I
тоннан қалыңқы, ромб тәрiздi систолалық шу тiркелдi. Аорта үстiнде II тон
сақталған. ФКГ өзгерiстерге байланысты тұжырымдалатын патология:
1. Митраль қақпақтар шамасыздығы
2. Гипертрофиялық
кардиомиопатияның
жалған
қақпақтық
варианты
(обструкциялық варианты)
3. Өкпе артериясы сағасының
стенозы
4.
Митральді стеноз
5. Аорта сағасының стенозы
3. ЭКГ түсiрiлдi, I, AVL, V
5
,V
6
R тісшесі биік, ST сегменті қиғаш төмендеген,
теріс Т тісшесіне өткен, тізімнен дұрысын таңдаңыз.
1. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркті
2. Жүректiң оң бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi
3. Жүрекшелер фибрилляциясы (жыбыр аритмиясы)
4. Жүректiң сол бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi
5. Артқы қабырғасының субэндокардтық инфаркті
4. Науқасқа ЭхоКГ жасалды, қорытындысымен танысыңыз: аорта диаметрi
3,2 см, аорта сағасының ашылуы 1,8 см, қарынша аралық перденiң (ҚАП)
қалыңдығы 2,1 см, сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы 1,3 см.
Сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемi 4,0 см, сол қарыншаның соңғы
систолалық өлшемi 3,2 см. Сол жүрекше 4,2 см, оң қарынша 2,3 см.
Айдау
фракциясы 46%. Митраль қақпақтарының алдыңғы систолалық қозғалысы
парадоксті. Аорта қақпақтарының систола ортасында қалқалануы, митраль
регургитациясы ++. Қарынша iшiлiк қысымның градиентi 25 мм сын. бағ.
Сiздiң қорытындыңыз?
1. Дилятациялық кардиомиопатия
2. Гипертрофиялық кардиомиопатия
71
3. Аортаның ревматизмдiк стенозы
4. Диффузды миокардит
5. ”Гипертензиялық жүрек”
5. Төмендегілердiң қайсысы науқасқа көрсетiлген?
1. Строфантин
2. Моносан
3. Преднизолон
4. Индометацин
5.
Конкор
Достарыңызбен бөлісу: