№10. Ответ:
1. 1,2,3,5.
2. 3.
3. 2.
4. 4.
5. 1, 3, 5.
Клиникалық жағдай №11
34 жастағы науқас, мамандығы құрылысшы, емханаға қабылдауға
келдi. Науқасты жүрек тұсының шаншып ауруы, физикалық күш түскендегі
ентiгу мен жүректiң шалыс соғуы мазалайды. Мезгiл-мезгiл басы айналады,
қысқа мерзiмге есiнен танады.
Анамнезiнен: алғашқы шағымдары 2 жыл бұрын төс артының сығып
ауруынан басталған, стенокардия диагнозы қойылып, нитраттар берiлген,
бiрақ жағдайы одан төмендеген. Соңғы қаралғанда миокард инфарктінен
күдiк туып, стационарға жiберiлген, инфаркт жоққа шығарылған.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғыларының
түсi қалыпты. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиілігі минутына 18.
ЖҰТ V қабырғааралықта, сол бұғана орта сызығымен, қос түрткі сезіледі.
Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң оң, жоғарғысы қалыпты, сол шегi
сол бұғана орта сызығынан 2,0 см тысқары. Жүрек тондары анық, ырғақты,
жүрек ұшында‚ әсіресе, төстің сол қырымен III-IV қ/а айқын систолалық шу,
қолтық астына өткізіледі, мойын тамырларына өткізілмейді, науқасты
отырғызып, қайта тұрғыза бастағанда шу күшейеді. АҚ 125/80 мм сын. бағ.,
пульс саны 74 минутына.
ЭКГ: ритм синусты, R тісшесінің вольтажі I, aVL жоғары, Т тiсшесi
терiс, Q
V1
ені 0,03 сек, терең емес.
1. Тексеру жоспарын құрыңыз. Жетекші симптомдар мен синдромдар.
2. Клиникалық диагнозы.
3. Тактикасы.
№11. Жауаптары:
1. Қажетті клиникалық анализдер; ЭхоКГ – ең шешуші тәсіл. Кардиомегалия,
парциальді, тән шулармен; шудың ерекшеліктері, мойын тамырларына
тарамауы аорта ақауларын жоққа шығарады.
2. Болжам диагнозы:
78
Нег. ауруы: Гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық варианты.
Асқ.: Синдромдық стенокардия. Синкопэ. ЖШФК
I
.
3. Емі: бетаблокаторлардан – бисопролол, нитраттарды беруге болмайды,
кардиохирург кеңесі.
Достарыңызбен бөлісу: |