«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет67/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №13 
69 жастағы ер кісі төс артындағы күйдіріп ауырсынуға, оның астыңғы 
жағының сол жартысына берілетініне шағымданды. Ауырсыну ұстамасы 
шамалы физикалық, эмоциялық күштенулер мен жәй жағдайда да пайда 
болады, нитроглицериннің 2-3 таблеткасымен басылады. Бұлардан басқа 
инспирациялық ентігу мен жүрек қағуы физикалық күштенусіз де мазалайды. 
12 жылдан бері науқас, алғашқы жылдары ауырсынулар сирек, 
күштілеу физикалық күштенулерге дамыған, 2-3 минут мазалап
нитроглицериннің 1 таблеткасымен басылған. 
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулалық 
тыныс, төменгі бөліктерінің үстінде бірлі-жарым крепитациялар. Жүрек 
аймағын қарағанда патологиялық өзгеріс жоқ, перкуссияда сол шегі солға 
ығысқан. 
Аускультацияда 
жүрек 
тондары 
тұйық, 
бірлі-екілі 
экстрасистолиялар, аорта үстінде ІІ тонның акценті, жүрек ұшында 
систолалық шу естілді. АҚ 140/80 мм сын. бағ., пульсі ырғақсыз, 85 мин. 
Бауыры ұлғаймаған. 
1. Алғашқы диагнозы. Шұғыл тактика. 
2. Жетекші синдромына сүйеніп, күдікті аурулардың тізімін жасаңыз. 
3. Тексеру жоспарын құрыңыз. 
4. Емі, емінің тұрақты стенокардия емінен айырмашылықтары. 
5. Аурудың болжамы. 
№13. Жауаптары: 
1. Болжам диагнозы: 
Негізгі ауруы: ЖИА, үдемелі күштеме стенокардиясы, экстрасистолия,
ЖШФК
ІІ
. Науқаста стационарлық емге көрсетпелер бар: физикалық 


82 
толеранттылығының 
төмендеуі; 
нитраттарға 
төзімділігінің 
артуы; 
инспирациялық ентігудің қосылуы. 
2. Коронарогенді кардиалгия жоғарыда келтірілген критерийлерінің 
дамуынан тұрақсыз стенокардиядан, яғни коронарлық жедел синдромнан 
(ОКС) күдіктендіреді.
3. Стационар жағдайында ангиналық синдромын басқаннан кейін ЭхоКГ, 
ангиография жасалып, нәтижесіне сай радикаль ем сұрағы шешіледі.
4. Тұрақты күш түсу стенокардиядағы емнен тұрақсыз жағдайлардағы ем 
хирургиялық араласулар сұрағын шешуден басталады; медикаменттермен 
емде антикоагулянттар мен дезаггреганттар қосылады да, осыған байланысты 
қанның белгілі көрсеткіштері жүйелі бақыланады. 
5. Дерттің болжамы кардиохирургтердің жүргізетін радикаль ем нәтижесіне 
және реабилитация кезеңіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет