93
Ауырсынуы сол жауырынына берiлдi, өмірінде алғаш дамыған,
жедел
жәрдем шақырды. Қарағанда ерiндерi цианозды, жүзiнде қорқыныш. Пульс
толуы әлсiз, ырғақты, 104 минутына. АҚ 120/80-115/75 мм сын. бағ. Жүрек
тондары әлсiзденген, шулар жоқ. Өкпе үстiнде
везикулалық тыныс,
сырылдар естілмейді. Сiз қарағанға дейiн тек валидол қабылдаған.
1. Сiздiң шұғыл шараларыңыз:
1. Науқасты кардиология бөлiмiне шұғыл жеткiзу
2. Седатациялық дәрмектер беру
3. Кардиологиялық бригаданы шұғыл шақыру
4. Нитроглицерин мен аспирин табл. беру
5. ЭКГ түсіріп, науқасты бақылау
2. Кардиологиялық бригада 12 минутта келдi.
Науқасқа наркотиктер
енгiзiлдi, бiрақ ауырсыну сақталуда. Науқастың жүзiн суық тер жапқан, терісi
қуқыл, мұрыны мен ерiнi көгерген. Пульс жиiлiгі 120 мин, АҚ 110/70-110/75
мм сын. бағ. Төмендегiлердiң қайсысын бiрiншi енгiзесiз?
1. Морфин 1%-1,0 мл в/
iшiне
2. Фентанил мен дроперидол
3. Мезатон 1%-1,0 терi астына
4. Гепарин 5000 Б. физ. ерiтiндiде в/iшiне болюспен
5. Транквилизаторлар
3. ЭКГ түсiрiлдi: III, AVF, қосымша – V
7
,V
8
,V
9
тіркемелерінде ST 6 см
супрессиясы, төмендегiлерден дұрыс тұжырымды таңдаңыз.
1. Гис будасының оң аяғының блогі
2. Сол қарыншаның артқы-базаль қабырғасының
инфаркті
3. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркті
4. Сол қарыншаның гипертрофиясы мен күштенуi
5. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен күштенуi
4. Жүргiзiлген шаралардан кейiн жағдайы жақсарды, ауырсыну әлсiредi.
Пульс жиілігi 90 бір минутта, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Науқасты жедел
кардиоцентрге госпитализациялау ұйғарылды. Транспортпен жеткiзу кезiнде
жағдайы тұрақты болды. Бiрақ науқасты жедел
жәрдем тасымалдағышынан
сырғыма тасымалдағышқа ауыстыру кезеңiнде жағдайы кенет ауырлады: бас
айналуы, көз қарауытуы дамып, АҚ 70/40 мм сын. бағ. дейін төмендедi.
Науқасқа не болды?
1. Жүрегi жарылды
2. Қарыншалар фибрилляциясы дамыды
3. Кардиогендi шок дамыды
5. Келтiрiлген дәрмектерден тағайындайтындарыңызды белгiлеңiз:
1. Допамин 4% 5 мл + физиологиялық ерiтiндi – 200 мл в/iшiне
2. Атропин 0,1% - 2,0 мл терi астына
94
3. Преднизолон 90 мг в/iшiне
4. Лидокаин 200 - 400 мг в/iшiне физиологиялық ерiтiндiде
5. Адреналин 0,1%-1,0 мл жүрек iшiне
6. Дефибрилляция
Науқас жағдайы жақсара бастады. Ауырсыну қайталанған жоқ. Пульс
жиiлiгi 110 бір минутта, АҚ 115/70 мм сын. бағ. ЭКГ:
қарыншалық
тахикардия, сол қарыншаның артқы қабырғасының инфаркті, аса өткір
кезеңі. Науқас ангиография бөлiмiне қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: