«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет86/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №4 
54 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: 
тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ 
бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi.
Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiмен ауырғаннан берi болмашы 
физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы
инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы екі апта бұрын төмендеген: 
ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының 
шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл
акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық 
тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, үнсiз ылғалды сырылдар 
естiлдi, тыныс жиiлiгi 26 мин. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ЖЖС 118 
минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 минутына, ырғақсыз, кернеуi 
мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы минутына 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, 
оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см шығыңқы, пальпацияда 
ауырады, тығыз эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген. 
ЭКГ: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF 
тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi. 
1. ЭКГ тұжырымын жасаңыз. 
2. Негiзгi синдромдары. 
3. Болжам диагнозы. Дәрігердің тактикасы. 
 
 
 


103 
№4. Жауаптары:
1. Жүрекшелер фибрилляциясы ЖЖС 92-125 аралығында. Миокардтың 
тыртықтық өзгерістері.
(RR арақашықтығы – 0,48; ЖЖС 125; RR арақашықтығы – 0,65; ЖЖС 92 
мин; кеңіген, терең Q тiсшесi тыртықтық өзгерістің белгісі, анамнезін қоса 
бағалағанда). 
2. Миокардтың тыртықтық зақымдалу синдромы (миокардтың басынан 
өткерген инфаркті); ырғақ бұзылысы; гепатомегалия; ЖШ ФК ІІІ (NYHA). 
3. Болжам диагнозы: 
Нег. ауруы: ЖИА. Миокардтың басынан өткерген инфаркті (мерзімі).
Жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолиялық түрі, ЕНRA ІІІ 
(ауыр симптомдар). CHA2DS2-VASc 4 балл (тромбоэмболиялық асқыну 
қауібі жоғары).
Асқ.: ЖШ ФК
III

ЖШ созылмалы түрінде порталмен стационарлық ем ұйымдастыру 
(кардиологпен 
кеңесе 
отырып, 
аурухана 
және/немесе 
стационаралмастырушы технологияны қолдану); есепке алу, жүйелі ем 
жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет