Жалпы ережелер



Дата29.02.2016
өлшемі108 Kb.
#31900
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

«Үржар ауданы бойынша Салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының есептелуін, ұсталуын және аударылуын, Мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың есептелуін және төленуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлырдың жекчелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымы саласында мемлекетік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені башылыққа алады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы тұлға болып табылады, өз атауы мемелекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық органдарында шоттары бар.

Басқарма азаматтық-құқықтық қатыстарға өз атынан түседі.

Басқарма өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшыларының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғалардың бұйрықтарымен рәсімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығады.

Басқарманың құрылымын Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіінң жауапты хатшысы бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

Басқарманың заңды мекен-жайы: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Фрунзе көшесі, 10.

Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Үржар ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекеме.

Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

Басқарманы қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Басқармаға кәсіпкерлік субъектілері мен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерін орындау шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары мен құқықтары

Басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады: мемлекеттік мүдделерді қорғау;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіпте салық төлеушінің салық міндеттемелерін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндеттерді орындауына бақылау;

Әлеуметтік аударымдардың толық есептелуін және уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын бақылау;

Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивиденттердің, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;

Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;

Салық төлеушілерге (салық агенттеріне) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін, белгіленген салықтық өтініштер

нысандарының бланкілерін және (немесе) салық есептілігі мен өтінішті электронды түрде табыс ету үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;

Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару, айыппұлдарды қайтару;салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;есептелегн, қоса есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу;есептелеген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және ұсталған әлеуметтік аударымдарды есепке алу;бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;өз кұзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;салық салу саласындағы заңнаманы қлдану тәжиребесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексерістерн жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;халықаралық іскерлік операцияларда трансферлік бағаларды колдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;

Салық кодексіне сәйкес салық міндеттемелерінің орындалуын және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін мәжбүрлі тәртіпте өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;салық төлеушілердің (салық агенттерінің) Басқарманың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарау;салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;резидент есемтің

Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беру;

Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдау;салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап ету және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылау;салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіру және түсінік беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;салық заңнамасының орындалуына бақылауды асыру бойынша жергілікті органдармен өзара іс-әрекет жасасу;этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу;өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақтылы түсуін бақылау;мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға толық және уақтылы берілуін, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақтылы түсуін бақылау;өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.

Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:

салық бақылауын жүзеге асыруға;

заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарманың функцияларын іске асыру

үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына,

ақшасының, құнда қағаздарының бар, жоқтығына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге;

Салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сі\әйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;

Салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтыө нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;

Салықтық тексеру барысында Қазастан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;

Нұсқама негізінде объектінің ттұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүлікті тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге; банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан Салық кодексінің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға

банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, Салық кодексінің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;

Акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардың айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаға акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуі бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;

Салықтық тексерулерге маманарды тартуға;

Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе есптілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;

Арнаулы салық режимін қолдану туралы не колданудан бас тарту туралы, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы талап-арыз беруге;

Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге;

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауы үшін міндеттінұсқаулар беруге;

Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс қозғау және жазалар қолдануға;қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-

шаралар ұйымдастыруға және өткізуге; кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқылы;

Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3. Басқарманың мүлкі

Басқарма оқшауланған мүлкін жедел басқаруға құқылы.

Басқарма бекітілген мүлік республика меншігіне жатады, ол мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Басқарма теңгермесінде көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.

Басқарма оған бекітілген мүлікті өздігінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Басқарма қызметін ұйымдастыру.

Басқарма тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.

Басқарманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс қазастан облысы бойынша Салық департаменті Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басшы басқарады.

Басқарма Басшысының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Басшысықызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары бар.

19.Басқарма Басшысы Басқарма жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.

20.Басқарма Басшысы:

өзінің орынбасарларының және Басқарманын құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен уәкілеттігін айқындайды;

заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Басқарма басшысының орынбасарларын қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының орынбасарларын және қызметкерлерін іс-сапарға жіберу, оларға материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

Басқарма басшысының орынбасарларын қоспағанда, Басқарма қызметкерлеріне демалыс беру мәселесін шешеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

Басқарманың құқықтық актілеріне қол қояды;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс қазақстан облысы бойынша Салық департаментіне берілетін есептіліктің дұрыстығына жеке жауап береді;

Басқарманы барлық мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарда таныстырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

21. Басқарма басшысы жоқ болған уақытта оның міндетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің басшысы белгілейтін орынбасарларының бірі атқарады.



5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және басқару

22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет