Бета-адреноблокаторлар гипертониялық ауруда әсерісе ерте кезендеріне кеңінен қолданылады. Гипертониялық ауру кезінде бета-адреноблокаторлардын анаприлинді /индерал/, окспренололды/тразикор/, пиндолол / вискен/, алпренололды / оптин/, талинололды / корданум/ жиі қолданылады бета-адреноблокаторлардың антигипертензивті әсері миокардтың бета рецепторлардың тежеу нәтижесінде жүректің кан айналуының төмендеуінен болады. Бета-блокаторлар емдеудің 1-3 аптасынан кейін антигипертензивті әсер көрсетеді. Бастапқы кездерінде тамырлардың карсыласуын жоғарылатуы мүмкін, өйткені олардын жазық мускулатурасынын бета-рецепторларды тежейді. Бета-адреноблокаторлардын кардиоселективтілігі бойынша, симпатомиметикалық белсенділігі бойынша және мембраностабилизирлеуші әсері бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Кардиоселективті препараттарды /талинолол/ тыныс алу жолдарынын аурулары, шеткері артериаялардың бұзылыстары бар науқастарға берілмейді. Синусты түйінің қызметінің және өткізгіштігінің тежелуінен бета-адреноблокаторлар брадикардия тудырып, атриовенрикулярлы түйінің өткізгіштігін тежейді. Кардиоселективті емес препараттар бронхтардағы бета-2-рецепторларды тежеп бронхиалды астмасы бар науқастардын жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бета-адреноблокаторлардың жиі кездесетін жығымсыз әсерлері аяқ қолдың суықтау сезімі. Рейно синдромының асқынуы болып табылады. Майда жақсы еритин және ГЭТ жақсы өтетің препараттармен емдегенді депрессия болуы мүмкін. Асқазан ішек жолдарынан өтуі, іштің аурысынуы, іш қату болуы мүмкін, кейде, теріде бертпе пайда болады. В А З О Д И Л А Т А Т О Р Л А Р
Кальций өзекшелерін тежегіштер – нифедипин және верапамил – артериолаларлдың бұлшыкетті қабатының жасушаларында кальций иондарының түсуін тежейді. Ол тамырлардың жалпы шеткері карсыласуының төмендетеуіне әкеледі. Соңдықтан препаратты антигипертензивті дәрі ретінде қолданады.
НИФЕДИПИН - /коринфар, кордафен/ - верапамилге карағанда тамырларды кенейткіш әсері күшті, сондықтан гипертониялық ауруды емдеу үшін ен әсерлі болып табылады ол диастолалық артериялық қысымды төмендетеді. Нифедипинді жедел көтерілген артериялық қысымды түсіргенде рефлекторлы тахикардия қоса дамуы мүмкін. Соңдықтан айқын және ұзақ гипотензивті әсерге жету үшін нифедипинді бета-адреноблокаторлармен біріктіріп қабылдаған жөн. Нифедипиннің жағымсыз әсерлері шамадан тыс вазодилатациямен байланысты, ол науқастарда бастың айналуымен, терінің қызаруымен, бастын ауырсумен, аяқтардың ісінуімен көрініс береді. Кейде лоқсу, психоздар немесе ОЖЖ тежелуі байкалады. Дәрінін дозасын төмендете кері әсерлері азаяды. Препаратты беруді біртіндеп токтау керек, 3 күн ішінде, өйткені тоқтау синдромы болуы мүмкін.
Артериолалық вазодилататорлар - /апрессин және миноксидил/ - артериолалардың жазық бұлшықетті талшықтарын босансытады. Вазодилатациялық әсері кальций иондардын жазық бұлшықетті жасушаға тасымалдануының өзгеруіне немесе жасуша ішінен босауының тежелуіне байланысты. Антигипертензивтіәс әсерді күшейту үшін апрессин мен миноксидилді диуретиктармен бірге қолданған жөн. Әдетте бұл препараттарды артериалдық гипертензиямен ауратын науқастарға береді.
Апрессин мен миноксидилді қабылданғанда жағымсыз әсерлер: жүректің кағуы, бастың ауруы, ісінулер.
Соңымен қатар апрессин – қызыл жиегіне ұксас синдром, ал миноксидил – гипертрихоз тудыруы мүмкін.
Артериолалық және венозды вазодилататорлар
Натрий нитропруссид - қысқа әсерлі күшті шеткері вазодилататорлар болып табылады. Симпатикалық нерв жүйесінің белсенділігіне нитраттар сияқты әсер етеді. Препаратты гипертониялық кризді жою үшін қолданады. Оны көк тамырға тамшылатып құяды. Натрий нитропруссидін ұзақ қабылданғанда бауырда тұзілетін метаболиттері – тиоцианат пен цианидтің жиналуы мүмкін. Тиоцинатпен уланғандағы белгілер: тырысу, психоздар, кома. Бұл кезде науқасқа витамин В12 натрий тиосульфатын, натрий гидрокарбонатын беру кере және өттегімен ингаляция жасау керек.
Препаратты жылдам еңгізде ортостатикалық гипотензия болуы мүмкін. Гипертиреоидизм, бүйрек пен бауыр кызметі нашарлағанда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |