«Жалпы химия» пәні бойынша зертханалық ЖҰмыстарғА Әдістемелік нұСҚаулар



бет19/33
Дата27.11.2023
өлшемі497.86 Kb.
#484560
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
МУ ЗЖ 2023-2024

Жұмыстың орындалуы
1 тәжірибе. Реакция жылдамдығына заттар концентрациясының әсері
Натрий тиосульфаты және күкірт қышқылы арасындағы реакцияны жалпы тендеумен көрсетуге болады

Na2S2O3+H2SO4 Na2SO4+ SO2+ S+ H2О


Жасалған тәжірибеде өлшемі бар 4 пробиркаға натрий тиосульфат 2% ерітіндісінен және суды құйыңыз (8 кесте бойынша). Содан кейін, ерітінділерді араластырып, біріншісіне - 6 мл қышқылды (H2SO4) қосыңыз. Белгілі уақыт ішінде түңба пайда болуын тексеріңіз. Қалған пробиркаларға реті бойынша қышқылды айтылғандай мөлшерде (6 мл) құйып, тұнба түскен уақытын жазып алыңыз.


8 кесте


пробирка

Көлемі, мл

Қышқыл
H2SO4

Тиосульфат концен-трациясы, 

тұнба түзілген уақыт,
 сек

Реакция жылдамдығы


Ерітінді


Na2S2O3

Н2О

1

2

4

6

33,3







2

3

3

6

50,0







3

4

2

6

66,6







4

6

-

6

100







Тәжірибеде алынған мәліметтер бойынша υ=ƒ(с) графигін құрастырыңыз, реакция жылдамдығы шамасын ординат өсінде, ал Na2S2O3 ерітіндісінің концентрациясын абцисса өсінде %-пен көрсетіңіз.


2 Тәжірибе. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері
Үш пробиркаға 4 мл -ден 2% натрий тиосульфатының ерітіндісін –қуйыңыз, ал қалған үш пробиркаға - 4 мл 2%–ті күкірт қышқыл ерітіндісінен қуйыңыз. Екі пробирканы (1-шісінде- Na2S2O3, 2-шісінде- H2SO4) суық суы бар стаканға 2-5 минутка қою қажет. Температураны белгілеп жазып алыңыз. Содан кейін күкірт қышқылын тиосульфат ерітіндісіне құйып, араластырыңыз. Тұнба пайда болу уақытын белгілеңіз. Осыдан кейін тәжірибені тағы екі рет қайталаңыз, тек стақандағы судың температурасы 100 С және 200 С бастапқы температурадан жоғары болғанша ыстық су қосу арқылы орналастырасыз. Нәтижелерді 9 кестеге жазыңыз.
Берілген 9 кесте бойынша υ= ƒ(t) график құрастырыңыз, және Вант-Гофф ережесі орындалу жөнінде температуралық коэффициенттерді есептеп, қорытынды жасаңыз.
9 кесте

пробирка



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет