зертханалық жұмыс.
Тақырып «Ерітінділер және оларды дайындау»
Жұмыстың мақсаты:
Құрғақ заттар мен концентрлген қышқылдардан әр түрлі ерітінділерді дайындау
Ареометр арқылы ерітінділердің тығыздығын анықтау және дайындалған ерітінділердің басқа концетрацияларын есептеп шығару
Теориялық кіріспе
Ерітінділер деп ең кемінде екі компоненттен тұратын гомогенді жүйені атайды. Бірінші компонент - ериген зат, екіншісі - еріткіш. Ерітінділер газ, сұйық немесе қатты агрегаттық түрде бола алады. Ерітінділердің негізгі сипаттамаларының бірі - концентрациясы болып табылады.
Ерітіндінің концентрациясы деп ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі көлеміндегі немесе массадағы еріген заттың мөлшерін атайды. Ерітіндінің концентрациясын бірнеше тәсілдермен көрсетуге болады: массалық процентті концентрация, молярлығы, эквивалентті немесе нормальді концентрация, моляльдығы, титр және т.б.
Массалық процентті концентрация (ω) - ерітіндінің 100 грамындағы еріген заттың грамм санын көрсетеді.
, (35)
мұндағы m1- еріген заттың массасы, г; m2- ерітіндінің массасы, г.
Молярлылық (СМ )– ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың моль санын көрсетеді.
, (36)
мұндағы m - еріген заттың массасы, г; М- еріген заттың молярлық массасы, г/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.
Нормальдылық (эквиваленттік концентрация) (Сн )- ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың эквиваленттер санын көрсетеді.
, (37)
мұндағы m - еріген заттың массасы, г; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.
Моляльдылық (Сm )– еріткіштің 100 грамындағы еріген заттың моль санын көрсетеді.
Титр (Т)- ерітіндінің 1 см3 (мл)-дегі еріген заттың граммй» санын көрсетеді.
, (38)
мұндағы Сн – ерітіндінің нормальдылығы, г-экв/моль; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль;
Достарыңызбен бөлісу: |