5 Құрамында 6% қоспалар бар, 5 т кальций ортофосфатынан ортофосфор қышқылын өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Кальций ортофосфатының өзгеру дәрежесі 92%. Өндірісте 93%-ті күкірт қышқылы қолданылады.
6 Құрамында 47% күкірт бар колчеданды күйдіргенде алынатын тұқылдың шығуын анықтау қажет. Тұқылда 1% күймеген күкірт бар.
Нұсқа 12
1 Аммиакты өндірудің теориялық негіздерін сипаттау, процестің тиімді жағдайларын және аммиак синтезін тұйық схема бойынша жүргізу керектігін дәлелдеу.
2 Технологиялық газдарды күкіртті қосылыстардын тазарту әдістерін сипаттау.
3 Егер ацетиленнің өзгеру дәрежесі 72%, этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 61%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 73% болса, сонда 4 тонна бензол алуға қажетті ацетиленнің және келесі құрамды сутек газының: Н2 – 96%; О2 – 0,91%; N2 – 3,09% шығын коэффициенттерін есептеу қажет.
4 Құмырсқа қышқылын нейтралдауға қажетті, құрамында 10% NаОН бар натрий гидроксиді ерітіндісінің шығын коэффициентін есептеу қажет. Сілтінің өзгеру дәрежесі 77%. Есептеуді дайын өнімнің 2 тоннасына орындау қажет.
5 Келесі құрамды газдың 67,2м3: (%об.): бутан – 94%; пропан – 4%; этан – 2% тотығу процесінің материалды балансын құрастыру қажет. Ауаның құрамы (%об.): О2 – 21%; N2 – 79% деп аламыз. Бутанның өзгеру дәрежесі 86%.
6 Пештік бөлімшеден 2,5 сағатта шығарылатын тұқылдың мөлшерін анықтау қажет. Күкіртқышқылды зауыттың пеш бөлімшесі, әр қайсысың тәулігіне өнімділігі 150 тонна болатын, КС (ҚҚ қайнайтын қабат) пештерінен тұрады. Күйдіруге келетін колчеданның құрамында 41% S (құрғаққа есептегенде) бар. Пештен шығатын тұқылда 2% күкірт бар.
Нұсқа 13
1 Күйдіргіш газды жанама улардан тазарту процесінің физика-химиялық негіздерінің және аппаратуралық безендірілуінің сипаттамасы.
2 Орташа қысым кезіндегі аммиакты синтездеудің технологиялық схемасын көрсету және сипаттау.
3 Егер реакцияға 95% аммиак енсе, NО-ның шығуы теориялық мүмкіннен 80%-ті құраса, ал дайын өнімнің шығуы 95% болса, сонда азот қышқылы өндірісіндегі ауаның (О2 –21%, N2 – 79%) және келесі құрамды аммиактың : NН3 – 19%, N2 – 12%, Н2 –69% шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Есептеуді 500 кг азот қышқылына жүргізу қажет.
4 Құрамында 72% (масс.) калий гидроксиді бар ерітіндінің Н2SО4-ті нейтралдауға қажетті шығын коэффициентін анықтау қажет. Сілтінің өзгеру коэффициенті 91%. Есептеуді Nа2SO4-тің 1,2 тоннасына есептеу қажет.
5 5,5 тонна ацетиленді келесі құрамды табиғи газдан (%об.):
-
СН4 – 90%;
-
С2Н6 – 5%;
-
С3Н8 – 2%;
-
N2 – 3%.
өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Метанның өзгеру дәрежесі 91%-ті құрайды.
6 Жинағыштағы моногидраттың мөлшерін анықтау қажет. Диаметрі 1,5 м болатын вертикалды цилиндрлі жинағыш 0,75 м-ге 92 %-ті күкірт қышқылымен толтырылған. 92 %-ті қышқылдың 20 °С-дағы тығыздығы 1824 кг/м3.
Нұсқа 14
1 Жанама күкірт қышқылын колчеданнан алудың қазіргі заманғы өндірісінің тазартатын бөлімінің технологиялық схемасы мен жабдықтауының сипаттамасы
2 Азот қышқылы өндірісіндегі аммиактың тотығуына әсер ететін әртүрлі факторларды сипаттау.
3 С2Н5ОNa-дың шығуы теориялық мүмкіннен 85% болғандағы, диэтилэфирін өндіруге қажетті 96%-ті С2Н5ОН және Nа-дың шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Есептеуді эфирдің 300 кг-на орындау қажет.
4 Ацетиленнің өзгеру дәрежесі 72%, этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 61%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 73% болғандағы,бензолдың 4 тоннасын өндіруге қажетті ацетилен мен келесі құрамды : Н2 – 96%; О2 – 0,91%; N2 – 3,09% сутекті газының шығын коэффициенттерін есептеу қажет.
5 Өндірісте құрамында 91% СаО бар әк және келесі құрамды кокс (%масс.): күл – 3%; ұшқыш қосылыстар – 3%; ылғал – 3% болғандағы, құрамында (%масс.): СаС2 – 81%; СаО – 12%; С – 7% бар техникалық кальций карбиді өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Есептеуді техникалық өнімнің 1 тоннасына жүргізу қажет.
6 Қуаттылығы жылына 12 000 тонна болатын цехтағы, құрамында 83,3% CaSO4 бар ангидриттің, оны күкірт қышқылына өңдеу кезіндегі, сағаттық шығынын есептеу қажет. Жылдағы жұмыс күндері 350, бүкіл процестегі күкірттің қолдану коэффициенті – 87%.
Нұсқа 15
1 Жанама әдіспен күкірт қышқылын өндіруде қолданылатын катализаторлардың сипаттамалары.
2 Сұйылтылған азот қышқылын өндірудегі азот диоксидінің сумен абсорбциялану процесінің физика-химиялық негіздері.
3 Күкірт қышқылының 1300 кг-ын өндірудегі, құрамында 69% FeS2 және ауа (О2 – 21%, N2 – 79%) бар пириттің шығынын есептеу керек. SО2-нің шығуы теориялық мүмкіннен 60%. SО3-тің өзгеру дәрежесі 68%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%-ті құрайды.
4 NaOH-ты нейтралдау реакциясына қажетті 76%-ті Н2SO4-тің шығын коэффициентін есептеу қажет. Күкірт қышқылының өзгеру дәрежесі 90%. Есептеуді Nа2SO4-тің 1 тоннасына жүргізу қажет.
5 Этиленді ауамен тура каталикалық тотықтырумен жүретін этилен тотығының өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Алғашқы газдық қоспаның құрамы (%об.):
Этиленнің тотығу дәрежесі 60%. Есептеуді этилен оксидінің 500 кг-на орындау қажет.
6 Пешке келетін ауаның құрамындағы оттек түгелімен күйдіруге жұмсалады деп алып, колчеданды күйдірген кезде алынған, күйдіргіш газ құрамындағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін анықтау қажет.
Нұсқа 16
1 Күкірт қышқылын алудың нитрозалық әдісінің физика-химиялық сипаттамасы.
2 Сұйық ауаны ректификация әдісімен азот және оттекке бөлудің теориялық негіздері. Қондырғының эскизін көрсету.
3 1 тонна аммиак өндірісі кезіндегі су буы мен құрамында 91% метан бар табиғи газ шығынын есептеу қажет. СН4-тің өзгеру дәрежесі – 87%, сутектің шығуы теориялық мүмкіннен 91%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 79%.
4 Аммиактың өзгеру дәрежесі 59%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 81% болғандағы, 1 тонна аммоний нитратын алуға қажетті аммиак пен азот қышқылының шығын коэффициенттерін анықтау қажет.
5 Метанолдың формальдегидке каталикалық тотығуы реакторының материалды балансын құрастыру қажет. Спирт-ауалы қоспадағы метанолдың мөлшері 10%об. Метанолдың өзгеру дәрежесі 85%. Есептеуді дайын өнімнің 1 тоннасына жүргізу қажет.
6 Құрамында 87% H2S және 5% (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққан кезде алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін газ мөлшері газдың онеселік көлеміне тең. Ауаның құрамында 2,5% (об.) Н2О бар.
Нұсқа 17
1 Күкірт қышқылын нитрозалы әдіспен өндірудегі мұнаралық системалардың жабдықтауларының сипаттамасы. Негізгі процестердің эскиздарын көрсету қажет.
2 Азот өнеркәсібінің шикізатының сипаттамасын келтіру.
3 Кеннің шығыны 2 тонна, кеннің өзгеру дәрежесі 73% болғандағы, темір кенінен (Fe2O3) алуға болатын, құрамында 85% темір бар шойынның мөлшерін анықтау қажет.
4 Этанның өзгеру дәрежесі 37% болғандағы, этанолдың 1,5 тоннасын өндіруге қажетті, этанның және су буының шығын коэффициенттерін анықтау қажет. Этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 71%. Этанолдың шығуы теориялық мүмкіннен 59%. Дайын өнімде 76% этанол бар.
5 Әк тастың құрамында 10% қоспалар бар болғандағы, келесі құрамды (%масс.): Nа2СО3 – 93%; NаНСО3 - 6%; басқа қоспалар – 1% сода қолданғандағы кәдімгі шынының 5 тоннасын өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Сода мен әк тастың өзгеру дәрежесі 81% және 85%. Есептеуде кварцты құм қоспасыз деп аламыз. Кәдімгі құм өндірісінде шикізат ретінде кварцты құм, сода және әк тас қолданылады.
6 Пештің негізгі астының ауданы 16,7 м2 болғандағы, пештің интенсивтігін, немесе пештің астының 1 м2-де жағылатын колчедан мөлшерін (45 %-ге есептегенде) анықтау қажет. КС-200 пешінде, құрамында 41% күкірт бар, колчеданның сағатына 10 тоннасы жанып кетеді.
Нұсқа 18
1 Өнеркәсіптік катализдің маңызы мен қолдану аймағының сипаттамасы. Катализ түрлері мен мәні.
2 Метанды буауалық конверсиялау әдісімен азотсутектік қоспаны алудың технологиясының сипаттамасы
3 Кеннің шығыны 15 тонна, кеннің өзгеру дәрежесі 81% болғандағы, темір кенінен (Fe3O4) алуға болатын, құрамында 95% темір бар шойынның мөлшерін анықтау қажет.
4 Кальций карбонатынан алуға болатын, құрамында 91% СаО бар, күйдірілген ізбестің массасын анықтау қажет. Карбонат шығыны 8 т. Кальций карбонатының өзгеру дәрежесі 91%.
5 100 тонна азот қышқылын өедірудің материалды балансын құрастыру қажет. Аммиак-ауалы қоспадағы аммиактың мөлшері 3%об. Аммиактың тотығу дәрежесі 89%.
6 Диаметрі 5,2 м, биіктігі 9 м, ал интенсивтігі 1100 кг/(м3*тәулігіне) болатын, колчеданды шаңтәрізді күйдірудегі пештің өнімділігін есептеу қажет.
Нұсқа 19
1 Көмірсутекті газдарды конверсиялаумен сутекті өндіру әдістерінің сипаттамасы. Бұл әдістердің салыстырмалы сипаттамалары.
2 Азотсутекті қоспаны көміртек диоксиді мен күкіртсутектен тазарту әдістерінің сипаттамасы.
3 Күкірт қышқылы өндірісіндегі S және SO2 жоғалулары 3%, ал абсорбциялану дәрежесі 98% болғандағы, күкірт қышқылының 1 тоннасында 40% S бар, колчедан шығынын есептеу қажет.
4 16 тонна пириттен 76% Н2SО4-тің қанша тоннасын алуға болады. Пириттің өзгеру дәрежесі 80%.
5 10т ТiО2 өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Ильменитті кеннің құрамы (%масс.): FеТiО3 – 70%; Fe2О3 - 29%; басқа қоспалар – 1%. FеТiО3-нің өзгеру дәрежесі 81%. Өндірісте 76%-ті күкірт қышқылы қолданылады.
6 Күкіртті жағатын пештерге беруге қажетті ауаның теориялық мөлшерін есептеу қажет. Күкірт қышқылы өндірісінің шикізаты ретінде келесі құрамды 1-ші сортты күкірт: S – 98,2%; As – 0,01%; H2O – 1,5%; күл – 0,29 % қолданылады. Күйдіретін газда 18% (об.) SO2 бар.
Нұсқа 20
1 Сутекті (азотсутекті қоспаны) коксты газды бөлумен өндіруді сипаттау.
2 Нитрозалы газдарды сұйылтылған азот қышқылына дейін өңдеу процесінің сипаттамасы.
3 15 тонна ацетальдегид өндірудегі,СаС2-нің өзгеру дәрежесі 85%, ацетиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%, ал ацетальдегидтің шығуы теориялық мүмкіннен 79% болғандағы, судың және келесі құрамды техникалық кальций карбидінің: СаС2 – 82%, СаО – 11%, С – 7% шығын коэффициенттерін есептеу қажет.
4 Хлорсутектің өзгеру дәрежесі 79%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 70% болғандағы, NaCl-ды алуға қажетті, құрамында 85% НСl бар газдың шығын коэффициентін есептеу қажет.
5 Өндірісте құрамында 93% (масс.) – NaCl бар ас тұзы және құрамында 9% (масс.) қоспалар бар купорос майы қолданылатын 10т Na2SO4-тің тұзды-сульфатты өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Тұз және купорос майының ыдырау дәрежесі 87% және 79%.
6 Пешке келетін ауаның түгел оттегі күйдіруге жұмсалды деп алып, колчеданды күйдірген кезде алынған, күйдіретін газдағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін есептеу қажет. Ауа 25%-тік артықшылықпен беріледі.
Нұсқа 21
1 Қаратау фосфориттерінің күкіртқышқылды ыдырау ерекшеліктерін түсіндіру. Олардан экстракциялы фосфор қышқылын өндірудің технологиялық сипаттамасын келтіру.
2 Күкірт қышқылы өндірісінің күкіртқұрамды шикізаттарының түрлерінің сипаттамасы. Күкіртті кендерден алу, күкіртті тазарту. Күкіртті кендерді кешенді өңдеу қондырғысының схемасын келтіру.
3 Оксидтің өзгеру дәрежесі 76%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 65% болғандағы, 30 т фосфор қышқылын алғандағы фосфор оксиді(V) мен судың шығынын анықтау қажет.
4 Кеннің шығыны 15 тонна, ал кеннің өзгеру дәрежесі 90% болғандағы, темір кенінен (FeO2) алуға болатын, құрамында 91% темір бар, шойынның мөлшерін анықтау қажет.
5 Келесі құрамды (%масс.): СО – 52%; Н2 – 15%; N2 – 33% генератор газының 150 тоннасын алудың материалды балансын құрастыру қажет. Қоңыр көмір құрамында 92% көміртегі бар. Ауаның құрамы (%об.): О2 – 21%; N2 – 79% деп аламыз.
6 Құрамында 70% H2S және % (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққанда алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін ауаның мөлшері газдың онеселік көлеміне тең. Ауада 4% (об.) Н2О бар.
Әдебиеттер
1 Беляева И.И. Сборник задач по химической технологии /И.И. Беляева, В.А.Трофимов и др. – М. : Просвещение, 1982. – 371 с.
2 Бояринов А.И. Методы оптимизации в химической технологии
/ А.И.Бояринов, В.В.Кафаров. – М. : Химия, 1975. – 134 с.
3 Вэйлас С. Химическая кинетика и расчеты промышленных реакторов / С.Вэйлас. – М. : Химия, 1967. – 426 с.
4 Гордеев Л.С., Кафаров В.В., Бояринов А.И.Оптимизация процессов химической технологии / Л.С. Гордеев, В.В. Кафаров, А.И. Бояринов. – М. : МХТИ им.Д.И.Менделеева, 1972. – 395 с.
5 Кутепов А.М. Общая химическая технология /А.М.Кутепов, Т.И.Бондарева, М.Г.Беренгартен – М. : Высшая школа, 1990. – 264 с.
6 Общая химическая технология: учебное пособие /А.Г.Амелин – М. : Химия, 1977. – 288 с.
7 Основы химической технологии / под ред. И.П. Мухленова – М. : Высшая школа, 1991. – 552 с.
8 Практикум по общей химической технологии / под ред. И.П. Мухленова. – М. : Высшая школа, 1979. – 378 с.
9 Расчеты химико-технологических процессов / под ред. И.П. Мухленова. – Ленинград : Химия, 1982. – 426 с.
10 Смирнов Н.Н. Химические реакторы в примерах и задачах /Н.Н. Смирнов, А.И.Волжанский. – Ленинград : Химия, 1986. – 368 с.
11 Соколов Р.С. Химическая технология: учебное пособие / Р.С. Соколов – М. : Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2003. – 704 с.
12 Физико-химические закономерности химических процессов / под ред. В.С. Бескова, Е.В. Сучкова и др. – М. : 1999. – 400 с.
13 Химико-технологические системы / под ред. И.П. Мухленова. – Ленинград : Химия, 1985. – 260 с.
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................3
1 Жалпы әдістемелік нұсқаулар.............................................................5
1.1 Мазмұны мен дайындауға қойылатын талаптар...............................6
2 «Жалпы химиялық технология» курсының бағдарламасы..............6
2.1 Химиялық өндіріс.................................................................................7
2.2 Химиялық өндіріс химия-технологиялық жүйе (ХТЖ) ретінде......7
2.3 Химиялық процестер............................................................................8
2.4 Химиялық реакторлар..........................................................................9
2.5 Өнеркәсіптік химиялық өндірістер...................................................10
3 Бақылау тапсырмалары......................................................................12
3.1 Тапсыманы орындау үшін нұсқаны таңдау әдістемесі...................12
3.2 Мысалдар мен тапсырмаларды орындаудың
әдістемелік ұсыныстары.....................................................................12
3.3 Бақылау тапсырмаларының нұсқалары............................................21
Әдебиет................................................................................................35
Достарыңызбен бөлісу: |