«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет33/51
Дата15.02.2024
өлшемі280.68 Kb.
#491990
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

Алу әдістері
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері ;
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері — поликонденсациялану және полимерлену реакциялары. Кіші молекулалы мономерлердің жоғары молекулалы полимер молекулаларына бірігуінің үш түрлі әдісін атауға болады:
  • қанықпаған көмірсутектердің еселі байланысының үзілуі немесе тұйық тізбектердің ашылуы есебінен;


  • эфирлік байланыстардық түзілуі — С — О — С — есебінен;


  • функционалдық топтар арқылы амидтік байланыстардың түзілуі — С — N — есебінен.




  • Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады.




  • Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды.

Полимерлердің медицинада қолданылуы
Қазіргі уақытта хирургияда келесі әдістер үшін полимерлерден жасалған материалдар кеңінен қолданылады:
  • жүрек-тамыр жүйесі элементтерінің зақымдануы;


  • сүйек пен буын элементтерін ауыстыру;


  • сіңірлерді, жұмсақ тіндерді протездеу;


  • резекцияланған (бөлінген) терілерді қосу;


  • терінің зақымдануы;


  • тістің зақымдануы;


  • хирургиялық тігістер жүргізуде


  • көру және есту органдарының зақымдалуы кезінде




Полиметилметакрилат
Қазіргі уақытта полиметилметакрилат біздің елімізде және шетелде медицина саласында кеңінен қолданылады. Ол жүрек клапандарын, қан тамырларының протездерін, мұрын қуысының, өңештің, асқазанның, мочевинаның, өт жолдарының түтікшелерін, көз линзаларын дренаждау үшін қолданады.
Коллаген
Коллаген негізіндегі заттардан коллагенді пленкалар, губкалар, жіптер, түтікшелер алуға болады. Олар жараларды, күйіктерді, пульпиттерді емдейді, тамырларға, клапандарға, трахеяға, күйік немесе травматикалық этиологияның тері ақауларын жабу үшін, Сондай-ақ сіңіргіш материал ретінде және сүйек қабықтарын толтыру үшін гемостатикалық агент пен тампон ретінде қолданылады. Косметика саласында әжімдерді тарту үшін, бет терісі әсемдігін сақтау үшін қолданыс тапқан.
Стомотологияда тіс протездерін жасауда акрилді шайырлар кеңінен қолданыс тапқан.
Полимерлік материалдар фармацевтикада дәрілердің капсулаларын дайындауда, қаптау мен орамдауда қолданылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет