«Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті



Дата07.07.2016
өлшемі194.8 Kb.
#182892




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджменті жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет 10




ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ


«Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті (Г1-424 дәрісхана).

Пән жүргiзетін оқытушы: Муслиманова Гүлнар Ерсаинқызы, техника ғылымының кандидаты, доцент.

Жұмыс телефоны: 540-707.

Дәрісханалық сағатқа және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі мен оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Физика-математика пәндері қатарына жататын инженерлік механика пәні көптеген сала бойынша инженерлік мамандар даярлауда елеулі үлес қосады. Ол – материалдар кедергісі, серпімді және пластикалық деформациялар теориясы, құрылыстық механика, т.б. механика салаларының заңдары мен принциптеріне сүйенеді.

“Инженерлік механика” пәнi әр түрлi ғимараттардың көпшiлiгiне ортақ жалпыланған элементтерiнiң өз қызметiн сенiмдi және тиiмдi атқаруына байланысты мәселелердi шешумен айналысады.


1.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
“Инженерлік механика” пәнiнiң алдына қойылатын мақсаттары: 1) ғимараттардың элементтерiнiң берiктiкке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; 2) конструкциялық материалдардың механикалық қасиеттерiмен танысу; 3) тәжiрибелiк механика негiздерiмен танысу.

“Инженерлік механика” курсындағы теориялық мәлiметтердi жақсы ұғынып, есептерiн дұрыс шығарып үйрену үшiн студент сабақта оқытушының айтқанын аса мұқият тыңдауы, түсiнбеген тұстарын бiрден сұрап отыруы және сабақтан тыс уақытта өз бетiнше оқулықтан тақырыптарды үнемi пысықтап отыруы қажет.

Студенттердiң “Инженерлік механика 1” курсына қызығушылығын арттыру үшiн оқытушылар сабақта өмiрден және де студенттердiң болашақ мамандықтарынан мысалдар келтiрiп отырғаны абзал. Ғылымның даму тарихынан да мәлiметтер берiлгенi дұрыс. Бұл ғылымды игерудегi талапкерлiк, еңбекқорлықтың көрнекi мысалдары бола алады.
1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі:

Білім алушылар білуге тиіс:

-инженерлік механиканың негізгі ұғымдарын;

-механиканың аксиомалары мен теорияларын қолданып, күштер жүйесін түрлендіру тәсілдерін, абсолютты қатты денелердің, түйіскен күштердің, параллель күштердің, жазықтықта және кеңістікте кез-келген түрде түсірілген күштердің әсерімен тепе-теңдікте табылу шарттарын;

- құрылымдармен ғимараттардың элементтерiнiң беріктікке, қатаңдыққа, орнықтылыққа есептеу;

- экономикалық талаптарды қанағаттандыратын құрылымдар бөлшектерінің тиімді пішіндерін анықтау.



Дағдылары:

-теориялық механиканың (статика, кинематика, динамика бөлімдерінің) заңдары мен қағидаларын терең игеру;

-техникалық және инженерлік есептерді шешкенде механиканың заңдарын қолдана білу.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:

-механикадағы есептерді талдау және қорытындылау;

-кәсіби қызметте пәндердің негізгі заңдарын қолма-қол бейымдеу қабілеті, зертханалық және эксперименттік зерттеулерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану қабілеті;

-механикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті,

-өндірістік жағдайда шешімдер табу қабилеті.


1.4 Пререквизиттер
«Жоғары математика», «Физика».
1.5 Постреквизиттер
«Материалдар кедергiсi», «Құрылыс механикасы», «Құрылыс конструкциялары».

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Көп еңбекті қажет ететін пән, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1.

Жалпы инженерлiк және арнаулы пәндер iшiнде “Инженерлік механика” курсының орны және оған сабақтас пәндермен байланысы. Материалдар кедергiсi есептерiн шешу ерекшелiктерi. Жиi кездесетiн есептеу сүлбелерi. Денелердi ықшамдау: сырық, тақта, қабықша. Материалды ықшамдау: серпiмдiлiк және пластикалық, бiртектiлiк және материалдардың механикалық сипаттамалары. Қималар әдiсi. Жүктеу түрлерi. Кернеулер. Ығысулар мен деформациялар.


2


[1,2,3]

Тақырып 2.

Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Статикалық, центрлiк, өстiк


2


[1,2,3]

1

2

3

моменттер.







Тақырып 3.

Центрлiк өстердi параллель жылжыту, центрлiк өстердi бұру кездерiндегi инерция моменттерiн анықтау. Инерция радиусы. Мысалдар


2


[1,2,3]

Тақырып 4.

Центрлiк созылу – сығылу. Бойлық күштер. Бойлық күштердiң эпюрасы. Созылу кезiндегi кернеу және деформация, берiктiкке есептеу түрлерi.



2


[1,2,3]

Тақырып 5.

Материалдардың механикалық сипаттамалары. Майысымдық, морт сынғыштық, қаттылық. Мүмкiндiк кернеу және қауiпсiздiк еселiгi. Созылу және сығылу кезiндегi Гук заңы. Ауырлық күшінің әсері. Статикалық анықталмаған жүйелер. Температуралық және монтаждық кернеулер.



2



[1,2,3]


Тақырып 6.

Кернеулi және деформациялы күйлер теориясы. Негiзгi түсiнiктер. Жазық кернеулiк күйдiң жалпы жағдайы. Бас кернеулер. Кернеудi құраушылар және олардың белгiлерi. Гуктың жалпылама заңы. Деформация энергиясы. Беріктік жорамалдары.



2

[1,2,3]

Тақырып 7.

Жазық иiлу. Иiлу кезiндегi деформация. Жанама күштер және иiлу моментi. Таралған күштiң қарқындылығы, жанама күш және ию моментi арасындағы өзара дифференциалдық қатынас.


2


[1,2,3]

Тақырып 8.

М және Q эпюраларын құру ережесi. Иiлу кезiндегi тiк, жанама кернеулер. Иiлген арқалықты берiктiкке есептеу. Иілу кезіндегі орын ауыстыру.



2


[1,2,3]

Тақырып 9.

Арқалықтың серпімді сызығының (майысуының) дифференциалдық теңдеуі. Қатаңдық шарты.


2


[1,2,3]

Тақырып 10.

Таза ығысу, қиылу немесе кесiлу. Шартты есептеулер (тойтарып шегелеу, дәнекерлеу, пiсiрiлген жiктер және т.б.). Ығысу кезiндегi Гук заңы және берiктiк шарты.


2


[1,2,3]

Тақырып 11.

Бұралу. Кернеулер мен деформациялар. Бұралған бiлiктердi берiктiк пен қатаңдыққа есептеу. Бұралу деформациясының потенциалдық энергиясы.


2


[1,2,3]

Тақырып 12.




[1,2,3]

1

2

3

Күрделі карсыласу. Қиғаш иілу. Центрден тыс созылу (сығылу).

2




Тақырып 13.

Иіліп бұралу. Иіліп бұралған біліктерді есептеу


2


[1,2,3]

Тақырып 14.

Орнықтылық. Бойлық иілу Ауыспалы күш. Эйлер және Ясинский формулалары.


2


[1,2,3]

Тақырып 15.

Динамикалық күштердің әсері. Қозғалыс кезіндегі инерция күштерін ескеру. Соққы күштерінің әсеріне есептеу.


2





Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

Тақырып 1.

Жазық фигуралардың геометриялық сипаттамасы


2


[1,2,3,4]

Тақырып 2.

Статикалық анықталмайтын жүйенi созылу-сығылу кезінде беріктікке есептеу


2


[1,2,3,4]

Тақырып 3.

Арқалықтардың көлденең күштері мен иiлу моменттерiн анықтау мен эпюрлерін тұрғызу


3


[1,2,3,4]

Тақырып 4.

1-межелiк бақылау


1


[1,2,3,4]

Тақырып 5.

Жазық иілген арқалықты беріктік пен қатаңдыққа есептеу


2


[1,2,3,4]

Тақырып 6.

Иіліп бұралған білікті беріктікке есептеу


2


[1,2,3,4]

Тақырып 7.

Центрлік сығылған тағандарды орнықтылыққа есептеу


2


[1,2,3,4]

Тақырып 8.

2-межелiк бақылау



1

[1,2,3,4]

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1.

Созылу диаграммасын қарастыру. Сынау нәтижесінде алынатын шекті кернеулер мен оларға сәйкес салыстырмалы ұзаруларды (материалдардың сипаттамалары) анықтау және талқылау.


4


[1,2,3,4,5]

Тақырып 2.

Серпімділік модулі мен Пуассон коэффициентін анықтау.


4


[1,2,3,4,5]

Тақырып 3.

Сығылу кезіндеегі материалдардың күйін зерттеу және механикалық сипаттамаларын анықтау.


4


[1,2,3,4,5]

Тақырып 4.

Кесілу кезіндегі болат үлгінің күйін зерттеу.


3


[1,2,3,4,5]

Тақырып 5.




[1,2,3,4,5]

1

2

3

Сызықтың, жазық пішіндердің және денелердің ауырлық центрлері.

3





Тақырып 6.

Материалдың ығысу модулінің және ең үлкен жанама кернеудің мәндерін анықтау.


3


[1,2,3,4,5]

Тақырып 7.

Иілу кезіндегі көлденең қимадағы кернеулердің таралу заңдылығын зерттеу және анықтау.


3


[1,2,3,4,5]

Тақырып 8.

Жызық және қиғаш иілу кезіндегі орын ауыстыру мәндерін анықтау.


3


[1,2,3,4,5]

Тақырып 9.

Сынау кезінде үлгілердің күйін зерттеу.


3


[1,2,3,4,5]


2.2 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)


Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

№1 СЖ

Созылу мен сығылу. Статикалық анықталатын жүйелер.

[1]

10

Тапсырманы қорғау

2 апта

№2 СЖ

Созылу мен сығылу. Статикалық анықталмайтын жүйелер.

[1]

10

Тапсырманы қорғау

5 апта

№3 СЖ

Жазық қималардың геометриялық сипаттамамаларын анықтау.

[1]

10

Тапсырманы қорғау

6 апта

№4 СЖ

Арқалық үшін ішкі күштердің эпюрларын тұрғызу.

[1]

10

Тапсырманы қорғау

9 апта

№5 СЖ

Иіліп бұралған білікті беріктікке есептеу

[1]

10

Тапсырманы қорғау

12 апта

№6 СЖ

Сығылғын сырықтардың орнықтылығы.

[1]

10

Тапсырманы қорғау

14 апта




    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі



















*



















*




Жұмысты қорғау




*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Коллоквиум






















*
















*




Аралық тестілеу






















*



















*

3. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Негізгі әдебиеттер




  1. Муслиманова Г. Е. Материалдар кедергісі: кредиттік жүйе бойынша оқитын техникалық мамандықтардыњ студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау. 2 бөлім / Г. Е. Муслиманова, Е. Б. Шестакова ; ҚР білім жғне ғылым министрлігі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2008. - 74 б.

  2. Жүнісбеков С. Материалдар кедергісі : оқулық / С. Жүнісбеков, А. К. Қадырбаев ; ҚР білім және ғылым министрлігі). - Алматы : Бастау , 2008. - 370 б.

  3. Рақымбекова, Зифа Мәтенқызы. Материалдар механикасының есептер жинағы : оқу құралы / З. М. Рақымбекова. - Екінші басылымы. -Алматы : Дәуір, 2008.- 247 б.




    1. Қосымша әдебиеттер




  1. Үркiмбаев М.Ф., Жүнiсбеков С. Материалдар кедергiсi теорияларының негiздерi. Алматы, «Бiлiм», 1994 – 224б.

  2. Рахымбекова З. Материалдар кедергiсi. Алматы, 1999 – 290б.

  3. Түсiпов А. Материалдар кедергiсi: Оқу құралы – Алматы: Республика баспа кабинетi, 1993 – 140б.

  4. Дарков А.В., Шпиро Г.С. Сопротивление материалов. – М.: Высшая школа,1989– 624с.

  5. Дүзелбаев С.Т. және т.б. Материалдар кедергiсi курсынан есептер шығару мен ЭВМ пайдалануға арналған методикалық нұсқау. – Алматы: РОМК баспасы,1991 – 58б.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары

Оқытушы талаптары:



  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Жұмысты қорғау

Коллоквиум

Аралық тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

-

5

65

10

20

100

Рейтинг 2

-

5

65

10

20

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

КЖ – курстық жумысының бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


4.3 Қорытынды бақылауға арналған бақылау сұрақтары

  1. Бойлық күш дегеніміз не?
  2. Бойлық күштің және тік кернеудің эпюрасы деп нені айтады?

  3. Абсолюттік және салыстырмалы ұзарылу, қысқарылу қалай анықталады?

  4. Брустың көлденең қимасындағы тік кернеу қалай анықталады?
  5. Бірінші текті серпімділік модулінің физикалық мағанасы.

  6. Созылу (сығылу) кезінде Гук заңы қалай жазылады?

  7. Бұралу дегеніміз не?

  8. Бұралу кезінде қандай ішкі күш факторлары пайда болады?

  9. Қималардағы бұралу моменттері қалай анықталады?

  10. Бұралу кезіндегі беріктік шарты қандай?

  11. Брустың тұтас және сақина түрдегі қимасының полярлық инерция моменттері неге

тең?

  1. Білікке берілетін қуат арқылы бұралу моменті қалай анықталады?

  2. Жазық қиманың статикалық моменті дегенімз не?

  3. Қиманың өстік инерция моментіне анықтама беріңіз?

  4. Қиманың центрден тепкіш инерция моментіне анықтама беріңіз?

  5. Өстер бұрылған кезде өстік және центрден тепкіш инерция моменттері қалай анықталады?

  6. Полярлық инерция моменті дегеніміз не?

  7. Кедергі моментке анықтама беріңіз?

  8. Қиманың инерция радиусы қалай анықталады?

  9. Көлденең күштер мен иілу моменттерінің эпырасы дегеніміз не?

  10. Арқалықтың көлденең қимасындағы көлденең күш пен иілу моменті қалай анықталады?

  11. Көлденең күштер мен иілу моменттерінің таңбалар ережісі қалай?

  12. М, Q және q арасында қандай дифференциалдық тәуелділіктер бар?

  13. Кедергі момент дегеніміз не?

  14. Көлденең күштер мен иілу моменттерінің эпырасын салу ережесі қандай?

  15. Қауыпты қима дегеніміз не және бұл жағдайда беріктікке қалай есептелінеді?

  16. Иілу мен бұралу деформациясы кезінде қандай факторлар әсер етеді?

  17. Иілу мен бұралу кезінде брустың көлденең қимасында қандай кернеулер пайда болады?

  18. Иілу мен бұралу кезінде брустың қимасындағы қауіпті қима қалай анықталады?

  19. Иілу мен бұралу кезінде дөңгелек көлденең қиманың қандай нүктелері қауіпті болады?

  20. Иілу мен бұралу кезінде брустың дөңгелек көлденең қимасындағы эквивалент момент, үшінші беріктік теориясы бойынша, қалай анықталады?

  21. Қандай жағдайда жүйе орнықты тепе-теңдік күйде?

  22. Қандай жағдайда жүйе орнықсыз тепе-теңдік күйде?

  23. Кризистік жағдайға ауысу дегеніміз не?

  24. Эйлер формусалын келтіріңіз?

  25. Сырықтардың тіректерінің түрлеріне байланысты қабылданатын, ұзындықты келтіретін коэффициенттер неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет