Басқа да протонды еріткіштер су сияқты автопротолиз реакциясына қатысады, сонда еріткіштің бір молекуласы қышқыл қасиет көрсетеді, екіншісі – негіз қасиетін көрсетеді. Жалпы түрде кез келген еріткішті HSolv деп белгілесек, автопротолиз процесін келесі түрде жазып көрсетуге болады:
HSolv + HSolv ↔ H
2Solv
+ + Solv
-
H
2Solv
+ - иондарын лионий-иондары (мысалы, гидроксоний, аммоний- иондары), ал Solv
- - иондары
лиат-иондары деп аталады. Автопротолиз реакциясының константасы лионий- және лиат-иондарының активтіктерінің көбейтіндісіне тең:
[
H Solv ] [
Solv ]
K = 2
a
[
HSolv] [
HSolv]
Қосарласқан қышқылды-негіздік жұптың константаларының көбейтіндісі еріткіштің автопротолиздену константасына тең болып шығады. Яғни су ерітіндісі үшін:
K
A.K
B = K
W = 10
-14 pK
A + pK
B = pK
W = 14.
Күшті протолиттер үшін K
A >1; K
B > 1 , сонда рК
А < 0; pK
B < 0. Әлсіз притолиттер үшін рК
А >0; pK
B >0.
Осыдан келесі қорытынды шығады: қосарласқан қышқылды-негіздік жұпты құрайтын қышқыл неғурлым күшті болса, оған сәйкес негіз соғурлым әлсіз. Өте күшті қышқылдарға өте
әлсіз негіздер сәйкес келеді, ал өте әлсіз қышқылдарға өте күшті негіздер сәйкес келеді.
Сол себептен өте күшті және өте әлсіз қышқылдар ерітінділерінің рН мәндері рК
А (қышқылдық константаға ) тәуелсіз, өйткені протолиздену тепе- теңдігі толық бір жаққа қарай ығысады. Күшті қышқылдар ерітіндісінде НА молекулары жоқ деп есептеуге болады, олардың орнына эквивалентті мөлшерде Н
3О
+ -иондары түзіледі. Негіздер үшін де сондай қорытынды жасауға болады. Еріткіштің бұндай әсері еріткіштің нивелирлеу эффектісі деп аталады. HCl, HBr, HNO
3 , HClO
4 , H
2SO
4 қышқылдарының күштері суда еріткенде теңеседі, себебі протолиз нәтитжесінде барлығында түзілетін бір зат
- Н
3О
+ -иондары. Күшті негіздердің де күштері (КOH, NaOH, LiOH) теңеседі, себебі протолиздену тепе-теңдігі толық ОН
--иондары түзілетін бағытқа қарай ығысады. Ал су ерітіндісінде Н
3О
+ -иондары ең күшті қышқыл болып табылады (лионий), ОН
—иондары – ең күшті негіз (лиат).
Басқа да амфипротты еріткіштер үшін
KA
. KB
= K HSolv