Мақсаты:
1.Бактериалардың антигендерін анықтау үшін
2.Иммунофлюоресцентті реакцияны қою үшін (ИФР)
Міндеттері:
ИФР орындаудың әдісін меңгеру
Люминесцентті микроскопиялау фотолюминесцентті құбылысқа негізделген
Люминесценция – бұл заттардың жарқырауы, ішкі сәулеленудің салдарынан пайда болады: жарықтық, ультракүлгін, ионизидтік..
Фотолюминесценция – бұл объектінің жарық әсерінен люминесценциялануы. Егерде люминесцентті объектіні көк түспен жарықтандырса, ол өзінен қызыл, қызғылт-сары, сары, және жасыл түсті сәулелерді шығарады. Нәтижесінде объектінің түрлі түсті бейнесі пайда болады. Жарық сындыратын толқын ұзындығы люминесцирлеуші заттың физико-химиялық құрылымына байланысты.
Биологиялық объектілердің біріншілік люминесценциясы алдын алу бояусыз-ақ байқалады. Себебі өзіндік люминесцирлеуші заттардың болуымен сипатталады.
Екіншілік люминесценция – тек қана арнайы люминесцирлеуші флюрохромды-бояғыштармен препаратты бояғанда пайда болады.
Люминесцентного микроскоптың қарапайым әдістермен салыстырғандағы артықшылығы :
- тірі микробтарды зерттеуге мүмкіндік береді.
- зерттелінетін материалдың аз ғана концентрацияда табуға мүмкіндік береді.
Иммунофлюресцентті зерттеуді жүргізудің сызбанұсқасы
Зерттелінетін материалды таңдау
Зат уйнекшесінің ойшықтарына зертелінетін материалды енгізеді.
Жағындыны ауада кептіреді.
Препаратты төте ИФР әдіспен бояу:
Препаратты салқындатылған фиксатормен бекіту – 15 мин немесе құрғап кепкенге дейін.
Жағындыға 1 тамшы антидене ерітіндісін тамызу
Ылғалды камерада +370С – 20 минут инкубациялау.
Сумен шаю
Фосфатты-тұзды буфермен 3 рет 5 минуттан антидене қалдығы жойылғанша шаю.
Сумен шаю
Ауада кептіру (термостатта)
Флюоресцирлеуші емес маймен микроскопиялау
Микроскопиялау
Әрбір жағындыда көрудің 30 өрісі бақыланады.
БАктерияның бар екендігін анықтайды.
Хаттама толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |