«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет3/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Алдын алу шаралары. Аурудың табиғи ошақтарында кеміргіштер мен бүргелерге қарсы бағыттылған комплексті шаралар (эпидемиологиялық бақылау, дератизациялық, дезинфекциялық, агрохимиялық, ветеринарлық шаралар). Спецификалық вакцина – тірі құрғақ обалық вакцина (EV) обадан сақтамайды, бірақ аурудың жеңіл түрінде өтеуіне әсер етеді. Карантинді шараларды тағайындау қажет
Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этиотропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады.

3. Иммундық сарысулар, иммуноглобулиндер, оларға сипаттама, қолдануға көрсеткіштер.
Иммунды сарысу — кұрамында антиденелері бар кан сарысуы. Иммунды сарысу жұқпалы аурумен ауырған немесе ауруға қарсы егілгіен адамдар мен жануарлардың қанынан алынады. Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қантоптарын, ИГ-топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады.
Иммунды сарысу емдік, аурудың алдын алу және диагноздық сарысулар болып белінеді.

  • Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады. Клиникада олар қан топтарын, иммуноглобулин топтарын, тканьдер түрін анықтау үшін колданылады. Диагноздық сарысулар бір антигенге(бірвалентті) немесе бірнеше антигендерге (көпвалентті) тән болып бөлінеді. Иммунология реакцияларының түріне қарай олар агглютининдеуші, преципитатжасаушы, гемолизберуші , иммунофлюоресціентті т . б. болып бөлінеді.

  • Емдеу және аурудың алдын алуға қолданылатын иммунды сарысуна қүрамында бактерияларға (антибактериалды) , вирустарға (антнвирусты) , экзотоксиндер (антитоксиндік) , жылан және өрмекші уыттарына т. б. қарсы антиденелері бар адам мен мал қан сарысулары жатады. Бұлардың бәрі көбінесе бірнеше қайталап егілген адамдар мен малдардан алынады. Олардағы антиденелер мөлшері өте биік болады.

Сарысуларды тамырға енгізгенде иммунитет бірден, ал тері астына және бұлшык етке енгізгенде - 12-24 сағаттан кейін пайда болады. Серологиялык алдын алу мақсатында гомологиялык препараттар қолданғанда иммунитеттің ұзақтығы - 6 аптаға дейін созылады, ал гетерологиялык препараттардың қорғаушылық қасиеті 1-2 апта мерзіміне ғана жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет