«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Жанасу инфекциялары. Эпидпроцестің даму механизмі, қауіп факторлары. Эпидқадағалауды ұйымдастыру



бет50/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

44. Жанасу инфекциялары. Эпидпроцестің даму механизмі, қауіп факторлары. Эпидқадағалауды ұйымдастыру.
Инфекцияның берілуінің жанасу механизмі-инфекцияның берілу механизмі, ол кезде қоздырғыштар теріде , көздің, ауыз қуысының, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында, жаралардың бетінде бөлінеді, олардан әртүрлі заттардың бетіне түседі және сезімтал адам олармен байланыста болған кезде (көбінесе микротравмалар болған кезде) оның денесіне енгізіледі.
Жанасу жолымен берілетін ауруларға ішек инфекциялары,дизентерия ,гельминттер,сіреспе,инфекциялық дерматит ,герпес және тб жатады.
Инфекцияның таралуының жанасу механизмі тікелей (қол алысу, құшақтау, сипау және т.б., яғни инфекция көзімен байланыс) және жанама немесе делдалдық (жиһаздар, тұрмыстық техника, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, ас құралдары, есік тұтқалары, гигиеналық заттар және т. б. арқылы) болып бөлінеді.
Инфекцияның ерекше варианты - патогенді микроорганизмдерді тасмалдаушылық. Тасымалдаушылық дегенде , аурудың қандай да бір клиникалық көріністерімен жүрмейтін, бірақ, сыртқы ортаға инфекциялық ауру қоздырғыштарын бөліп отыратын
ағзаның(организмнің) жағдайы жөнінде(ретінде) қарауға болады.
Тасымалдаушыларды басым көпшілік екі негізгі топқа бөледі:
* Ағзаның қоздырғыштан толық босауынан бұрын оның клиникалық сауығуы жүретін, қандай да бір аурумен ауырған адамдар. Мысалы : тырысқақта, іш сүзегі және паратифте, бактериальді дизентерияда, күл, менингококкты инфекция, полиомиелит және т.б.
Инфекциядан кейінгі тасмалдаушылық 2-3 айға ұласса жедел деп, ал 3-айдан
ұзақ болса созылмалы деп атаймыз.
*Қабылдамайтын организмнің денісау тасмалдаушылығы. Менингококкты және стрептококкты инфекцияларда денсаулық жағдайының бұзылысы байқалмайды, бірақ мұрынжұтқыншақ шырышты қабатында қоздырғыш анықталады. Осыдан бөлек ,ертеректе басынан өткізген ауру нәтижесінде иммундалған, қысқа уақытты(өтпелі) тасмалдаушылықты бөліп қараймыз(немесе эффективті иммунизация нәтижесінде).
Берілу механизмі- оның биологиялық түрінің сақталуын қамтамасыз ететін, бір
иесінен екінші иесіне қоздырғыштың ауысып отыратын эволюциялық шыңдалаған (жүзеге асырылған) әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет