«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет57/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

ТҰМАУ
Анықтамасы. Тұмау (Grippus) - ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиника-сында жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының луымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.
Патогенезі. Тұмау вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты. Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады:
1. Вирустың тыныс жолдарының жасушаларындағы репродукциясы.
2. Вирусемия, токсикалық және токсикалық- аллергиялық реакциялар.
Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне және жасушаның ыдырау өнімдеріне байланысты.
3. Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы)
4. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары.
5. Патологиялық үрдістің кері дамуы.
Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеліп соғады.
Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы
белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.
Клиникалық көріністері. Грипптің жіктелуі:
ағымы бойынша - типтік және атиптік;
клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша -
жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады;
Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 3 күнге
дейін, әдетте 1-2 күн.
Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы
улану және тыныс жолдарының зақымдалуы (катаралды синдром).
Әдетте (типтік жағдайда) тұмау жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда болады.Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40°С-қа дейін жоғарылайды.

46. Жұқпалы аурулардағы эпидемиялогиялық анамнез жинау алгоритмі мен маңызы.
Жұқпалы аурулармен ауырған адамды немесе онымен байланыста болған адамды анықтау және әрі қарай госпитализацииялау, эпидемияның өршітпеуінің ең маңызды құралдары бірі болып тұрады.
Эпидемиолгиялық анамнез, инфекциялық ауруға күмән туғанда жүргізіледі және ауру тарихының міндетті бір бөлігі болып саналады. Анамнез жинаудыңнегізгіалгоритмдері:

  • Инфекциялық аурулармен қарым-қатынас болдыма (жанұяда, мектепте, жолда, туыстарарасында, көршімен және т.б.)

  • Көбінесе қызбасы бар адамдармен жақындастыма?

  • Ауру жануарлармен немесе өліктермен жақындастыма?

  • Бит, кене, масаша қтыма?

  • Паразиттер мен кемірушілер үйде бар ма?

  • Мамандығынан, еңбек ңстеуінен, су пайдалануынан, тамақтанғанынан, киім киюінен инфицирленуімен байланыстыма?

  • Ақырғы 1,5-2 айда жолжүрдіма, қашан, қанша уақыт?

  • Үйге соңғы 1,5-2 айда біреукелді ме, қайдан?

  • Жеке бас гигиенасы?

  • Қандай профилактикалық егу алды, қашан алды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет