5. Дератизация: анықтамасы, әдістері, кеміргіштермен күресу заттары және түрлері.
Дератизация термині егеуқүйрықтарды жою деген үғым береді. Бүл сөз қазір бір жағынан - жүқпалы аурулардың қоздырғышының көзі деп, екінші жагынан - тасымалдаушы буынаяқталарды асырайтын кеміргіштердің барлығын жою деп, кең магынада қолданылады.
Кеміргіштердің көптеген түрлері адамдар арасында кейбір жұқпалы ауруларды таратады. Бүл жағынан ең қауіптілері —адам мекен- жайында немесе оған жақын жерде өмір сүретін кеміргіштер, оларды синантроптық немесе жартылай синантроптық деп бөледі. Бұлар - егеуқүйрықтар (сүр жөне қара) жөне үй тышқаны, олардан кейін дала тышқандары, саршүнақтар, қосаяқтар жөне т. б. Су сұр тышқандары (егеуқүйрықтар) туляремияның негізгі резервуары болады жөне оны тышқан түрлі кеміргіштерге таратады.Сүр дала тышқандары бүйрек синдромды геморрагиялык қызбаның эпидемиологиясында маңызды рөл атқарады.
Кеміргіштермен күресудің үш әдісі бар: механикалық,химиялық,биологиялық.
Кеміргіштерді жоюдың механикалық әдісі - әр түрлі құралдың көмегімен ұстап алып өлтіру. Бұл басқа әдістермен бірге қолданылады, бірақ химиялық хөне биологиялық әдістерді қолдану қауіпті болса (балалар, емдеу, кейбір тамақ мекемелері) және аулау саймандары кеміргіштердің санын анықтау үшін керек болса, бүл әдіс жеке қодданылады.Құрылысының ерекшеліктеріне байланысты барлық аулау саймандары екі топқа бөлшеді: қысатын қақпандар, егер кеміргштер оларга ілінсе, механикалық жолмен жойылады жөне тірідей үстайтын қүралдар, олардың көмегімен кеміргіштерді үстап, кейін қүртады.
Химиялық әдіс (кең таралган және нәтижелі) —ратицидтер деп аталатын уларды қолдану. Олардың кушімен кеміргіштерді жоюдың 3 түрі бар:
1. Уланган жемді пайдалану.
2. Кеміргіштер пайдаланатын су көзін улау.
3. Кеміргіпггердің індеріне, жолдарына, жиі болатын объектілеріне у себу.Бүдан басқа ратицидтерді газ түріңде пайдалануға болады, ондаол кеміргіш денесіне тыныс жоддары арқылы өтеді; өндіріс орындарында,далада орналасқан індетке газ жіберу.
Қазакстанда кең қолданылатын ратицидтер:
Зоокумарин —кумулятивтік қасиеті бар, сондықтан кеміргіш өлу үшін оның бірнеше мөлшерін қабыдцауы керек. Ішск уы ретінде өсер етеді, қан тамырларының өтюзгіштігін күшейтеді, қанды сүйыл- тады. Кеміргіш 7-10 күннен кейін өлсді. Препарат адамға қауіпті емес, үзақ сақталады, кеміргіштерге қауіптілігін жоғалтпайды, сон- дықтан қазіргі уақытта дератизацияның негізгі препараты болып есептелінеді.
Цинк фосфиді —түрі сүрқара, әлсіз сарымсақ иісті үнтақ. Жем қүра- мында ішек уы ретінде өсер етеді, нерв жүйесін, канды, іпгга секреция бездерін улайды. Эсер ету уақыты тез, адамға қауіпті, өр түрлі объек- тілердегі кеміргіштерді тез қүрту керек болганда қодданылады.
Ратиндан —0,5 % дифекациннен жөне 99,5 % бейтарап толықты- рғыштан түратын қоспа. Жем қүрамына оның 3 %-ын қосқанда ішек уы ретінде эсер етеді. Суға, ін ауыздарына себіледі. Кеміріідпер 5—8 күн- нен кейін өледі. Балалар, емдеу мекемелерінде қоддануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |