«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Дератизация. Тасымалдаушылармен күресу әдістері. Кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктері,эпидемиологиялық маңызы



бет21/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

18. Дератизация. Тасымалдаушылармен күресу әдістері. Кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктері,эпидемиологиялық маңызы
Дератизация-жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштерге қарсы күрес. Кеміргіштердің көптеген түрлері адамдар арасында кейбір жұқпалы ауруларды таратады. Бұл жағынан ең қауіптілері —адам мекен-жайында немесе оған жақын жерде өмір сүретін кеміргіштер, оларды синантроптық немесе жартылай синантроптық деп бөледі. Бұлар - егеуқүйрықтар және үй тышқаны, олардан кейін дала тышқандары, саршұнақтар, қосаяқтар, үлкен алақоржындар, сұр атжалман жөне т. б.
Егеуқүйрықтар жөне тышқандар объектілер мен құрылысты барлық түрлерінде (үй, коммуналдық объектілер, өндіріс ғимараттар, қоймалар, қамбалар және т. б.) өмір сүріп, көбейеді. Олар қоқыстарды, дәретханаларда жөне оған үқсас жерлерде, мекен-жайларда, әсіресе тамақ қоймаларында үнемі болып, механикалық жолмен (жүн) жөне зәрлерімен (нөжіс, кіші дөрет) ластайды, сөйтіп адамға ауру жұғатын жағдай тудырады.
Кеміргіштердің адамға жұқтыратын аурулары туралы тоқталсақ, обаны айтуға болады. Оны жаңағы кеміргіштердің көпшілігі тарата алады. Олардың ішіндегі эпизоотия адамдардың обамен ауруына себеп болуы мүмкін.
Су сұр тышқандары (егеуқүйрықтар) туляремияның негізгі ре­зервуары болады жөне оны тышқан түрлі кеміргіштерге таратады. Сүр дала тышқандары бүйрек синдромды геморрагиялык қызбаның эпидемиологиясында маңызды рөл атқарады. Құм тышқандары тасымалдаушы шыбьн-шіркейлер арқылы тері лейшманиозының көзі болады. Және басқа да көптеген жүқпалы аурулардың (лептоспироздар, сальмонеллездер, кене энцефалиті, сал, құтыру, түйнеме, Брилль ауруы жөне басқа риккетсиоздар, токсоплазмоз жөне т. б.) көзі болуы мүмкін.
Мекен-жайда жөне басқа да объектілерде кеміргіштердің болуы санитарлық жағдайдың нашарлығының белгісі, сондықтан тиісті ұйымдастырушылық жөне арнайы шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Дератизацияның жою шараларының мақсаты- кеміргіштерді олардың барлық өмір сүретін жерлерінде түгел жою.
Алдын алу шараларын шартты түрде жалпы санитарлық, санитарлық-техникалық және агротехникалық деп белуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет