«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Қоздырғыштардың биологиялық қасиеттері, эпидемиялық процестегі маңызы



бет29/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

23. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеттері, эпидемиялық процестегі маңызы
Жүйе құру факторлары құрам бөлшегі:
1) Жұқпалы ауру қоздырғыштың паразиттілігі; 2)қоздырғыштың берілу механизмі; 3)адам қоғамының ұйымдасуы.
Патогендік – табиғи жұғу жағдайында микробтың белгілі бір иеде (адамда, хайуанатта, өсімдікте) жұқпалы ауру тудыра алатын түрлі генетикалық негізі бар микроорганизмнің потенциалдық қабілеттілігі.
Шартты патогенді стафилококк қоздырғысышының көптеген патогенді факторлары бар (лейкоцидин, коагулаза, экзотоксин, гиалуронидаза, гемолизин, фибринолизин, ДНКаза т.б. адам үшін өте патогенді болып табылатын s. Typhi бір ғана патогенлі факторы – эндотоксині бар.
Патогендік қасиеті өте жоғары болуы, іш сүзегі қоздырғышының суда аз мөлшерде болғанымен де дизентерияға қарағанда ауруға көп мөлшерде ұшыратады.
Қоздырғыштың тағы бір қасиеті – бактерияға қарсы қолданылатын препараттарға төзімділігі. Мысалы іш сүзегі 98-99 пайыз левомицетин препаратымен емдеу тиімді нәтижеге жеткізеді. Ал эшерихия, дизентерия, сальмонелла қоздырғыщтары әртүрлі жағдайда препараттарға төзімді болып келеді.
Эпидемия дамуына қоздырғыштың берілу механизмі де, соның ішінде әлеуметтік жағдайда зор әсер етеді.
24. Эпидемиологиялық зерттеу әдістерінің түрлері
Эпидемиологиялық әдіс – эпидемиялық процестің себеп-салдарлық байланысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер мен амалдар жиынтығы. Ол жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, берілу механизмін, таралуын анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда қолданылатын әдістер жиынтығы болып табылады. Түрлері:
1. Эпидемиялогиялық тексеру мен бақылау. Тексерудің ең алғашқы және маңызды бөлімі. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғыш көзін, берілу факторларын, жұқтыру қауіп-қатерін зерттейді. Бұл жұмысты эпид ошақты біржола құрту үшін пайдаланады. ӘДісі – ауыратын, аурудан жазылып шыққан адамдардан анамнез жинау, ошақты тексеріп қарау, арнайы лабораторияға жеткізіп қарау және т.б. жұмыстар атқарылады.
2.Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер – мақсаты – эпид тексеру мен қадағалау барысында жұқпалы аурудың пайда болуы мен таралуы туралы диагностикалық болжау үшін қажет. Екі түрі бар:
А)Оқиға-бақылау – екі топ таңдап алынып (біріншісі – осы аурумен ауырған адамдар тобы, екіншісі – осы инфекциямен ауырмағандар тобы) екі топ қауіп қатер факторларына бірдей ұшырайды. Мысалы, ет комбинатында жұмыс жасайтын жұмысшылардың мал сою цехында жұмыс жасайтындар, бақылау тобына қарағанда 60 процентке бруцеллезбен ауырғаны анықталады.
Б)Когортты зерттеу – белгілі бір уақытта қауіп-қатер факторының әсер еткен және әсер етпеген топтарында сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткішін анықтаумен жүзеге асырылады. Мысалы, ет комбинатында 35-55 жас арасында жұмысшылар арасында 5 жыл бойы бруцеллезді бақылау нәтижесінде сырқаттанушылық мал соятын цехта – 115,5 (1000 адамға шаққанда) ал колбаса цехында жұмыс жасайтындар арасында – 15,5 шаманы көрсетті.
3. Статистикалық зерттеу әдісі – эпидемиологиялық жағдайды, атқарылатын індетке қарсы шараларды тиімділігін анықтауды сан арқылы бағалау. Жиналған мәліметті өңдеуде эпидпроцестің уақыт, кеңістік бойынша өзгерістерін, әртүрлі топтағы (жасы, жынысы, жұмыс стажын және т.б.) бағалайды. Қорытындысы әдетте – салыстырмалы және абсолютті шамада беріледі.
4. Экспериментальді зерттеу әдістері – эпидемологиялық процеске жасанды араласу арқылы сипатталады. Түрлері: 1. Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент – негізінен себеп-салдар байланысын дәлелдеу, атқарылған шаралардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Екі топқа эксперимент жасап, салыстыра отырып зерттейді. 2)Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент – індетке қарсы шаралардың тиімділігін бағалау және себеп-салдар байланысын бағалау қызметін ақарады, салыстыру тобы құрылмайды. 3)Табиғи эксперимент – сырқаттанушылықта (мысалы, бұркетпелерді) себебі мен жағдайды болжау мен тұжырымдау арқылы көрінеді. 4)Эпидемиологиялық физикалық үлгілеу мақсаты – эпидемиялық процестің даму механизмін тұжырымдау және болжауды тексеру.
5. Математикалық үлгілеу – 1)Нысанды математикалық үлгілеу – нақты эпидемиялық процесті сипаттайтын сандық материалды есептеу арқылы математикалық формулаларды пайдалану негізінде эпидпроцесті болашақтағы көрінісін болжау. 2)Сандық үлгілеу – математикалық формулалар параметрлері ретінде нақты қауіп қатер факторларын пайдалану. Бұл әдіс ғылыми зерттеуде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет