«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелісі



бет30/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

25.Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелісі
Жұқпалы аурулардың жіктелісі – қоздырғыштары әртүрлі топтарға жататын қоздырғыштар болып табылады. Қоздырғыштарға байланысты – вирустар, прокариоттар (бактериялар, микоплазмалар, хламидиялар, риккетсиялар, спирохеталар), эукариоттар (саңырауқұлақтар, қарапайымдар, гельминттер, буынаяқтылар).
Громашевский жіктелісі:
1 топ – ішек инфекциялары ( қоздырғыш ішекте орналасады және беріліс механизмі нәжіс-ауыз арқылы); 2 топ – тыныс жолдары инфекциялары )қоздырғыш тыныс жолдарынада орналасады және аэрозольді механизммен беріледі.); 3)Қан инфекциялары (қоздырғыш қанда, лимфада орналасады және трансмиссивті механизммен беріледі); 4 топ – сыртқы қабат инфекциялары (қоздырғыш теріде және кілеге қабатта орналасады, берілу механизмі – жанасу механизмімен беріледі). 5 топ – әртүрлі механизммен берілетін және аз зерттелген инфекциялар.
Елкин жіктелісі: антропоноздар – тек адамға тән аурулар, зооноздар – тек хайуанаттарға тән аурулар, антропозооноздар – қоздырғыштары филогенезде адамға да, кейбір хайуанаттар топтарына бейімделген.
Жұқпалы ауруларды топтастыруда мынадай негізгі принциптерге сүйену керек:
• Қоздырғыштың филогенетикалық жақындығы және таксономиялық бөлінуі;
• Қоздырғыштың өмір сүру ортасына байланысты экологиясы, яғни оның өмір сүру ортасындағы паразиттілігі;
• Қоздырғыштың адам организмінде тәндік орналасуы.


26. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдау: жүргізу кезеңдері, мақсаты.
Ретроспективтік талдау дегеніміз өткен кезеңдердегі эпидемиялық жағдайды диагностикалық тәсілдердің жиынтығына байланысты зерттеу болып табылады, ол індетке қарсы шараларды келер жылға және одан әрі болашаққа жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Ретроспективтік талдауды жүргізу үшін инфекцияның нозологиялық формасы бойынша сырқаттанушылықты, өлім-жітімді, дерттілікті, мүгедектікті, уакытша жүмысқа жарамсыздықты сипаттайтын мәліметтер жөне бұдан басқа әр түрлі халық топтарының еңбегі мен тұрмысы, әлеуметтік жөне табиғи жағдайлары (эпидемияға қарсы жүргізілген шараларды қоса) жайындағы қажетті мәліметтер зерттелінеді. Ретроспективтік талдау көп ретте творчествалық процесс,сонымен бірге талдаудың сапасы дәрігер-эпидемиологтың семиотика,диагностикалық техника мен диагностикалық ойлаудың негіздерін қолдана білуіне және ептілігіне байланысты. Эпидемиологиялық семиотика дегеніміз эпидемиологиялық белгілер(параметрлер,көрсеткіштер,эпидемия барысының көріністері) туралы ілім. Дәстүрлі түрде статистикалық көрсеткіштерге негізделген эпи- демиологиялық белгілер қолданылады. Статистикалық эпидемиологиялық белгілер сандық жөне сапалық болып бөлінеді. Эпидемия барысының сандық белгілеріне мыналар жатады: —сырқаттанушылықтың деңгейі (тасышалдаушылық, өлім-жітім, дерттік); —осы көрсеткіштердің динамикасының өзгешелігі; —маусымдық көтерілулердің үдемелі қарқындылығына қоса, осы көрсеткіштердің жыл ішінде бөлінуінің өзгешелігі; —ошақтылық (пайда болу уақыты, бір уақытта пайда болған ошақтар саны, уақыт аралығында ошақтардың пайда болу динамикасы, жекелеген және көптеген аурулары бар ошақтарды бөлу).
Эпидемия барысының сапалық белгілеріне: —аймақ бойынша (зерттеудің міндеттеріне байланысты әлемде, мемлекет ішінде немесе оның жеке аумақтарында, республикада, аймақта, ауданда және де жеке елді мекен ішінде); —қала және ауыл халқы арасында; —әр түрлі жас топтары бойынша (0—6 жас, 7-14 жас, 15—19 жас және ересектер); —жынысы бойынша; —әр түрлі кәсіби топтар бойынша (бір қызмет түрімен немесе жұмыс орнымен біріккен науқастар саны, ұйымдасқан балалар ұжымына баратын және бармайтын балаларды); —әр түрлі тұрмыстық, этникалық және халықтың басқа топтары бойынша науқастарды (тасымалдаушыларды, өлгендерді) бөлу жатады.
Ретроспективтік зерттеулер кезінде ауырғандардың құрылымы қандай да болмасын бір қауіп-қатер факторына байланысты талданады. Экстенсивтік көрсеткіштердің негізінде, яғни негізгі, себепші фактор туралы ықтимал қорытынды жасалынады. Мысалы, тағам арқылы таралуы мүмкін ішек инфекциясының індетін зерттей отырып, инкубациялық кезеңнің алдындағы ауырғандардың қандай азық-түліктерді пайдаланғанын білуге болады, ауырғандардың жауабына аталған тағамдардың қайсысы нсгізгі таратушы фактор болғандығы жайында жорамал айта аламыз. Егер судан тарайтын індет жайында айтатын болсақ, оңда ауырғандардың көпшілігі қүдық суын ішкенін анықтап, оны мүмкін болатын таратушы фактор ретінде қарастыруға болады.
Ретроспективтік талдауды жүргізу кезеңдері
1)Зерттеудің бағдарламасын құру Зертгеудің бағдарламасын және жоспарын қүру ретроспективтік талдаудың бастапқы кезеңі болып табылады, оны тек терең білім арқылы және зерттеудің мақсаты жайында анық түсінік болғанда ғана дұрыс жүзеге асыруға болады. Бағдарлама мен жоспар зерттеудің бір ғана мақсатына бағынышты. Ретроспективтік талдау кезінде шешілуі тиіс міндеттерді анықтауды зерттеудің бағдарламасы деп түсіну керек және соған сәйкес оның жүргізілу бағыттары анықталуы тиіс. Бағдарламаны құрған кезде мына мәселелер қарастырылады: —бақылау бірлігін немесе негізгі белгіні анықтау; —тіркеуге жататын қосымша белгілердің тізімі; —алғашқы статистикалық құжаттың нұсқасы (бланкілер, карталар және т. б.); —топтастыруды іріктеу жөәне үлгілерді, кестелерді құрастыру. Ең аз уақыт пен күш жұмсау арқылы талдаудың мақсатына тез жетуді зерттеудің нақты бағдарламасы қамтамасыз етеді. Зерттеудің бағдарламасы әр түрлі жағдайларға тәуелді, ал оның ішінде ең маңыздысы: —қызмет қылатын контингенттің өзгешелігі; —әр түрлі халық топтарындағы сырқаттанушылықты анықтайтын “қауіп-қатер факторларын” білудің бастапқы дсңгейі; —қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі.
Зерттеудің бағдарламасы жасалғаннан кейін зерттеудің жоспары құрылады. Жоспарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, оларға мыналар жатады: —зерттеу жүргізілетін орынды және аймақты анықтау; —жүргізу мерзімдерін анықтау; —статистикалық тәсілді (толық жөне іріктеу) және бақылау (бір уақытта және күңделікгі) түрін анықтау; —зерттеудің қандай күштер арқылы жүргізілетінін анықтау; —зерттеудің кімнің әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруымен жүргізілетінін анықтау.
2)Ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу.
Келесі жүмыстарда рстроспективтік талдаудың ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі қарастырылады. Оған жататындар: —қызмет көрсетілетін халықтың сырқаттанушылығы жайында ақпаратты алу; —демографиялық мәліметтер мен әр түрлі контингенттердің тұрмысы мен еңбегінің эпидемиялық маңызды жағдайлары жайында ақпаратты алу; —алғашқы статистикалық өңдеу, яғни ақпараттың толық болуы мен дұрыстығын тексеру, алғашқы мәлімет және оны топтастыру. Елдегі емдеу және алдын алу мекемелерінің тіркеу және есеп беру жүйесі сырқаттанушылық туралы ақпараттың көзі болып табылады. Жүқпалы ауруларды тіркеу журналы негізгі құжат, оган осы аймақта анықталған барлық науқастар мен тасымалдаушылар енгізіледі. Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы- ақпаратты бұдан да көп жинайтын құжат. Бірақ бүл құжат тексеру тек міндетгі болған жағдайда ғана толтырылады. Сонымен қатар шұғыл хабарлама, балалардың өсу тарихы, амбулаториялық сырқат картасы, диспансерлік бақылау картасы, сырқатнама қағазы және басқа құжаттар мәліметтердің қосымша көзі болып табылады.
Демографиялық мәліметтерді (туу, өлу, халықтың көшуі, жеке кәсіби, әлеуметтік-тұрмыстық жөне жас топтарының саны жайында мәліметтерді) қалалық әкімшіліктің статистикалық бөлімдерінен алуға болады. Сондай-ақ, балалардың жас топтарының саны туралы мәліметтер балалар емханасында бар. Барлық аталған мәліметтер әр түрлі халық топтарындағы сырқаттанушылыққа талдау жүргізгенде қажет. Әр түрлі контингенттердің еңбегі мен тұрмысының эпидемиялық маңызды табиғи және әлеуметтік жағдайлары жайында толық түсінік болмай, қауіп-қатер факторларын анықтау мүмкін емес. Бірақ, жо- ғарыда атап кеткендей, ақпаратты жинауды талдаудың мақсатына айналдыруға болмайды. Әр нақты жағдайда тек жұмыста қолданылатын мәліметтерді алуға тырысу керек. Оларды талдап тексеру эпидемия барысының үдемелі қарқындылығына әсер ететін жағдайды білудің бастапқы деңгейін, сондай-ақ, оның себептері туралы ұсынылатын жаңа болжамдарды ескере отырып жүргізілуі керек.
3. Ақпараттарды сәйкес бағыттары бойынша зерттеу
Талдауды толық көлемде жүргізген кезде әр инфекция бойынша материалды тізбектеп өндеу төрт бағытга жүргізіледі: —жиынтық халық сырқаттанушылығының көп жылдық динамикасын талдау; —жиынтық адам сырқаттанушылығының жылдық (ай бойынша, жыл ішінде) динамикасын талдау; —эпидемиологиялық белгілері бойынша бөлінген халық топтарының сырқаттанушылығын талдау; —індетке қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін талдау.

  1. Эпидемиологиялық диагнозды қою

Бұл кезең жеке инфекциямен сырқаттанушылыққа ретроспективтік талдау жүргізген кезде ақырғы кезең болып табылады. Бүл кезеңде бүкіл алынған мәліметтер соңғы рет біржолата сарапталады, ал эпидемиологтың диагноз қою жұмысының нәтижелері эпидемиологиялық диагноз түрінде дайындалады.
Эпидемиологиялық диагнозда зерттеудің бағдарламасы бойынша алға қойылған міндеттерді шешу көрініс табуы керек. Егер талдау толық көлемде жүргізілсе, онда диагнозда мына мәселелер қамтылуы керек: —“қауіп-қатер уақыты”, “қауіп-қатер аймағы”, “қауіп-қатер топтары” көрсетілген эпидемия барысының көрінісі; —әлеуметтік және (немесе) табиғи “қауіп-қатер факторлары”, сонымен қоса індетке қарсы шаралардың сапасы; —жиынтық халық бойынша жөне халықтың эпидемиялық маңызды топтары бойынша келесі жылда (жылдарда) эпидемия барысының дамуын болжау.
5. Қызмет көрсетілетін аумактағы инфекция патологиясының неғұрлым өзекті мәселелерін анықтау
Егер алдағы кезең әр жеке инфекцияны талдаудың соңы болса, онда жұқпа патологиясының ең өзекті мәселесін анықтау осы аймақта тіркелген барлық инфекцияларды, эпидемиялық жағдайды зерттеу жөніндегі эпидемиология бөлімшелерінің барлық дәрігерлерінің талдау жұмысын аяқтайды. Осы кезеңдегі жұмыстың жалпы түрінде эпидемиологиялық, экономикалық және әлеуметпк маңыз- дылығының дәрежесі бойынша барлық инфекцияларды рангілеуге келіп тіреледі.
Эпидемиологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығының көрсеткіштері ең жоғары болған жұқпалар аса өзекті мәселе болып табылады.
Жұқпаның өзектілігін бағалаған кезде сырқаттанушылықтың ретроспективтік және де болжамдық мәліметтерін ескеру қажет.
Жүқпалы аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы сырқаттанушылық көрсеткіштері арқылы анықталады.
Жүқпалы аурулардың экономикалық маңыздылығы қоғамға тигізетін тура және жанама экономикалық зиянымен сипатталады. Тура зиянға тексеруге және емделуге жұмсалған қаражаттар, еңбекке жарамсыздығы мен мүгедектігі бойынша төлемдер, індетке қарсы шараларды және ғылыми зерттеулерді жүргізгендегі шығындар кіреді. Жанама зияндылық халық шаруашылығының түгел алмаған өнімдерінің бағасымен өлшенеді және індетке қарсы шараларды жүзеге асыру үшін әр түрлі жүмыстарды жүргізуге халықтың бір бөлігі жүмылдырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет