«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Иммунды алдын алу бойынша медициналық қарсы көрсеткіштер



бет31/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

27. Иммунды алдын алу бойынша медициналық қарсы көрсеткіштер
Жалпы қарсы көрсеткіштер: бұрын енгізілген вакцина мөлшеріне анафилаксикалық шок, лейкоз, лимфопролиферативті аурулар, иммундысупрессивті, дене салмағына тәулігіне 2 мкг/кг астам мөлшердегі стероидты препараттармен емделгенде, жүктілік жағдайында, ауыр қызба, жалпы жағдайы ауыр бұзылыс жағдайында, иммундысупрессивті емдеу аяқталған соң 6 ай ішінде, стероидтармен емдеуден кейін 3 ай ішінде науқас толық айыққанша вакцина енгізуге болмайды.
Жеке вакциналар үшін қарсы көрсеткіштер – БЦЖ (жас нәресте 1500 г жетпесе, 33 аптаға жетпей туылса, туберкулезбен ауырған болса, БЦЖ бірінші инъекциясында тыртық пайда болса. АДС, АДС-М – қарсы көрсеткіштер жоқ. ОПВ(полиемиелит) –жанұя мүшелері арасында иммунды тапшылық болуы АИВ, Қызылша, паротит – қарсы көрсеткіштері жоқ.
28. Егуді ұйымдастыру. Вакциналарды енгізу әдістері, егу нәтижесін есепке алу
Мемлекеттік, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі СЭС мекемелеріндегі эпидемиологтардың біреуі егу жұмыстарын ұйымдастыруға және препараттармен қамтамасыз етуге жауапты болады. Егуді жүргізу тәртібі иммунизациялау, емдеу-алдын алу мекемелері үй жайында атқарылуы керек. Иммунизациялауға кем дегенде бір дәрігер, орта дәрежелі мед қызметкер, көшпелі бригада егу жұмысын жүргізеді. Бригада барған жерде арнайы бөлме бөлінеді.
Егу жүргізілетін күн халыққа және де балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары алдын ала хабарланып, олардың арасында түсінік жұмысын жүргізу керек. Препараттармен қамтамасыз ету орталықтан атқарылады. Егу кабинеттері, жарақат емдеу пункттері мен кабинеттері, денсаулық пункттері қажетті препараттарды СЭС-ке берілген мәлімдеме бойынша алынады. Халыққа түсіндіру жұмысын өткізгеннен кейін, үй-жай дайындауға кіріседі. Осы кезде егілгендерді тексеретін, егу жүргізетін, егілетіндерді тексеретін бөлме жабдықталуы тиіс. Бөлме қабырғалар 0,2 процент лорамин, болмаса2 процент лизол ерітіндісімен өңделеді. Егу шарасы алдында науқасқа мед қызметкер егу мақсаты және жанама әсерлерін айтып таныстырып алу қажет. Егу жүргізуге мед қызметкерде қалпақ, халат, қолында бұйымдар болмауы керек, тырнағы алынып, қолы сабынмен жуылуыкерек, қол жуу әр 12-15 инъекция сайын жүзеге асырылады.
Егуге дейін 70 процент этил спиртімен инъекция жасайтын жерді өңдейді, алдын ала препараттың шығу күнін, дозасын жазып белгілейді.
Вакцина енгізу әдістері: ампуладағы құрғақ вакциналар ұнтақ немесе іші біркелкі кеуектелген таблетка түрінде шығады. Таблетканығ бүрісуі, біркелкі болмауы, ылғалдануы вакцина бұзылғаны көрініс береді. Бактериялардан дайындалған инактивацияланған вакциналар мен адсорбциялаушы анатоксиндер – сұйық препараттар, түбінде тұнбасы бар, бетінде сұйық мөлдір болады. Егер препарат ампулада болса, жоғарғы жағын спиртпен өңдеп, содан соң ампуланың мойнын айналдыра арашамен сызаттайды да, спиртпен сүртеді, ашылған ампуланы 2-3 сағаттан асырмай пайдалану керек. Бұлшықетке, тері астына, интраназальді енгізіледі.
Иммунизация процедурасы өткен соң 24-48 сағ ішінде реакциялардың болуынн тексереміз, температура өлшенеді. Нәтиже мұқият тіркелуі керек, ол «баланың даму тарихы мен алдын алу егулер картасына» , ересектерді – «егуді есепке алу журналы мен амбулаторлық картасына» тіркеп жазады. Егілгендерді журналға алфавит бойынша тіркейді. «Алдын алу егулерді есепке алу журналында» егу күнін, препараттың сериясын дозасын жазады. Тиісті емханалар қызмет көрсететін тұрғындар иммунизациялануына сол емхана бас дәрігері тікелей жауапты. Осындай жұмыстарды дәрігерлік учаскеде, фельдшерлік пункттерде жүргізу мекеме басшысына жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет