«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет48/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Клиникалық көріністері. Жел шешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең қысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады
Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе элементтері пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болтан 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Жел шешекке қарсы вакцина жоқ.

42. МКБИ байланысты қойылатын көп деңгейлі эпидқадағалау жүйесі.

  • МКБИ (медициналық көмек көрсетілгеннен болатын инфекциялар) сырқаттарын есепке алу,тіркеу.

  • МКБИ этиологиялық құрылымын айқындау.

  • Сыртқы орта объектілерін санитарлық-гигиеналық зерттеу.

  • Айналымдағы қоздырғыштарды түрлеріне орай мониторинглеу Микроорганизмдердің антибиотиктерге,антисептиктерге,дезинфектанттарға төзімділігін,таралуын анықтау.

  • Медицина қызметкерлерінің денсаулығын бақылау.

  • МКБИ-мен сырқаттылықты эпидемиологиялық талдау.

151 БҰЙРЫҚ
МККБИ жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, пациентте болатын (эндогенді инфекция) және медициналық араласу жүргізумен байланысты (экзогенді инфекция) тәуекел факторлары әсерінің негізінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МККБИ анықтау өлшемшарттарын ескере отырып айқындалады.
4. Медициналық ұйымдарда МККБИ жағдайы тіркелген кезде бірінші тәулік ішінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жедел жоспары әзірленеді.
5. Пациенттің медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулары медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алынуға жатады.
6. Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінд есепке алуға Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:
1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса;
3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы МККБИ-ны тіркеген кезде аумақтық бөлімшеге "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабарлама) беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес шұғыл хабарлама береді.
8. Медициналық ұйым қызметкері МККБИ жағдайының тіркелуі туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшеге берген кезде пациент медициналық ұйымға келіп түскен күні, МККБИ белгілерінің пайда болған күні, шоғырландыру, бұрын алған медициналық манипуляцияларды (бөлімше, емдеу-диагностикалық емшара түрлері) және эпидемиологиялық деректерді көрсетеді. МККБИ-дың әрбір анықталған жағдайы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24082 болып тіркелген) Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының инфекциялық және паразиттік ауруларды есепке алу (№267/е нысанды) журналына енгізіледі.
9. Медициналық ұйымға инфекция әкелінген жағдайда инфекция жұқтыру орын алған медициналық ұйымға және аумақтық бөлімшеге эпидемиологиялық деректерді және клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, бір тәулік ішінде ақпарат жіберіледі. МККБИ жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі, тергеп-тексеру барысында инфекцияның көзін, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, МККБИ жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шара қолданылады.
10. Медициналық ұйымдар меншік нысанына қарамастан аумақтық бөлімшелерге тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күннің ішінде әрбір МККБИ жағдайының кезеңдік есептері мен тергеп-тексеру хаттамасын ұсынады.
11. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
12. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеулер тізбесі мен көлемі нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес айқындалады.
13.МККБИ тіркелген кезде инфекция көзін анықтау мақсатында байланыста болған адамдарда: медициналық ұйымның персоналында, адамдарды күтетін пациенттерде инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуына зертханалық тексеру жүргізіледі.
14. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылығы анықталған медицина персоналы диагнозын анықтау және емделу үшін инфекционистке тексерілуге жіберіледі. Тасымалдаушылар тексерілу және емделу кезеңінде санация кезінде жұмыстан шеттетіледі немесе эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады.
15. Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналың қол гигиенасы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес медицина ұйымы қызметкерлерінің қолдарын өңдеу кезеңдерін ескере отырып жүргізіледі.
16. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын стерилді қолғаппен жүргізіледі. Бір пациенттен (донордан, реципиенттен) артық адаммен байланыста болған кезде бір рет қолданылатын қолғаптың сол бір жұбын немесе оларды өңдегеннен кейін қайта пайдалануға жол берілмейді.
17. Бір рет қолданылатын стерилді қолғаптар кез келген хирургиялық емшараларда, босандыруда, инвазивті рентгенологиялық емшараларда, қан тамырларымен жанасу және онымен манипуляциялар кезінде (орталық сызық), пациенттерде ашық тыныс алу контуры бар өкпені жасанды желдетуде трахеобронхиалды діңді санациялау кезінде, қанмен, шырышты қабықтармен және зақымдалған терімен жанасқан кезде, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің болуы мүмкін кезде, қынапты тексеру кезінде, толық парентеральды қоректендіруге арналған препараттарды және химиялық-терапевтік құралдарды дайындау кезінде қолданылады.
18. Қалған медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде пациенттің зақымдалмаған терісімен жанасқанда бір рет қолданылатын стерилденбеген қолғаптар қолданылады. Бір рет қолданылатын стерилденбеген қолғаптар күре тамырға жіберу үшін жүйелерді ағытқан кезде, күре тамырға салу құрылғыларын қою немесе алып тастау кезінде кезінде қолданылады.
19. Бір рет қолданылатын стерилденген, стерилденбеген қолғаптар биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ олардың бүтіндігі бұзылған кезде одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Бір рет қолданылатын қолғаптарды ұзақ уақыт қолдану қажет болған кезде, жаңа қолғапты киер алдында қолды антисептикпен сүртіп, оларды әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
20. Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау жөніндегі нұсқаулықты ескере отырып жүргізіледі.
21. Медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, уақтылы сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ - 96/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет