«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет56/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

ТҰМАУ
Анықтамасы. Тұмау (Grippus) - ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиника-сында жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының луымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.
Патогенезі. Тұмау вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты. Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады:
1. Вирустың тыныс жолдарының жасушаларындағы репродукциясы.
2. Вирусемия, токсикалық және токсикалық- аллергиялық реакциялар.
Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне және жасушаның ыдырау өнімдеріне байланысты.
3. Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы)
4. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары.
5. Патологиялық үрдістің кері дамуы.
Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеліп соғады.
Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы
белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.
Клиникалық көріністері. Грипптің жіктелуі:
ағымы бойынша - типтік және атиптік;
клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша -
жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады;
Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 3 күнге
дейін, әдетте 1-2 күн.
Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы
улану және тыныс жолдарының зақымдалуы (катаралды синдром).
Әдетте (типтік жағдайда) тұмау жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда болады.Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40°С-қа дейін жоғарылайды.


45. Ауа тамшылы инфекцияларының алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар.
Микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға – антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфекциялау құралдарына төзімділігі – назар аударуды және оны шешу бойынша шаралар қабылдауды талап ететін жалпымемлекеттік проблема болып табылады. Микроорганизмдердің – инфекциялардың қоздырғыштарының төзімділігі, оның ішінде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (ЖМЖ) науқастарды емдеудің тиімділігін төмендетеді және инфекциялардың берілу факторлары (ауа, үй – жайлардағы беттер, аспаптар, аппараттар, медициналық бұйымдар және т.б.) объектілері арқылы сыртқы ортада қоздырғыштардың таралуына ықпал етеді, бұл сырқаттанушылықтың өсуіне және өлім-жітімнің артуына әкеледі.
Жанагы айтылғандарға байланысты зертхана қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Микроорганизмдердің-БМЖ қоздырғыштарының төзімділігін микробиологиялық және молекулалық-генетикалық әдістермен кешенді жүйелі зерттеу. Осы мақсатта медициналық ұйымдарда патологиялық локустардан және сыртқы орта объектілерінен микроорганизмдерді бөліп алу, оларды сәйкестендіру, антибиотиктерге, антисептиктер мен дезинфекциялау құралдарына сезімталдықты зерделеу; қарсылықты қалыптастыру тетіктерін зерделеу, дезинфекциялау құралдарын таңдау және ротациялау принциптерін ғылыми негіздеу жүргізіледі.

  • Биофильм құрамындағы микроорганизмдердің биоцидтерге төзімділігін зерттеу.

  • Микроорганизмдердің төзімділігін зерттеудің жаңа микробиологиялық және молекулалық-генетикалық әдістерін жетілдіру және әзірлеу;

  • Микроорганизмдердің микробқа қарсы құралдарға сезімталдығын мониторингтеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде мамандарды жұмыс орнында микроорганизмдердің биоцидтерге төзімділігін бағалау әдістеріне оқыту.

Қарсылықты жеңу жолдарын табу:

  • бактериофагтар мен пробиотиктерді қолдану арқылы дезинфекцияның балама әдістерінің, атап айтқанда биологиялық әдістің тиімділігін зерттеу;

  • әртүрлі физикалық факторлардың әсерін және химиялық және физикалық факторлардың аралас әсерін салыстырмалы зерттеу;

  • микроорганизмдердің төзімді түрлеріне тиімді жаңа субстанцияларды іздеу және зерттеу;

  • биоцидтердің вирулицидтік әсерін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет