Анатомиялық құрылымды атаңыз №5- ортаңғы мұрын жарғағы.
3 тапсырма. Жағдайлық есептер 1 тапсырма Кейбір ауруларға диагноз қою үшін дәрігерге түтіктік бадамшалардың нақты орнын білуі керек. Бұл ағзалардың орналасқан жерін анықтаңыз.
Жауап: Есту түтігінің жұтқыншақтық тесігін- түтік бадамшасы қоршап тұрады. Барлығы алты бадамша және жұп түтік, жұп таңдай және тіл бадамшалары жұтқыншақтың лимфоэпителік сақинасын түзеді. 2-тапсырма Интубациялық түтікті көмейге енгізу үшін дәрігер алдымен аңқадан көмейге түсуі керек. Көмей кіреберісі немен шектелген?
Жауап: Жоғарғы бөлім немесе көмекей кіреберісі аралықтары кіреберіс саңылауын түзетін кіреберіс қатпарларымен шектеледі.