Бақылау сұрақтары:
Отынның сапасы қандай сандық көрсеткіштермен бағаланады?
Электронды-сəлелі қыздыру туралы не білесіз?
Отынды жағу үшін қолданылатын ауа қандай мақсатта қыздырылады?
Электр энергиясын жылу көзі ретінде қолданудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін тұжырымдаңыз.
Тікелей түйіспелі қыздыру жанамадан қалай ерекшеленеді?
Электр доғасы плазма ағынынан немен айрықшаланады?
Жоспар
Домна балқытуында жүретін реакциялар
Металдардың тікелей және жанама тотықсыздану заңдылықтары
Домна балқытуында жүретін реакциялар
Домна пешіндегі процестер. Домна процесі пештің түрлі бөліктерінде жүретін мынадай химиялық реакциялардан тұрады: кокстың жануы, шихтаның ыдырауы мен ұшқыш газдардың бөлінуі, темірдің тотықсыздануынан басқа тотықсыздану реакциялары, тотықсызданған темірдің көміртектенуі, шлактың түзілуі мен балқуы.
Кокстың жануы. Фурма саласында ауа мен шихтаның құрамындағы оттегі көміртегімен қосылып, мынадай реакция жүреді, яғни кокс жанады:
С + О2 = СО2 (1)
Фурма саласында қашық жерлерде ауаның құрамындағы оттегі азайғандықтан, кокстың жануы (8) мына реакция бойынша да жүреді:
2С + О2 = 2СО (2)
(1) реакция нәтижесінде түзілген көміртегінің қос тотығы жоғары қарай көтерілу жолында шихтаның құрамындағы кокспен әрекеттесіп, мынадай реакция жүреді:
СО2 + С = 2СО (3)
Бұл реакциямен бір мезгілде үрленген ауаның құрамындағы ылғал кокспен мына реакция бойынша әрекеттесіп, реакция нәтежиесінде сутегі түзіледі:
Н2О + С = Н2 + СО (4)
Шихтаның ыдырауы және ұшқыш заттардың бөлінуі. (1-4) реакциялардың нәтижесінде түзілген газдар (СО және сутегі) шихтамен әрекеттесіп, оны ыдыратады.
Колошникте 423-723К (150-450оС) басталып, алдымен 343-473К (100-200 оС) темпреатурада ылғал бөлініп, 573-673К (300-400оС) температурада кристалды су бөлініп, мынадай карбонаттар ыдырайды: СО3-390-400оС-та, MnCO3-525оС-та, MnCO3-525оС-та, MnCa(CO3)2 –730-895oC, CaCO3 –895oC-та.
Темірдің тотықсыздануы. Темір екі түрлі жолмен: жанама және тура тотықсыздану реакциялары бойынша тотықсызданады. Темірдің көміртегі мен сутегі арқылы тотықсыздануын жанама (тотықсыздану), ал көміртегі арқылы тотықсыздануын тікелей тотықсыздану дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |