Бессемер үрдісінің кезеңдері:
1. Температурасы 1250-1300 0С шойынды (0,7-1,25 Si, 0,5-0,8 - Mn; 3,8-4,3 - С; <0,06 % P; <0,06 - S) құю.
2. Үрлемені (қысымы 0,2-0,35 МПа) қосып, конвертерді вертикаль қалыпқа әкелу. Ауамен үрлеу уақыты 12-15 минут.
Үрлеу үрдісі 3 кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – қож түзілу. Si, Mn, Fe қарқынды тотығып, қож фазасын түзеді.
Екінші кезеңде көміртегі қарқынды тотығады.
Үшінші кезеңде темір қарқынды тотығады.
3. Көміртегінің берілген концентрациясында үрлемені тоқтатып, конвертерді арқа жағымен горизонталь қалыпқа әкелу.
Сурет 6. Бессемер конвертерінің құрылысы
4. Болатты шөмішке ағызу.
5. Болатты шөміштен құймақалыпқа құю.
Бессемер үрдісінде зиянды элементтерді (Р, S) азайту мүмкін емес, өйткені балқыманың қожы қышқылды. Конвертер шегені қышқылды болған соң, қож түзу үрдісінде әк қолданылмайды. Бессемер болатында азот пен зиянды элементтер мөлшері жоғары.
1.2 Томас үрдісі
Үрдістің ашылуына конвертерлік тәсілдің жоғары өнімділігі мен бессемер шойынын алуға аз фосфорлы темір кені қорының тапшылығы себеп болды. Сонымен қатар Батыс Европаның бірталай елдері жоғары фосфорлы темір кеніне бай болып, одан алынған фосфорлы шойыннан болат алу мәселесі алға қойылды. Жүргізілген ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесінде 1878 жылы С. Томас конвертер шегенін шайырдоломиттен қалап, балқыма үрдісінің негізді болуына жол ашты.
Болат қорыту үрдісі негізді болғанда, конвертерге әк салып, негізді қож түзіп, зиянды элементтердің (P, S) мөлшерін азайтуға болады.
Томас үрдісінің кезеңдері:
1. Конвертерге әк салу (12-18).
2. Температурасы 1200-1205 0С шойынды (1,6-2,0 Р; 0,2-0,6 Si; 0,8-1,3 Mn; 2,8-3,3 С; < 0,08 % S) құю.
3. Үрлеме қосып, конвертерді көтеру.
Үрлеу (16-22 мин) 3 кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезеңде Fe, Si, Mn тотығады, аздап Р. Әкті қож түзіле бастайды.
Екінші кезеңде көміртегі қарқынды тотығады және фосфордың бір бөлігі.
Үшінші кезеңде фосфор қарқынды тотығады, біраз Fe.
Түзілген гомогенді қожға фосфор өтеді
Фосфор мөлшері 0,05-0,07 -ға төмендегенде үрлемені тоқтады.
4. Үрлемені доғарып, конвертерді горизонталь қалыпқа әкелу.
5. Қожды ағызып алу.
6. Балқыманы оттегісіздендіру.
7. Балқыманы шөмішке ағызу.
8. Құйылма алу үшін металды сифондық немесе жоғарыдан құю тәсілдері арқылы құймақалыптарға құю.
Томас үрдісінде фосфатты (16-24 Р2О5) қож алынатындықтан, оларды ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Томас үрдісі, бессемер сияқты, жоғары өнімділігімен, агрегаттың қарапайымдылығымен, шығынның аздығымен және арнайы отын қолданудың керек еместігімен ерекшеленді.
Балқыманы ауамен үрлегендіктен, екі үрдістің де болатының азоты жоғары (0,015-0,025). Фосфордың мөлшері 0,05-0,07 және одан жоғары. Сондықтан болат ескіруге бейім әрі морттық тән.
Үрдіс қарқындылығын және болат сапасын арттыру мақсатымен оттегімен байытылған үрлеме қолданыла басталды. 30-40 оттегімен байытылған ауаны қолданғанда болаттағы азот концентрациясы 0,005-0,008 -ға дейін төмендеді.
Шойынды түптен техникалық таза оттегімен үрлеу ойдағыдай нәтиже бермеді. Конвертер түбінің шыдамдылығы 15-25 балқымадан 1-2-ге күрт төмендеді.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде техникалық таза оттегіні сумен салқындатылатын жылжымалы фурма арқылы жоғарыдан берудің оңтайлы варианты табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |