3 Қорғасын металлургиясындағы күйдіру
Металлургиялық өңдеуге негізінен қорғасынның сульфидті кендерін жібереді. Олардың құрамында металл-қоспаларының кө мөлшері болады: As, Cd, Sn, Co, Mo, V, In, Ge, Ta, Au, Ag. Осындай кендер флотациялық
тəсілмен жақсы байытылады. Алынатын концентраттардың орташа құрамы, %: 50-70 Pb; 12-14 Zn; 1-4 Cu; 3-7 Fe; 15-20 S % тең болады. Металды қорғасынды алудың негізгі əдісі –шахталы пештерде тотықсыздандырып балқыту. Балқыту алдында концентраттарды агломерациялайды. Агломерациялау процесі концентраттар мен майда кендерді кесектеуге ғана қолданбайды, сонымен қатар ол қорғасын жəне басқа металдардың сульфидтерін тотықтырудың тиімді тəсілі болып табылады. Сульфидтердің тотығу реакциялары экзотермиялы:
Сурьма, мышьяк жəне мыс сульфидтері де тотықтарға айналады. Темір кендерінің агломерациясына қарағанда, қорғасын концентраттарын агломерациялауды ауаны жоғарыдан төменге сіңіртпей, төменнен жоғарыға үрлеп жүргізеді. Бұндай əдісте үлкен мөлшерде пайда болатын балқыма пісіру қабатында қалқып қалады. Екіншіден, агломерациялық газда SO2 газының жоғары концентрациясы сақталады, бұл газды өңдеп, одан күкірт қышқылын өндіріп алудың тиімді жолы болып табылады. Бұндай агломашинаның ерекшелігі, оның үстінгі жағы газ жинауға арналған ауа өткізбейтін қақпақпен жабылған жəне шихта тиеуге арналған екі құрылғысы бар, олардың арасында отынды тұтандыратын горн орналасқан.
Балқытуды ойдағыдай жақсы өткізу үшін агломераттың құрамындағы күкірттің мөлшері 2-7 %-ке дейін болу керек (мыстың мөлшеріне байланысты) . Күкірттің ақырғы мөлшерін реттеу, агломерациялық шихтадағы көміртегі мен қайталама материалдардың шығынын өзгертумен іске асады.
Қорғасынның төмен балқу температурасы (327,4 °C) оны кеннен қарапайым сұлба арқылы өндіріп алуға болатынын көрсетеді: тотықтырып күйдіру→тотықсыздандырып балқыту.
4 Мырыш концентраттарын күйдіру
Мырышты концентраттардан алу үшін екі тәсіл қолданылады:
1.Пирометаллургиялық (дистилляциялық).
2.Гидрометаллургиялық (электролитті).
Алдын ала концентраттарды күйдіреді. Күйдірудің екі түрі қолданылады.
1.Ұнтақ алу үшін күйдіру (дистилляция алдындағы күйдірудің бірінші сатысы болып немесе гидрометаллургия үшін өнім дайындау).
2.Агломерациямен қосып күйдіру (дистилляцияның алдында).
Осы тәсіл бойынша күйдіру келесі набойлар арқылы жүргізіледі:
1.8-9% S ұнтақ алу үшін күйдіру және отынсыз пісіру.
2.3-4% S ұнтақ алу үшін толықтау күйдіру және коксик қосып пісіру.
3.Пісіру машиналарда екі сатылы күйдіру.
4.Пісіру машиналарда бір сатылы күйдіру (қайталама материалдардың мөлшері жоғары).
2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2+Q
4FeS2+11O2=2Fe2O3+8SO2Q
Осы екі реакциялар процестің отынсыз жүруіне себепші болады.
ZnO+Fe2O3=ZnO∙Fe2O3
2ZnO+SіO2=Zn2SіO4
2Pв+ SіO2=Pв2SіO2
ZnS+2O2=ZnSO4+Q
ZnO+SO3=ZnSO4+Q
аз мөлшерде өтеді.
Күйдіру нәтижесінде күкірттің 94 ± 2% -ті газ күйінде ұшып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |