Отынның жану жылулығы
Отынның жану жылулығы отынның бір бірлігінің(сұйықжəне қатты отындар– 1 кг, газ тəріздес– 1 м3), барлық жанғыш компоненттердің толық жану өнімдеріне дейін жанған кезінде бөлітін жылу мөлшерін көрсетеді. Жану жылулығының өлшем бірлігі кДж/кг(қатты жəне сұйық отын үшін), кДж/м3(газ тəріздес отын үшін), жəнеде отынның тек қана химиялық құрамына тəуелді болады. Отынның құрамында ылғалдылықтың,сутегінің жəне көмірсутекті химиялық қосылыстардың болуы жану жылулығын екі түрге бөлуге əкеледі: жоғарғы жəне төменгі. Жоғарғы жану жылулығы , түзілген су буының суытылып, сұйық күйге конденсацияланатын жəне 273 К дейін суытылатын жағдайындағы отын бірлігінің толық жанған кезде бөлетін жылу мөлшерін сипаттайды. Бұл кезде жану аумағына (1 кг суға шаққанда): 2256,8 кДж/кг– буланудың көрінбейтін жылуы жəне 418,7 кДж/кг– 273 – тен 373 К дейін суды қыздыру жылуы қайта келеді. Қорытындысында жану аумағына 2675,5 кДж/кг жылу қайтарылады. Дегенмен өнеркəсіптік қондырғыларда отын жанған кезде бұл шарт орындалмайды. Сондықтан отынның нақты сипаттамасы болып төменгі жану жылулығы табылады. Отынның төменгі жану жылулығы Qæ±Ò , түзілген су буының газ тəріздес күйде 373 – тен 273 К дейін суытылатын жағдайындағы суытылып отын бірлігінің толық жанған кезде бөлетін жылу мөлшерін сипаттайды. Бұл кезде жану аумағына оралған жылу мөлшері: 1 · 2,041 (373 – 273) = 163,3 кДж/кг құрайды, мұндағы 2,041 – су буларының жылу сыйымдылығы, кДж/кг. Отынның қандай түрін қолдану тиімді екенін салыстыру жəне өнім бірлігін өндіруге отын шығынын бағалау үшін шартты отын деген ұғым енгізілген.
Отынның жану температурасы. Отынның жануы нəтижесінде алынатын жылу жану өнімдерінің температурасын жоғарылатуға шығындалады, яғни олардың жылуұстамдылығын немесе энтальпиясын арттыруға. Жану температурасын үш түрге бөледі: теориялық Т теор,калориметриялық Ткал жəне нақты Тнақ. Жанудың нақты температурасы келесі теңдеумен анықталады:
мұндағы Q – отынның төменгі жану жылуы, кДж/м3 немесе кДж/кг ;
àÔQ = VаCаTа—отын бірлігін жағуға шығындалатын қыздырылған ауаның физикалық жылуы, кДж/м3 немесе кДж/кг;
Vа- отын бірлігін жағуға шығындалатын ауа мөлшері, м3/м3 немесе м3/кг;
Са– ауаны қыздыру температурасы
Та кезіндегі, ауаның жылу сыйымдылығы, кДж/(м3·К) немесе кДж/(кг·К); Qфо= 1 Со· То– отынның То дейін қыздырылған бірлігімен жану аумағына кіретін физикалық жылу;
Со– температура То кезіндегі отынның жылу сыйымдылығы;
Qжоғ–қоршаған ортаға жану аумағынан кететін жылу жоғалымының барлық түрі;
Qдис– жоғарытемпературалар кезіндегі жану өнімдерінің диссоциациясымен байланысты жылу жоғалымдары, диссоциация дəрежесі тəжірибелік жолмен анықталады;
Vж.ө- отынның бір бірлігі жанған кезде пайда болған жану өнімдерінің мөлшері, м3/м3 немесе м3/кг, бұл шамаотынның жануын есептеу кезінде анықталады;
Сж.ө- нақты температура Тн кезіндегі жану өнімдерінің жылу сыйымдылығы. Нақты температура Тн белгісіз болғандықтан, Сж.ө шамасыда белгісіз болады. Сондықтан отынның жануының нақты температурасы бұл теңдеумен тікелей есептеле алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |