Жалпы металлургия


Кендерді байыту тәсілдері



бет11/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Кендерді байыту тәсілдері


Түсті металдар кенін байыту. Көптеген түсті металдар кені, жоғарыда айтылғандай, салыстырып айтсақ кейделенген полиметалл жынысы. Тек аз мөлшері ғана, бірден металлургиялық заводтарда өндеуге болады. Кенді əдетте байытады, жасанды түрде бос жыныстарды бөліп, керекті металдар құрамын жоғарлатады. Байытылған кен алғашқысына қарағанда 10 есе немесе 100 еседен артық болғаны металлдармен баий түседі. өңделетін кеннің құрамына байланысты мыналар тəуелді: агрегаттың өнімділігі, еңбек қаржысы, отын-электроэнергия шығыны, қосымша материалдар, өндіретін металдың шығыны жəне дайын өнімнің өзіндік құны. Кенді байыту, тау металлургиялық кəсібінің өзінше жеке өндіріс екендігі белгілі, онда механикалық өңдеуден өткізіледі, мұнда минералдар химиялық өзгеріске түспейді, құрамы тұрақты. Өзгеретіні сапалы компонентпен бос жыныстың ара қатынасы, алғашқы кен құрамымен салыстырғанда.


Көптеген тəсілдердің механика əдісімен кенді байыту олардың физикалық қасиетіне негізденген, минералдың тығыздығы, үлкендігі, пішімі, түсі жəне жылтырлығы, су жұққыштығы, магнитке қабылдануы т.б. Бір-біріне жабысқан минералды механикалық өңдегенде, жарғанда, майдалағанда, оны елегенде, топқа бөлгенде минералдар бір-бірінен бөлінеді.
Негізгі түсті металлдар кенін байыту флотация жəне гравитация тəсілдері. Басқа тəсілдерден мынаны атуға болады магнитпен бөлу жəне электростатикалық байыту, көбінесе бұлар қосымша деп аталады.
Флотация: флотациялық байыту дегеніміз, ол мынаған негізделген минерал бөлшегі оның қасиетіне байланысты теріліп пульпа ішіне ауа жіберілгенде көбік бөлшектеріне жабысып сүйықтың бетіне шығады, оны арнайы қалақтармен сырып алады. Минералдың бір бөлігі көбікке жабыспайды пульпаның құрамында сөйтіп түрлі минералдың бөлінуі басталады.
Флотациялық бөлу, флотациялық реагентті пайдалану арқылы іске асырылады – олар органикалық жəне органикалық емес қосындылар.
Флотациялық реагенттің атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: жинаушы, көбік жасаушы, депрессор (басушы), жандандырушы (активаторы) жəне жұққыштықты азайтып көбейтетін реагент (регулятор), жинаушы-реагент, минералдың кейбірінің су жұққыштығының азайтады. Осы арқылы минералдың көбікке су жұққыштығын қамтамасыз етеді. Ең негізгі жинаушы түсті металдарды флотациялығында реагенті калилі (натрилі) ксантогеннатар. Көбік жасаушы ең көп пайдаланатын алифатты спирттер, фенолдар, крезондар жəне синтетикалық өнімдер пропиллин жəне этилен негізінде т.б. Көбіктенушілер сүйық пен ауаның арасындағы фаза тартылыс күшін азайтады нəтижесінде мықты тұрақты көбік пайда болады.
Депрессолар (басушылар) кейбір минералдық флотациялық қасиетін тежейді, олар минерал бетінде жақсы жұққыштық қаблетке ықпал жасайды.
Активатор – депрессорланған минералдың бұрынғы қасиетіне ие болуына мүмкіндік береді.
Регулятор - белгілі физика - химиялық қасиеті бар орта жасау, онда басқа реагенттердің флотациялық қасиеті арта түседі.
Металлургия заводтары мен комбинаттардың айырмашылықтарын білу керек. Көбінесе металлургия кәсіпорындары кен және флюс алу орындарынан бөлек. Мысалы: рудниктер, шахталар, кен байыту фабрикалар, комбинаттар. Ал металлургия заводтары отын, су, электрэнергияға жақын орналасқан. Егер кен алу және металлургияны біріктірсе онда оны комбинат дейміз.
Қазақстанда не шығарылады? Болат, шойын, - Теміртау. Ферроқорытпалар – Ақтөбе, Теміртау, Ақсу. Мыс – Жезқазған, Балқаш, Глубокое. Мырыш – Лениногорск, Өскемен, Балқаш. Қорғасын – Лениногорск, Өскемен, Шымкент. Cd, Te, Bi – Шымкент.
Pt, Моконц, Rеконц, Ве-Өскемен. Ta, Nв, Sc, Rb, U.
U-Ақтау, Степногорск.
Глинозем (Al2O3) - Павлодар.
Сr - Ақтөбе.
Аg, Au -Шымкент, Өскемен, Балқаш, Ақмола.
La, Ce –Первомайка (Шығыс Қазақстан).
Қазіргі жағдай металлургия өндірісіне өте ауыр. Бай кендер көбінесе таусылды, геологиялық барлау үлгере алмайды. Сондықтан кейбір заводтар кенді сырттан әкелуге мәжбір болады. Мысалға Балқаш-Әрденет; Шымкент-Иран, Чили. Лениногорск Zn- Австралиядан. Павлодар ПАЗ. алюминийді шығармайды. Қазіргі Батыс елдері бізді шикізат базасы ретінде ғана пайдалануға тырысады (“банановая” республика). Ал шикізаттын бағасы жоғары технологиялық өнімге қарағанда едәуір төмен. Дүние жүзілік экономикада өз орнымызды табу өте қиын. Ол үшін не керек?
1.Өнімнің сапасы өте жоғары болу керек.
2.Бағасы тым жоғары бөлмау керек.
3.Өнімнің дайындығы өте жоғары болу керек.
Сонда да бізді жібермеуге тырысады. Жаңа технологиялардың негізінде өндірістің өнімділігін даму мәдениеті жоғары болса ғана біз өз орнымызды таба аламыз. Металл алу технологиясының дамуы.
Барлық жағдайда металлургия келесі үрдістерге негізделеді:
1.Кен алу;
2.Оны дайындау - ұсақтау, ұнтақтау;
3.Байыту;
4.Метал алу (өндіру) - пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия;
5.Металдарды өңдеу (қысыммен).
2. Байыту фабрикаларының сұрыптамасы.
Байыту фабрикаларында жүргізілетін процестер əртүрлі жəне күрделі болып келеді. Жобалау барысында мəселелерді талапқа сай шешіп отыру үшін фабрикаларды топтастырып қарастырған дұрыс болып саналады. Ондай топтастыру басты-басты екі факторға негізделген:
1) фабрикада қолданылатын байыту процестері;
2) өңделетін (байытылатын) шикізаттын түрі мен сипаты.
Бірінші факторге қарай фабрикалар флотациялық, гравитациялық, жуып байыту, магнитті байыту, ауада байыту, ұсату-сұрыптау, бірнеше процестерден тұратын аралас əдіспен байыту болып бөлінеді.
Екінші факторге байланысты фабрикалар тобына қара, түсті, сирек кездесетін жəне асыл металдар кендерін, көмір тағы басқа пайдалы қазбаларды байытатын фабрикалар жатады.
Флотациялық фабрикаларда түсті жəне сирек кездесетін металдар кендерімен қатар, құрамында күкірт, графит, апатит, көмір,фосфорит, барит, флюарит т.б. бар металсыз шикізаттар да байытылады.
Көмір, жез, темір, асбест т.б. пайдалы қазбалар сулы немесе құрғақ гравитациялық əдістер арқылы байытылады.
Магнитті байыту фабрикаларында негізінен магнитті темір кендері байытылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет