Сынамалық тапсырмалар – 1.7 бөлімін, патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз.
№ 3 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:
Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері:
-
жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу
-
зақымдаушы агенттердің әсеріне жасушаның бейімделу тетіктерін зерттеу
-
жасушаның зақымдану белгілерін анықтап, оларды бағалау
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.
-
Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.
-
Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.
-
Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.
-
Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).
-
Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.
-
Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.
-
Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралардың патогенездік негіздері.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Тәжірибелік жұмыс
№1 тапсырма.
Азот қышқылды күмістің әсерінен бүлінген бақа тілі тінінің бояуды қабылдау қабілетін зерттеу
Әдісі: Бақаны жұлынын зақымдау арқылы жансыздандырады. Тіл препараты жасалады. Оған бірнеше түйір азот қышқылды күмісті салады және сау тін мен зақымданған тін арасындағы айырмашылықты көзбен қарап ажыратады. Сосын тілге бірнеше тамшы метилен көгін тамызады және тез арада дистилденген сумен жуып тастайды. Тілдің зақымданған бөлігінің боялуын жай көзбен және микроскоппен салыстырады, тілдің көрінген өзгерістерінің суретін алып, тұжырым жасайды.
№3 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару
№ 1. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.
Сұрақтар:
-
Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.
№ 2. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).
А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.
Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.
Тәжірибелердің нәтижелері
А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.
Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.
1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.
2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 1994. – С. 50-73.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.
-
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 - 81
Қосымша
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.
-
Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.
№ 4 тақырып. ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістерінің этиологиясы, патогенезін және организм ұшін маңызын меңгеру
Оқыту міндеттері:
-
стрес пен «жауаптың жедел кезеңі» жауабының этиологиясы, патогенезі, қорғану-бейімделулік және патогенді маңызын зерттеу
-
сілейменің түлерін және даму тетіктерін зерттеу
-
жіті қозғалтпаулық стресті үлгілеу және оның егеуқұйрықтардың дене қызуына әсерін зерттеу.
Жүргізу түрі:
-
Жауптың жедел кезеңінің патогенездік сызбанұсқасын зерттеу, сынамалық тапсырмаларды шешу
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.
↓
Қан моноциттерінің , тіндік макрофагтардың, нейтрофилдердің, лимфоциттердің, фибробластардың, эндотелийдің ж.б жасушалардың белсенденуі
↓
|
Жасушалардан «жауаптың жедел кезеңі» және қабыну дәнекерлерінің босап шығуы
↓
ЦИТОКИНДЕР
( ИЛ – 1, ИЛ -6, ӨТЖФ –а, интерферон –ү ж.б.)
Жүйелік әсер жергілікті әсер
↓ ( қабыну)
|
Жүйкелік эндокриндік реттеудің, зат алмасудың, ағзалар мен жүйелер ( гипоталамустың, гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесінің, иммундық жүйенің, қан түзу жүйесінің, қан плазмасы, бауыр ж.б) қызметінің қайтадан құрылуы
|
Ил-1 – интерлейкин-1, ИЛ-1 қабылдағыштары организмнің барлық жасушаларында бар.
ИЛ – 6 - интерлейкин - 6
ӨТЖФ –а - өспе тіршілігін жоятын фактор - әлфа
№ 2 тапсырма.
|
№2 сызбанұсқаны зерттеу. «Жауаптың жедел кезеңінің» негізгі әсерлері»
|
Гипоталамус
|
Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)
|
|
Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі
|
Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)
|
|
Зат алмасу
|
Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.
|
|
Иммундық жүйе
|
Т және В лимфоциттерінің белсенділенуі
|
|
Қан плазмасы
|
- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұю, ұюға қарсы жүйелердің белсенділенуі
- Диспротеинемия
- Сиал қышқылдарының көбеюі ( гли-копротеидтердің құрамбөлшектері)
- ЭТЖ –ң жоғарылауы
|
|
Қан түзу жүйесі
( сүйек кемігі)
|
Нейтрофилдік лейкоцитоз
Ретикулоцитоз
|
|
Нейтрофилдер
|
Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия
|
|
Бауыр
|
«Жауаптың жедел кезеңі» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз ( қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының Ү11, 1Х факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин 111, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің ж.б.лығы 30 жуық).
«Жауаптың жедел кезеңі» глобулиндерінің қызметі:
. антиоксиданттық ( церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)
. микробтарға қарсы ( с - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады --- бактериялардың өсіп - өнуі !
. гемостазға қатысуы ( қан ұйытқыш және уюға қарсы факторлар).
|
|
№3 тапсырма. Организмге жауаптың жедел кезеңінің маңызын зерттеу
Қорғаныстық
|
Дерттуындатулық
|
Жіті фазаның нәруыздары микробтарға қарсы және антиоксиданттық әсер етеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелер қызметін өзгертеді, қызба туындатады, фагоцитозды белсенділейді, стресс дамуына септеседі. Цитокиндер зат алмасудың үйлесімді қайта құрылуын қамтамасыз етеді, сөйтіп зиянкестікке жедел жауаптың аса белсенді қатысушыларының пайдасына орай зат алмасулық әлеуеттердің кайтадан бөлінісін қамтамасыз етеді. Мысалы: амин қышқылдары сүйек кемігіне, лимфоидты тінге, бауырға келеді, Нәтижесінде бұзылған гомеостаздың қалпына келуі, өлеттенген тіндердің сорылуы, тіндік протеазалардың артық мөлшерін байланыстыру және аластау, репарацияға қолайлы жағдай жасау жүзеге асады
|
Цитокиндердің артық әсері организм үшін жағымсыз.
ИЛ – 1 және ӨТЖЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылысын, көп ағзалық жеткіліксіздік синдромын туындатады.
|
№4 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару
28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..
1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?
2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?
3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?
4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?
ӘДЕБИЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |