5. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында– 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында– 68 сағат.
6. 10-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау;
2) «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік». Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Тетраэдр. Параллелепипед. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі;
3) «Кеңістіктегі перпендикулярлық». Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Үш перпендикуляр туралы теорема. Кеңістіктегі арақашықтықтар. Кеңістіктегі бұрыштар. Жазықтықтардың перпендикулярлығы. Тікбұрышты параллелепипед. Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және оның ауданы;
4) «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар». Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Коллинеар және компланар векторлар. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген вектордысанға көбейту. Векторды үш компланар емес векторбойынша жіктеу. Екі нүктенің арақашықтығы. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесінді ортасының координаталары. Векторлардың скаляр көбейтіндісі. Сфера теңдеуі. Жазықтық теңдеуі. Кеңістіктегі түзудің теңдеуі;
5) 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.
7. 11-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 10-сыныптағы геометрия курсын қайталау;
2) «Көпжақтар». Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері, призма түрлері.Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида. Қиық пирамида. Пирамиданың,қиық пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Көпжақтардың жазықтықпенқималары.Дұрыс көпжақтар;
3) «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы». Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Кеңістістегі нүктеденжазықтыққа дейінгіарақашықтық.Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты, түзу мен жазықтық арасындағыбұрыштытабу;
4) «Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Сфера, шар және олардың элементтері. Сфераға жүргізілген жанама жазықтық. Сфера бетінің ауданы. Шар және оның элементтері. Шардың, сфераныңжазықтықпен қималары. Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары;
5) «Денелердің көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері. Кеңістік фигураларының ұқсастығы. Шар және оның бөліктерінің көлемдері.Геометриялық денелердің комбинациялары;
6) 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастмалары курсын қайталау.
8. Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтиды. Әр бөлім ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
9. «Геометрия» оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
Геометриялық фигуралар туралы түсінік;
Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;
Метрикалық қатынастар;
Векторлар және түрлендірулер.
Достарыңызбен бөлісу: |