Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет11/63
Дата04.03.2024
өлшемі0.89 Mb.
#494151
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
@8; 6 3 07

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)

25. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10»-сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.


1. Заттардың бөлшектері:



Білім алушылар жасай алады




10-сынып

11-сынып

1.1 Атомдар, молекулалар және иондар

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
10.1.1.2 зат мөлшері шамасын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу




1.2 Атомның құрамы мен құрылысы

10.1.2.1 «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының мағынасын түсіндіру;
10.1.2.2 қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;
10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру




1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау;
10.1.3.2 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу




1.4 Химиялық байланыстың түрлері

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;
10.1.4.4 әртүрлі гибридтену түрлерін түсіндіру;
10.1.4.5 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;
10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.8 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.9 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.10 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау




2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары:

Білім алушылар білуі тиіс:




10-сынып

11-сынып

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі
10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.3 - периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжа
10.2.1.4 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
10.2.1.5 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру
10.2.1.6 галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау
10.2.1.7 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу
10.2.1.8 - табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау

11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.1.3 14 (ІV) топэлементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіре алу
11.2.1.5 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерін сипаттау;
11.2.1.6 14 (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдау
11.2.1.7 аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру
11.2.1.8 газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
11.2.1.9 аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;
11.2.1.10 азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісін түсіндіру;
11.2.1.11 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.1.12 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну;
11.2.1.13 - күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.14 - сульфид-ионының сапалық реакциясын білу;
11.2.1.15 - атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау;
11.2.1.16- тағам өнеркәсібінде күкірт (IV) оксидін қолданылу аймағын атау;
11.2.1.17 - күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;
11.2.1.18 - күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіру;
11.2.1.19 - күкірт қышқылының қолдану аймағын атау;
11.2.1.20 - ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;
11.2.1.21 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.22 кешенді қосылыстың құрылымын сипаттау;
11.2.1.23 - ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;
11.2.1.24 гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;
11.2.1.25 иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау

2.2 Заттар массасының сақталу заңы

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;
10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;
10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу;

11.2.2.1 параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;
11.2.2.2 тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;

2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

10.2.3.1 электронды баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;
10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу – тотықсыздану реакцияларының электрондық-иондық теңдеулерін құрастыру;
10.2.3.3 «стандартты электродтық потенциал» ұғымын түсіндіру;
10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;
10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;
10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;
10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау;

11.2.3.1 металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
11.2.3.2 ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын білу: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
11.2.3.3 шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;
11.2.3.4 металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;
11.2.3.5 гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;
11.2.3.6 коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;
11.2.3.7 химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;
11.2.3.8 материалдарды екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;
11.2.3.9 металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру

3. Химиялық реакциялар энергетикасы:





Білім алушылар жасай алады




10-сынып

11-сынып

3.1 Экзотермиялық және эндотермия-лық реакциялар

10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну
10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;
10.3.1.3 реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу;
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу;
10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер бойынша есептеу




3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу
10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу
10.3.2.3 қайтымды реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру
10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;
10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру
10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
10.3.2.8 «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық түсіндіру
10.3.2.9 катализ процесінің мәнін түсіндіру
10.3.2.10 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату
10.3.2.11 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру




3.3 Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру;
10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.3 не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;
10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;
10.3.3.5 реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құру;
10.3.3.6 тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;
10.3.3.7 тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару;




3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер




11.3.4.1 Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну;
11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу;
11.3.4.3 күшті қышқыл және күшті негіздің pH ін есептеу;
11.3.4.4 буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;
11.3.4.5 буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;

4. Химия және қоршаған орта



Білім алушылар жасай алады




10-сынып

11-сынып

4.1 Жер химиясы




11.4.1.1 «Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны түсіндіру;
11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;
11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;
11.4.1.4 «парникті эффектінің» салдарларын болжау;
11.4.1.5 «парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;
11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын бағалау

4.2 Көміртек және оның қосылыстары

10.4.2.1 - органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну
10.4.2.2 - көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату
10.4.2.3 - функционалдық топтар бойынша органикалық қосылыстардың негізгі кластарын ажырату
10.4.2.4 - гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру
10.4.2.5 - қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау
10.4.2.6 - изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер
10.4.2.7 - әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру
10.4.2.8 - алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау
10.4.2.9 - берілген жану өнімдері бойынша заттың гомологтық қатары бойынша молекулалық формуласын анықтау
10.4.2.10 - алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру
10.4.2.11 - «қанықпағандық» терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру
10.4.2.12 - алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу
10.4.2.13 - электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату
10.4.2.14 - полимерлеу реакциясының мәнін түсіндіру
10.4.2.15 - химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу
10.4.2.16 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру
10.4.2.17 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау
10.4.2.18 алкадиендердің құрылысы негізінде олардың қасиеттерін түсіндіру
10.4.2.19 каучук пен резинаның табиғатта таралуын, алыну жолдарын оқу
10.4.2.20 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын оқу
10.4.2.21 мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және қолданылу аясын сипаттау
10.4.2.22 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру
10.4.2.23 мұнайға серік газдардан маңызды өнімдер алу жолдарын білу
10.4.2.24 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу
10.4.2.25 - молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру
10.4.2.26- біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу
10.4.2.27 - этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру
10.4.2.28 - этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.4.2.29 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу
10.4.2.30 фенолдың құрамы мен құрылысын, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуын білу
10.4.2.31 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;
10.4.2.33 нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.34 галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру;

11.4.2.1 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының функциональды топтарының құрылысын сипаттау;
11.4.2.2 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC бойынша атау
11.4.2.3 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру
11.4.2.4 альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру
11.4.2.5 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
11.4.2.6 этерификация реакциясының механизмін сипаттау
11.4.2.7 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау
11.4.2.8 майлардың құрамы мен құрылысын білу
11.4.2.9 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру
11.4.2.10 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру
11.4.2.11 бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;
11.4.2.12 органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру
11.4.2.13 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру
11.4.2.14 «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын ажырату
11.4.2.15 полимерлену реакциясының теңдеуін құрастыру, поликонденсация реакциясының теңдеуін құру
11.4.2.16 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну
11.4.2.17 полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау

11.4.2.18 пластмасса және наноталшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау


11.4.2.19 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау
11.4.2.20 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау

11.4.2.21 жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын атау


11.4.2.22 аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау
11.4.2.23 физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру
11.4.2.24 синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау
11.4.2.25 дәрілік заттарды өндіру проблемаларын атау
11.4.2.26 «нанобөлшек», «нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
11.4.2.27 нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;
11.4.2.28 нанобөлшектердің қолдану аймағын атау
11.4.2.29 наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау
11.4.2.30 көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;
11.4.2.31 кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау
11.4.2.32 жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;

11.4.2.33 сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау


11.4.2.3 физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау
11.4.2.35 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау
11.4.2.36 қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау

5. Химия және өмір:



Білім алушылар жасай алады




10-сынып

11-сынып

5.1 Биохимия




11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын білу;
11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;
11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.5.1.4 аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.5 нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;
11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;
11.5.1.7 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуынбілу;
11.5.1.8 аминқышқылдар молекулаларының құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.9 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;
11.5.1.10 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;
11.5.1.11 аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
11.5.1.12 -аминқышқылдардан нәруыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіну;
11.5.1.13 нәруыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру;
11.5.1.14 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;
11.5.1.15 глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтай алу;
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.17 крахмалға сапалық реакция жүргізе алу;
11.5.1.18 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.19 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.20 нәруыздардың өмір үшін ролін сипаттау
11.5.1.21 гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;
11.5.1.22 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.23 «құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;
11.5.1.24 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;
11.5.1.25 ДНҚ құрылымының моделін сипаттау;
11.5.1.26 ДНҚ молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;
11.5.1.27 АТФ гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;
11.5.1.28 биологиялық маңызды металдардың: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;
11.5.1.29 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;
11.5.1.30 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру

26. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
27. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Химия» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес іске асырылады.


Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Химия» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет