Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Орыс әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет31/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   246
74-132

2-тарау. «Орыс әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Орыс әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны

4. «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нәтижелер түріндегі сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады: дағды немесе білік, білім немесе түсінік.
6. Әрбір бөлімше ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары, мұғалімдерге өз жұмыстарын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
7. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: «Түсіну және мәтін бойынша жауаптар», «Мәтінді талдау және интерпретациялау», «Бағалау және салыстырмалы талдау».
8. «Түсіну және мәтін бойынша жауаптар» келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) терминдерді түсіну;
2) көркемдік шығарманы түсіну;
3) жатқа оқу және цитата келтіру;
4) жоспар құру;
5) мазмұндау;
6) сұрақтарға жауаптар.
9. «Мәтінді талдау және интерпретациялау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жанр;
2) тақырып және идея;
3) композиция;
4) эпизодттарды талдау;
5) кейіпкерлерге мінездеме;
6) түрлі түсінік формасындағы шығарманың көркемдік әлемі;
7) автордың қатынасы;
8) әдебиеттік тәсілдер және бейнелеу құралдары;
9) шығармашылық хат.
10. «Бағалау және салыстырмалы талдау» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркемдік туындыны бағалау;
2) көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру;
3) әдебиет туындыларын салғастыру;
4) пікірді бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет