Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «География» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет174/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   246
74-132

3-тарау. «География» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)


1-параграф. «География» оқу пәнінің мазмұны

19. «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


10-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 108 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
20. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
21. Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер білім, білік, түсінік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген.
22. «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі «Жалпы географиялық әдістер» бөлімшесінен тұрады
23. «Картография және геоинформатика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) картография;
2) геоинформатика негіздері.
24. «Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) табиғатты пайдалану;
2) геоэкологиялық зерттеу негіздері.
25. «Геоэкономика» бөлімі «Геоэкономика негіздері» бөлімшесінен тұрады.
26. «Геосаясат» бөлімі «Геосаясат негіздері» бөлімшесінен тұрады.
27. «Елтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) дүниежүзі аймақтары;
2) елдерді салыстыру әдістемесі.
28. «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі «Ғаламдық проблемаларды шешу» бөлімшесінен тұрады.
29. 10-сыныпқа арналған География» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Географиялық зерттеу әдістері». Жалпы географиялық әдістер; зерттеу әдістерінің түрлері;
2) «Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
3) «Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалану түрлері. табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау; табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары, экологиялық таза өндірістерді жобалау; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі, геосфералардың ластануы, геоэкологиялық аудандастыру; гоэкологиядағы антропогендік факторлар; ғаламдық экологиялық проблемалар, экологиядағы инновациялық технологиялар; Қазақстанның экологиялық проблемалары,
4) «Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары; дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы; дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері; экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе; Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер;
5) «Геосаясат». Геосаясат негіздері; геосаясаттың өзектілігі; дүниежүзінің геосаяси кеңістігі; геосаясат және географиялық факторлар; мемлекеттік аумақтың морфологиясы; мемлекеттік шекара;
6) «Елтану». Дүниежүзі аймақтары; кешенді географиялық аудандастыру; дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері; салыстырмалы елтану;
7) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері.
30. 11-сыныпқа арналған География» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Географиялық зерттеу әдістері». Жалпыгеографиялық әдістер; географиялық зерттеулердің өзекті әдістері;
2) «Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; геоақпараттық жүйелер; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
3) «Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалануды реттеу, табиғатты қорғау шаралары; табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі; қоршаған ортаның сапасы; геоэкологиялық жобалау;
4) «Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті; геоэкономикалық даму стратегиялары;
5) «Геосаясат». Геосаясат негіздері; заманауи геосаяси процестер; Қазақстанның геосаяси жағдайы; Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі; Қазақстанның геосаяси интеграциясы;
6) «Елтану». Дүниежүзі аймақтары; дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың қолданбалы аспектілері; дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны; елдері салыстыру әдістері; дүниежүзі елдерінің салыстырмалы көрсеткіштері; дүниежүзі елдерін халықаралық салыстырулардағы Қазақстанның орны; өмір сүру деңгейін жоғарлатудағы азаматтың рөлі; қолданбалы елтану;
7) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемаларды шешу жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет