1-параграф. «Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны
24. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10- сыныпта –аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11- сыныпта –аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
25. Құқық негіздері» оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
26. Оқу пәнінің білім мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) Мемлекет және құқық;
2) Жария құқық;
3) Жеке құқық;
4) Іс жүргізу құқығының негіздері;
5) Халықаралық құқық.
27. «Мемлекет және құқық» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар;
2) Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам;
3) Адам құқықтары түсінігі;
4) Сот төрелігінің қағидаттары. Құқық қорғау органдары.
28. «Жария құқық» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі;
2) Әкімшілік құқық жүйесі;
3) Экологиялық құқық негіздері;
4) Қылмыстық құқық жүйесі;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі.
29. «Жеке құқық» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары;
2) Тұтынушылар құқығы туралы заңнама;
3) Отбасы құқығы жүйесі;
4) Еңбек құқығы жүйесі.
30. «Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері;
2) Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері;
3) Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері.
31. «Халықаралық құқық» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Халықаралық жария құқығы;
2) Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы.
32. «Мемлекет және құқық» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде;
2) Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы;
3) Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау;
4) Сот жүйесі.
33. «Жария құқық» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау ;
2) Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері;
3) Жер құқығы негіздері;
4) Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері;
5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
34. «Жеке құқық» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері;
2) Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы;
3) Авторлық құқық негіздері;
4) Отбасы құқығының институттары;
5) Еңбек құқығының базалық нормалары.
35. «Іс жүргізу құқығының негіздері» бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары;
2) Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары;
3) Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары.
36. «Халықаралық құқық» бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
37. Оқыту мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
38. 10 - сыныпқа арналған «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) Мемлекет және құқық: Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар.Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Құқық жүйесі: саласы, құқықтық институт, құқықтық норма. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі: құқықтық нормаларды шығарушы және құқық субъектісі ретінде. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам.Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары. Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары.Адам құқықтары түсінігі. Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Сот төрелігінің қағидаттары. Құқық қорғау органдары.Сот төрелігінің қағидаттары. Қазақстан Респбликасының құқық қорғау органдары: ішкі істер министирлігі, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары.
2) Жария құқық. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі.Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары: Президент, Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі, Конституциялық кеңес, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.Әкімшілік құқық жүйесі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі: салалық және аймақтық басқару. Экологиялық құқық негіздері. Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны.Қылмыстық құқық жүйесі. Қылмыстық құқықтың мазмұны мен құрылымы. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы ҚР заңы. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы стратегиясы.
3) Жеке құқық.
Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары. Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері. Азаматтық құқықтың объектілері. Мәміле түсінігі және оның түрлері. Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы. Міндеттемелік құқық.Тұтынушылар құқығы туралы заңнама.Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі. Отбасы құқығы жүйесі.Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі.Еңбек құқығы жүйесі. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі.
4) Іс жүргізу құқығының негіздері. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері. Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары. Қылмыстық процесс субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері: қылмыстық процестегі субъектілердің функционалдық рөлдері. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері. Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары. Азаматтық процесстің субъектілері.Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері. Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары.
5) Халықаралық құқық. Халықаралық жария құқығы.Халықаралық жария құқығы түсінігі. Негізгі мемлекет субъектілері, халықаралық ұйымдар. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы.Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары.
38. 11-сыныпқа арналған «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) Мемлекет және құқық.
Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде.Заң шығару жүйесі: құқықтық актілердің құрылымы мен заң шығарудың кезеңдері. Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде.Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы.Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы. Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау. Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция: жасөспірімнің құқығын қорғау. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы. Сот жүйесі. Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі.
2) Жария құқық. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау. Қазақстан Республикасының азаматтылығы. «Қан құқығы» және «Топырақ құқығы» қағидаттары. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы. Сайлаушы, сайлау коммиссиясы, бақылаушы.Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Жер құқығы негіздері. Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Жер және жер қойнауы түсініктерінің заңды айырмашылықтары.Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері. Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік.
3) Жеке құқық.
Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері. Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Мұрагерлік құқық. Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы. Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Авторлық құқық негіздері. Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Отбасы құқығының институттары. Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері. Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Еңбек құқығының базалық нормалары. Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері. Еңбек дауларының қаралуы.
4) Іс жүргізу құқығының негіздері.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары. Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу. Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары. Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар. Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері.
5) Халықаралық құқық: Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі. Қазақстан халықаралық ұйымдардың қатысушысы. Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы.
2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)
40. Оқу мақсаттарын қолдануға ыңғайлы болу үшін бағдарламада кодтау енгізілген. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім мен бөлімді, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.2 кодында: «10» - сынып, «2.1» - бөлім және кіші бөлім, «2» - оқу мақсатының нөмірленуі.
1) Мемлекет және құқық:
Білім алушылар:
|
10-сынып
|
11-сынып
|
10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру
|
11.1.1.1 нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау
|
10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу
|
11.1.1.2 нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу
|
10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт)
|
11.1.1.3 заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру
|
10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау
|
11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру
|
|
11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау
|
10.1.2.1 құқықтық мемлекет принциптерін айқындау
|
11.1.2.1 Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру
|
10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
|
11.1.2.2 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру
|
10.1.2.3 конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату
|
11.1.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалау (Үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар)
|
10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
|
|
10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру
|
11.1.3.1 нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру
|
10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени)
|
11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқалардың) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
|
10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт)
|
11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
|
|
11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
|
10.1.4.1 сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру
|
11.1.4.1 сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету
|
10.1.4.2 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
|
11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету
|
2) жария құқық:
Білім алушылар:
|
10-сынып
|
11-сынып
|
10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру
|
11.2.1.1 азаматтық ұғымын ашып көрсету
|
10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар)
|
11.2.1.2 қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
|
11.2.1.3 Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
|
10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру
|
11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау
|
10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
|
11.2.3.1 жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
|
10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
|
11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату
|
10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау
|
11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау
|
10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру
|
|
10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау
|
|
10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау
|
|
10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау
|
|
10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау
|
|
10.2.5.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру
|
11.2.5.1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату
|
10.2.5.2 нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану
|
11.2.5.2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
|
3) жеке құқық:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер)
|
11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру
|
10.3.1.2 азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау
|
11.3.1.3 мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру
|
10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу
|
11.3.1.4 заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату
|
10.3.1.5 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау
|
|
10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру
|
|
10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру
|
|
10.3.1.8 құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру
|
|
10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу
|
|
10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау
|
|
10.3.2.1 Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
|
11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру
|
10.3.2.2 заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
|
11.3.2.2 нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау
|
10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы»)
|
11.3.3.1 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
|
10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
|
11.3.3.2 авторлық құқық саласында нақты жағдаятты шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
|
10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу
|
|
10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру
|
11.3.4.1 отбасын отбасы құқығының институты ретінде айқындау
|
10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын жүзеге асыруды зерттеу
|
11.3.4.2 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
|
11.3.4.3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау
|
|
11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
|
|
11.3.5.1 еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау
|
|
11.3.5.2 кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу
|
|
11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
|
4) іс жүргізу құқығының негіздері:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру
|
11.4.1.1 қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру
|
10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату
|
11.4.1.2 кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау
|
10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету
|
11.4.1.3 Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау
|
10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау
|
11.4.2.1 талап қою шарттарын түсіндіру
|
10.4.2.2 азаматтық процестің субъектілерін ажырату
|
11.4.2.2 талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру
|
10.4.2.3 кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау
|
11.4.2.3 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету
|
10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру
|
11.4.3.1 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу
|
10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау
|
11.4.3.2 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету
|
халықаралық құқық:
10-сынып
|
11-сынып
|
10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар салаларын анықтау
|
11.5.1.1 Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру
|
10.5.2.1 қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау
|
11.5.1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу
|
41. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
42. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады(төмендетілген оқу жүктемесімен).
Достарыңызбен бөлісу: |